Аңдатпа:
Мақалада қашықтықтан банк қызметтерін көрсету саласын дамыту мәселелері қарастырылған. Осы жүйені енгізіп, қолдау арқылы болашақта банк қызметтері секторын дамыта отырып, банк сатылымдарының әдеттегідей арналарын қашықтықтан ұйымдастырылатындарға ауыстыру мүмкіндігі туындайды. Авторлар жалпы қашықтықтан банк қызметтерін көрсету ұғымының мән-мағынасын ашып, тарату арналарына қатысты оның негізгі түрлерін анықтаған. Шет елдерінде кеңінен тараған қашықтықтан банк қызметтері нарығының бағалауы жасалып, осы саланы дамытуда орын алатын ерекше үдерістері мен проблемаларын сипаттайтын негізгі тенденциялары белгіленген.
Журналдың шыққан жылы:
2017
Журнал нөмірі:
1(65)
Тақырып: Экономикалық ғылымдар
Түйінді сөздер: банк, банк-клиент, банктiк өнiмдер, дистанциялық банктiк қызмет ету, интернет- банкинг, мобилді-банкинг