Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: мәдениаралық қарым-қатынас.

Нәтижелер саны: 7


Студенттерге шет тілін оқытудың мәні туралы Мақала
Аңдатпа:

Мақала шет тілін оқыту мәселелерін, оның құрылымын түсінудің негізгі тәсілдерін зерттеуге арналған. Осыған байланысты шет тілдік білім беруді дамыту, шет тілдерін оқыту әдістері туралы ғылыми полемикаға талдау жүргізілген. Авторлар шет тілдерін оқытудың стратегиялық мақсаты - студенттердің «екінші тілдік тұлға» қасиеттерін дамыту екендігін негіздейді. Осыған байланысты «екінші тілдік тұлға» ұғымы мен құзыреттіліктің арасындағы байланыс - шет тілдік жәнемәдениаралық-коммуникативтітұлға айқындалған.

Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 1(77)

Ұлттық мінез және оның мәдениаралық коммуникациядағы орны
Аңдатпа:

Аталмыш мақалада ұлттық мінез түсінігі жан-жақты қарастырылып, оның лингвистикадағы, жалпы қоғамдағы мазмұны, орны айқындалады. Сондай-ақ ұлттық бейнемізді ашатын түрлі тілдік бірліктермен байланысы ашылып, ұлт өміріндегі маңызы алға тартылады. Осыларды негізге ала отырыа ұлттық мінездің мәдениаралық қарым-қатынастағы орны, рөлі анықталады.

Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 3(63)

Тұлғааралық қарым-қатынас жасөспірім жаста жеке тұлғаны қалыптастыруға әсері
Аңдатпа:

Мақалада жұмыс істеуі үшін жеке тұлғаның әлеуметтік бірлік қажет қарым-қатынас белгілі бір салаларында және ортада қарым-қатынас, оның тиісті жас ерекшеліктеріне, табиғи қажеттіліктеріне, жалпы қабылданған нормаларға, ережелерге және қоғамдық стереотипам мінез-құлық туралы айтылған.

Журналдың шыққан жылы: 2017
Журнал нөмірі: 2(66)

21 ғасырда жаһандық тұлғааралық қарым-қатынас жолдары
Аңдатпа:

Ұсынылған мақалада ғаламдық ақпараттандыру контексінде интернетке қосылу арқылы адам арасындағы қарым-қатынастың көп өлшемді әдістерін қарастырады. Сондай-ақ, қоғамдағы әлеуметтік және мәдени өзгерістердің, құндылықтардың таралуының үрдісі, интернетте таратылатын бұқаралық ақпараттың барлық байланыстарын коммерциализациялау үрдістері атап өтілді.

Журналдың шыққан жылы: 2017
Журнал нөмірі: 3(67)

Қызметкерлердің кәсіби қарым-қатынасы адам ресурстарын дамытудың бір элементі ретінде
Аңдатпа:

Бұл мақалада персоналды дамыту элементтерінің бірі ретінде кәсіби кадрлармен байланыстың теориялық аспектілері талқыланады

Журналдың шыққан жылы: 2018
Журнал нөмірі: 2(70)

Шет тілін оқытуда лингвоелтанымдық реалийлерді қолдану мәселесіне
Аңдатпа:

Мақалада ұлттық дүниетаныммен, әлеуметтік-мәдени жолмен анықталған елтанымдық сипаттамаларды зерттеумен ажырамас байланыста шет тілін оқыту үдерісінде қолданылатын лингвоелтанымдық тәсілді өзектендіру мәселесі қарастырылады. Қазіргі әдістемелік зерттеулер шет тілін оқытуда лингвоелтанымдық тәсілге негізделген. Сонымен қатар елтану компоненті бар лексика, зерттелетін тілдің, оның тарихының, әдебиеті, ғылымы, өнерінің, сондай-ақ салт-дәстүрлері мен әдет- ғұрыптарының ел өмірінің әртүрлі аспектілеріне әсер ететін елтану мәліметтері ерекшеленеді. Лингвоелтанымдық аспект тақырып мазмұнын байытуға ықпал етеді, сондықтан авторлар басқа мәдениетке және оның тұтынушыларына нақты қол жеткізу тәсілдерін қолдана отырып, шет тілін оқытуда сапалы нәтижелерге қол жеткізуге болатынына баса назар аударады. Шет тілін оқыту үдерісі үшін жоғары деңгейдегі елдік және коммуникативтік құндылыққа ие тілдік материалды талдау. Шет тілін оқытудың негізгі мақсаты – оқушының жеке тұлғасын дамытатын тіл елінің мәдениетін оқытумен тығыз байланысты, бұл ұлттық мәдениеттің мазмұнына кіретін мәдениетаралық қарым-қатынасқа қатысуға және оны өз бетінше жетілдіруге, оқу үдерісінде елдің болмысы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері туралы материалды қолдануға, сөйлеу актілеріндегі коммуникативті мінез-құлық, вербалды және вербалды емес мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады. Зерттеу барысында сипаттама әдісі, жүйелеу, талдау жасаудың әдіс-тәсілдері қолданылды. Оқушылардың лингвоелтанымдық құзыреттілігі, оны қалыптастырудың тиімділігі тілді меңгеру деңгейіне байланысты. Оқу үдерісінде лингвоелтанымдық реалияларды енгізу оқытуды жандандырудың маңызды элементі болып табылады, өйткені шет тілін оқи отырып, оқушы осы тілдің тілдік кодының негізінде жатқан елдің дүниетанымымен танысады. Мақала авторлары лингвоелтанымдық материалдар оқушыларғаоқытылатын тіл елі мәдениетінің құндылықтарын түсінуге, шет тілін үйренуде мәдениетаралық құзыреттіліктерді дамытуға көмектеседі деп қорытады. Оқытылатын лексиканың ұлттық-мәдени семантикасына және лингвоелтанымдық мәтіндерді қолдануға назар аударуды көздейтін шет тілін оқытудың елтанымдық бағытталған әдістемесін қалыптастыру тілді халықтың мәдениетімен тығыз байланыста меңгеруді қамтамасыз етеді, оған елдің тарихы, әдебиеті, сәулеті, өмірі, өмір салты және дәстүрлері туралы әртүрлі танымдық ақпарат кіреді.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Педагогикалық қарым-қатынастағы толеранттық
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: Бұл мақалада кәсіби қарым қатынасты толеранттықпен жетілдіру қажеттілігі бастауыш, орта және жоғары білім беретін оқытушылардың психологиялық-педагогикалық біліктілігін арттыру міндетін, олардың кәсіби құзыреттілігін педагогика, психология, акмеологияның заманауи жетістіктері саласында қарым-қатынасын арттыру ретінде анықтайды. Мақсаты:Тыңдаушылар үшін біліктілікті жетілдіру мен білім құру жолдары арқылы шешуді қарастырады. Осы орайда, оларда жаңа жеке ресурстардың анықталуы жағдайында және заманауи педагогтың кәсіби қарым қатынасының өсуінде тиімді стратегияларды құру мақсатында оларды неғұрлым тиімді пайдалану сөз болады. Әдістері: Акмеологиялық жобалау өмірдің стратегиясымен, мінез-құлық немесе кәсіби қарым қатынасының жетілдірудің анықтамасымен байланысты жеке жұмыс үшін қолданылатыны кеңінен ашылған. Акмеологиялық кеңес беру – бұл педагогтардың кәсіби қызметтердің қарым қатынас шыңына жетуге көмек көрсетеді. Қарым-қатынас бірлескен жұмысты ұйымдастыруға, жоспар құруға және оны талқылауға және оларды жүзеге асыруға көмектеседі. Нәтижелері және олардың маңыздылығы: Адамдардың қарым-қатынасының мақсаты өсуде: дүние туралы білім алу және жеткізу, оқыту және тәрбиелеу, бірлескен іс-әрекеттегі адамдардың психикалық әрекеттерін үйлестіру, жеке және іскерлік қарым-қатынастарды анықтау және орнату кеңінен талдау жасаланған.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі: