Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: национальная культура

Нәтижелер саны: 3


Дәрілік өсімдіктердің каллусын зертханалық жағдайда алу мәселесі
Аңдатпа:

Мақалада Қазақстанда кездесетін дәрілік өсімдіктердің каллусын зертханалық жағдайда алу мәселесі қарастырылған. Жүргізілген жұмыс барысында каллустарды алу үшін сыртқы орта факторлары мен тиімді жағдайлар анықталды.

Журналдың шыққан жылы: 2017
Журнал нөмірі: 4(68)

Тыныс алу органдарының аурулары кезіндегі патогендік микрофлораны бактериологиялық зерттеу
Аңдатпа:

Пульмонологиялық науқастарды микробиологиялық зерттеудің негізгі міндеті – терапияны анықтау және оның тиімділігін бақылау мақсатында созылмалы аурудың жедел және өршу этиологиясын анықтау болып табылады. Микробиологиялық зерттеудің классикалық әдістері: биохимиялық, антигендік және басқа белгілермен анықталатын патогеннің таза өсіндісін бөлу. Мұндай зерттеулер көп сатылы, бастапқы материалдың сапасына, оны тасымалдау мерзімі мен жағдайларына, зертханалық жабдыққа және зерттеу әдістемесін кемінде 3-5 күн ішінде нақты орындауға қатаң талаптар қояды. Бірқатар қоздырғыштардың (атипті жасушаішілік микрофлораның, анаэробты бактериялардың, туберкулез микобактерияларының) культурасын бөліп алу арнайы құралдар мен жабдықтарды қолдана отырып, одан да ұзақ зерттеулерді қажет етеді. Бұл мақалада 2017-2019 жылдардағы Павлодар облысы Шарбақты ауданы тұрғындарының тыныс алу органдарының аурулары кезіндегі патогенді микрофлораны бактериологиялық зерттеудің нәтижелері келтірілген, олар келесі реттілікті қамтиды: жергілікті және Грамм әдісі бойынша боялған жағындылардың микроскопиясы; қоздырғышты бөлу және сәйкестендіру үшін қоректік ортаға биологиялық материалды себу; бөлінген микроағзаның антибиотиктерге сезімталдығын анықтау; микробиологиялық текті антигендерді, сондай-ақ науқастың ағзасындағы оларға антиденелерді анықтауға бағытталған иммунологиялық (серологиялық) зерттеу әдістері. Нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес бактериологиялық зерттеулер жүргізу емделушілерді оңтайлы емдеу үшін де, патогендік микрофлорадан туындаған тыныс алу жүйесі ауруларының пайда болуы мен таралуын барлау бойынша деректерді жинау және талдау үшін де қажетті сенімді және салыстырмалы нәтижелер алуға мүмкіндік беретіні көрсетілген.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Павлодар қаласының сауда орындарынан алынған қымыздың микробиологиялық көрсеткіштерін салыстырмалы түрде зерттеу
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: Адамның денсаулығы мен ұзақ өмір сүруінің негізгі кілті - органикалық таза тамақ өнімдері мен сусындарды пайдалану. Семіздікке қарсы алдын-алу және диеталық терапияға ерекше назар аударылады, қант диабеті, туберкулез, асқазан жарасы, жүрек-тамыр және әртүрлі жүйке аурулары, жүрек ишемиясы және гипертония, яғни метаболикалық бұзылулармен байланысты аурулар.Қымыздың адам тамағының диеталық сапасын арттырудағы рөлі өте маңызды. Өйткені олардың құрамында ағзада синтезделмейтін көптеген маңызды заттар бар.Бұл халықтың денсаулығын сақтаудың ең қарапайым және тиімді әдісі. Мақсаты: Павлодар қаласының сауда орындарындарынан алынған қымыздың микробиологиялық көрсеткіштерін салыстырмалы түрде зерттей отырып адам денсаулығына пайдалы қымызды таңдау: қымыздың құрамы мен тағамдық құндылығын зерттеу; Павлодар қаласы сауда орындарындағы қымыздың органолептикалық қасиеттерін зерттеу; қымыздан бөлінген микроорганизмдердің культуралық және морфологиялық қасиеттерін зерттеу. Әдістері: Қымыздың оргоналептикалық, физико-химиялық көрсеткіштерін және қымыздан бөлінген микроорганизмдердің культурасын және морфологиялық қасиеттерін классикалық әдістерді қолдана отырып зерттедік. Зерттеу циклі бiрнеше өзара байланысты кезеңдерден тұрады. Бірінші кезенде ұлттық қышқыл сүт сусындарынан органолептикалық, физико-химиялық көрсеткіштері анықталып келесіде, микроорганизмдер бөлу жүргiзiледi. Қымыз ұлттық қышқыл сүт сусыны пайдаланды. Бұдан әрі бөлінген микроорганизмдердiң культуралық және морфологиялық қасиеттері зерттеледі. Бие сүтін қымызға ашыту бірқатар микроорганизмдердің әсерінен жүреді, олардың арасында сүт қышқылды бактериялары (таяқшалар) және қымыз ашытқысы маңызды рөл атқарады сол ашытқылар «Сүт» АҚ кәсіпорын лабораториясында зерттелді. Осы микроорганизмдердің тіршілік әрекетінің арқасында сүтте сүт қышқылы, көмірқышқыл газы, шарап спирті және хош иісті заттар пайда болады, олардың болуы қымыздың диеталық қасиеттерін, оның ерекше дәмі мен хош иісін анықтайды. Сүт қышқылы бактериялары қышқыл, ал ашытқы – алкогольді ашыту өнімдері.Алайда қымыз микрофлорасы тек гигиеналық жағдайларды қатаң сақтай отырып, таза дақылдарда дайындалған жағдайда ғана сүт қышқылды бактериялармен және ашытқылармен шектеледі. Қымыз жасау кезінде сүтке басқа микроорганизмдер де енеді, олардың арасында стрептококктар да бар. Стрептококктардың рөлі сүт қышқылы бактерияларының рөліне ұқсас - олар сонымен қатар жақсы қышқыл түзушілер болып табылады, ал төмен температурада олар тіпті таяқшалардан да асып түседі. Нәтижелері және олардың маңыздылығы: Бұл ғылыми жұмыста біз Баянауыл және Шарбақты қымыздарының микробиологиялық көрсеткіштерін зерттедік. Зерттеу сонында Баянауыл қымызының қышқылдығы жоғары және барлық стандарттарға сай екенін қорытындай келе сол қымызды тұтынуға ұсынамыз

Журналдың шыққан жылы: 2022
Журнал нөмірі: 2(86)