Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: роман

Нәтижелер саны: 5


Уильям Теккерейдің “Ярмарка тщеславия” шығармасындағы кейiпкерлер номинациясындағы авторлық стратегия
Аңдатпа:

Мақала У. Теккерейдiң “Ярмарка тщеславия” романындағы автордың жалқы есімдерді (антропонимдерді) қолдану стратегиясына арналған. Бұл есімдер автордың өз кейiпкерлерiне деген қарым-қатынасы ретінде қарастырылады.

Журналдың шыққан жылы: 2014
Журнал нөмірі: 1(53)

Иудей имаготипі: Вальтер Скоттан бастап Николай Гогольге дейін
Аңдатпа:

Компаративистика – имагологияның ең жаңа салаларының бірін зерттеудің жаңа әдістерін қолдана отырып, мақала авторы В. Скоттың «Айвенго» романындағы және Н. Гогольдің «Тарас Бульба» повесіндегі иудей имаготиптерінің тарихи, мәдениеттанымдық, әлеуметтік және психологиялық аспектілерін зерттейді.

Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Детектив ерекше әдеби жанр ретінде
Аңдатпа:

Мақалада «бұқаралық әдебиеттің» ерекше таралуына ие және бірегей болып табылатын детективтік әдебиеттің жанрлық ерекшелігін анықтауға байланысты әдебиеттанудың өзекті мәселелері қарастырылады; ХХІ ғасырдың екінші онжылдығында «гибридті формалар» алатын детективтік роман жанрының өзгеру процестері назарға алынады. Автор жанр тарихының сұрақтарын көтерді, оның морфологиясы талданады, байланыстық және типологиялық ұқсастықтарын зерттейді, әдебиеттанудың ғана емес, лингвистиканың да, «детектив» пәні болып табылатын «жанр»айқын анықтамасы берілді. Мақалада қазіргі детективтің даму жолдары, оның негізгі жанр жасаушы белгілері, құрылымдық, композициялық және сюжеттік ерекшеліктері көрсетіледі.

Журналдың шыққан жылы: 2018
Журнал нөмірі: 2(70)

Қазақстан Республикасында нанотехнологияны дамытудың жай-күйі мен перспективалары
Аңдатпа:

Нанотехнология – теориялық негіздемесі, зерттеудің тәжірибелік әдістемесі, талдау және синтездің, сондай-ақ жеке атомдар мен молекулалардың бақыланатын манипуляциясы арқылы атом құрылымы бар өнімдерді өндіру және қолдану әдістері жиынтығынан тұратын іргелі және қолданбалы ғылым мен техниканың саласы. Қазақстан Республикасы Президенті Ұлт көшбасшысының Қазақстан халқына Жолдауында – «Қазақстан-2050» мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясында Н.А. Назарбаев алдына 10 мақсатты көздеген, оның бірі – Қазақстанның үшінші индустриалды революцияға көшуі. Нанотехнология – бұл өнеркәсіптік революцияның салаларының бірі. Бүгінгі әлемде, соңғы бірнеше жылда, нанотехнология қарқынды дамуда. Нанотехнологияның ерекшелігі шексіз салада пайдалану мүмкіндігі болып отыр, сондықтан олар экономиканың мүлдем жаңа технологиялық құрылымы үшін негіз бола алады. Сондықтан оның дамуы елдегі ғылымның аса маңызды саласы болып саналады. Нанотехнология өнімдерін пайдалану, шикізат пен энергия тұтынуда үнемдеуге шығарындыларды қысқарту және соның салдары ретінде, тұрақты экономикалық дамуына ықпал ететін болады.

Журналдың шыққан жылы: 2018
Журнал нөмірі: 4(72)

Қазақстандағы әдеби процесс: қазіргі заманғы интерпретация
Аңдатпа:

Мақалада Қазақстанның заманауи әдеби процесінің негізгі бағыттары дамуына талдау жасау арқылы эпикалық жанрдағы романдар, повестер, новеллалардың көркем мүмкіндіктерін көрсететін зерттеулерге шолу жүргізілген. Тәуелсіздік кезеңіндегі әдеби ренессанс толқынында жарияланған шығармаларға талдау жасалған. Автор қазіргі заманғы әдебиеттегі философиялық көкжиекпен, архетипикалық символдар және жанрлық трансформацияны қайта талдауларға пайымдау жасайды. Бұл мақалада соңғы екі онжылдықта жарық көрген шығармалардың этникалық ерекшелігін, ұлттық татулық аспектілерін қарастырады. Қазіргі заманғы жеке жұмыстар мен қазіргі сын саласы бойынша циклдарға әдеби және сыни бағалау тұрғысынан шолу жүргізілген. Белгіленген тақырыптық ерекшеліктері, жанрлық «рулық ойлау» типологиялық ерекшеліктері, тарихи прозадағы контекст мәселелері айқындалады. Автор ұлттық болмыстан жасанды түрде ығыстырылған әдебиетті әрі оның ұлттық тарихтың ескірген тұжырымдамасын қайта қарау арқылы танымал тарихи романдардың ұлттық рухтың метафизикасына көрсететін феноменін ашады.

Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 3(75)