Мақалада азаматтық іс жүргізу, процеске қатысушылар туралы жалпы сипаттама, іске қатысушы тұлғалардың топтастырылуы, олардың іс жүргізуге қатысу тәртібі, сонымен қатар олардың құқықтары мен міндеттері жан-жақты қарастырылған. Азаматтық іс жүргізу - азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру кезінде сот пен процестің басқа да қатысушылары арасында қалыптасатын азаматтық іс жүргізу әрекеттері мен құқықтық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жүйесі. Осы іс жүргізудің басты мақсаты -бұзылған құқықты қалпына келтіру және заңмен қорғалатын мүддені қорғау. Іс жүргізу әрекеттері заңда белгіленген тәртіппен және қатаң ретпен жасалады. Заңда белгіленген тәртіп негізінде процестің барлық сатыларында азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастары туындайды, дамиды және тоқтатылады.
Азаматтық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттері: құқықтық реттеу мәселелері
Аңдатпа:
Журналдың шыққан жылы:
2020
Журнал нөмірі:
1(77)
Тақырып: Құқық