Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: салт-дәстүр

Нәтижелер саны: 3


Урбанизацияның этномәдени үрдістерге тигізетін әсері
Аңдатпа:

Мақалада урбанизация жағдайында дәстүрлі әлеуметтік-мәдени құңдылықтар қарастырылады, этномәдени үрдістердің даму тенденциялары сипатталады. Жүргізілген лингвистикалық және әлеуметтік зерттеу негізінде салт-дәстүр элементтерін сақтау ерекшеліктеріне талдау жасалады, этномәдени бағыттар және ұлттық мәдениеттің жеке элементтерін білу деңгейі анықталады. Автор антротопоним және басқа да жалқы есімдердің урбанонимдер – тарихи, қоғамдық, саяси және мәдени өзгерістер жіктемесіне өтуін қарастырған. Бұл үрдіс тарихи, қоғамдық, саясатты және мәдени түрлендіру болып табылады. Урбанонимдер жалқы есімдерге жатады, тіларалық коммуникацияда, шетел тілдерін үйренуде және шет тілінен аударуда тірек нүктесі болып табылады. Олар белгілі бір тарихи дәуірді сипаттап, қаланың даму тарихын қадағалауға көмектеседі, құнды лингвистикалық және елтану ақпаратының көзі болып табылады. Қазақ, орыс, ағылшын халықтары материалында (көшелердің атауы) әр түрлі урбанонимдердің пайда болуы мысалдар арқылы қарастырылған.

Автор: Н. Сеитова
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі адам мінез-құлқын табиғатпен салыстырудың этнолингвистикалық мәні
Аңдатпа:

Қоғамда тіл байлығын дамытып, сөйлеу мәнерін жетілдіріп, өзін тұлға ретінде қалыптастыруда адам баласы жан-жағымен көптеп қарым-қатынасқа түсетіні белгілі. Сондықтан да олар әр халықтың ерекшелігіне байланысты өсіп-өрбіп, сол халықтың ғасырлар бойы жинаған құндылығының бірі болып табылады. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі адам мінез-құлқын табиғатпен салыстыру әр ұлттың өзіне ғана тән рухани өмірін суреттейді. Яғни, қос тілдегі ұлттық сезім, ұлттық мінез, ұлттық салт-дәстүр негізін айқындайды. Қазақ және ағылшын ұлттарының мәдениеті мен тілінде ерекше орын алатын, мәні мен мазмұны өшпес құндылықтарын табиғат арқылы салыстырудың жолдарын талдау, сипаттама беру. Мұнда халықтың мәдени-тарихи өмірі, халықтың дәстүрлі өмір тәжірибесінің ұлттың рухани құндылығы, парасаттылық өлшемі, ізгілігі жатыр. Мақалада ағылшын және қазақ тілдеріндегі адам мінез-құлқын табиғат арқылы салыстырудың этнолингвистикалық астары сипатталған. Лингвомәдениеттану мен когнитивтік лингвистикада кездесетін этностардың сана-сезімінде қалыптасқан мінез-құлық ұғымы жан-жақты зерттелген. Сонымен қатар авторлар қостілдегі мінез-құлық ұғымының анықтамасын негізге ала отырып, мінез-құлық көріністері мен ұлттық сана, ұлттық ойлау жүйесіне, наным-сенімдерге, көзқарастарға сипаттама берген. Туыс емес қазақ, ағылшын халықтарының мінез-құлқының қалыптасуы олардың географиялық ортасы, көшпелілік тұрмыс-салты, өмір сүру тәртібіне қарай байланысты екенін атап көрсеткен. Аталмыш зерттеу төңірегіндегі екі тілдегі фразеологиялық бірліктер әр ұлтқа тән ерекшеліктерді айқын көрсеткен. Екі халық үшін де табиғат құбылыстарын болжау олардың тұрмыс-тіршілігімен, шаруашылығымен, кәсібімен тығыз байланысты болып, халық өмірінде аса маңызды орын алатындығы көрсетілген.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Шет тілін оқытуда лингвоелтанымдық реалийлерді қолдану мәселесіне
Аңдатпа:

Мақалада ұлттық дүниетаныммен, әлеуметтік-мәдени жолмен анықталған елтанымдық сипаттамаларды зерттеумен ажырамас байланыста шет тілін оқыту үдерісінде қолданылатын лингвоелтанымдық тәсілді өзектендіру мәселесі қарастырылады. Қазіргі әдістемелік зерттеулер шет тілін оқытуда лингвоелтанымдық тәсілге негізделген. Сонымен қатар елтану компоненті бар лексика, зерттелетін тілдің, оның тарихының, әдебиеті, ғылымы, өнерінің, сондай-ақ салт-дәстүрлері мен әдет- ғұрыптарының ел өмірінің әртүрлі аспектілеріне әсер ететін елтану мәліметтері ерекшеленеді. Лингвоелтанымдық аспект тақырып мазмұнын байытуға ықпал етеді, сондықтан авторлар басқа мәдениетке және оның тұтынушыларына нақты қол жеткізу тәсілдерін қолдана отырып, шет тілін оқытуда сапалы нәтижелерге қол жеткізуге болатынына баса назар аударады. Шет тілін оқыту үдерісі үшін жоғары деңгейдегі елдік және коммуникативтік құндылыққа ие тілдік материалды талдау. Шет тілін оқытудың негізгі мақсаты – оқушының жеке тұлғасын дамытатын тіл елінің мәдениетін оқытумен тығыз байланысты, бұл ұлттық мәдениеттің мазмұнына кіретін мәдениетаралық қарым-қатынасқа қатысуға және оны өз бетінше жетілдіруге, оқу үдерісінде елдің болмысы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері туралы материалды қолдануға, сөйлеу актілеріндегі коммуникативті мінез-құлық, вербалды және вербалды емес мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады. Зерттеу барысында сипаттама әдісі, жүйелеу, талдау жасаудың әдіс-тәсілдері қолданылды. Оқушылардың лингвоелтанымдық құзыреттілігі, оны қалыптастырудың тиімділігі тілді меңгеру деңгейіне байланысты. Оқу үдерісінде лингвоелтанымдық реалияларды енгізу оқытуды жандандырудың маңызды элементі болып табылады, өйткені шет тілін оқи отырып, оқушы осы тілдің тілдік кодының негізінде жатқан елдің дүниетанымымен танысады. Мақала авторлары лингвоелтанымдық материалдар оқушыларғаоқытылатын тіл елі мәдениетінің құндылықтарын түсінуге, шет тілін үйренуде мәдениетаралық құзыреттіліктерді дамытуға көмектеседі деп қорытады. Оқытылатын лексиканың ұлттық-мәдени семантикасына және лингвоелтанымдық мәтіндерді қолдануға назар аударуды көздейтін шет тілін оқытудың елтанымдық бағытталған әдістемесін қалыптастыру тілді халықтың мәдениетімен тығыз байланыста меңгеруді қамтамасыз етеді, оған елдің тарихы, әдебиеті, сәулеті, өмірі, өмір салты және дәстүрлері туралы әртүрлі танымдық ақпарат кіреді.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі: