Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: теңіз балдыры

Нәтижелер саны: 5


Каспий теңізінің Солтүстік Абшерон шығанағы балықтарының түр-тұқымдық құрамы мен басым түрлерінің қоректенуі
Аңдатпа:

Каспий теңізінің Солтүстік Абшерон шығанағында 2010-2012 жж аралығында балықты аумен аулау нәтижелерінің талдауы келтірілген, олардың негізінде 8 тұқымдасқа жататын балықтардың 26 түрін (16 теңіз балығының, 10 өтпелі және жартылай өтпелі түрін) қамтитын Каспий теңізі Солтүстік Абшерон шығанағының ихтиофаунасы ұсынылды. Әр тұқымдастың жеке түрлерінің таралу сипаты мен саны туралы қысқаша мәліметтер берілген. Солтүстік бағыттағы теңіз балықтары түрлерінің (Alosa braschnikowi kisselewitschi гасанкулинск майшабағы, A.b.sarensis саринск майшабағы) ареалдарын кеңейту тенденциясы белгіленген.

Журналдың шыққан жылы: 2012
Журнал нөмірі: 4(48)

Қоғамның проблемаларын шешуде жастардың әлеуметтік кәсіпкерлігі
Аңдатпа:

Бұл мақалада азаматтардың бастамашыл топтарының Қазақстан Республикасының экономикасында қолайлы атмосфераны қалыптастырудағы қатысу проблемалары, сондай-ақ осы қызметтің себептері мен салдары талқыланып, әлеуметтік-экономикалық мекеме ретінде жастардың кәсіпкерлігін тұрақты, өзін-өзі қамтамасыз ететін жүйені құру жолдары қарастырылған.

Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 1(73)

Функционалды желе өнімінің биотехнологиялық аспектілері
Аңдатпа:

Бұл мақалада биологиялық белсенді, бифидогендік қасиеттерімен күшті антиоксиданты әсер ететін функционалды өнімді жасау идеясы талқыланады. Авторлар иммобилизацияланған пробиотиктерді қосып, теңіз балдыры мармеладының тұжырымын ұсынады. Тәжірибелік үлгілерде пробиотиктерді енгізудің әртүрлі әдістері қолданылады және олардың дайын өнімдегі өміршеңдігі одан әрі бағаланады. Органолептикалық сипаттамалары бойынша үлгілер жағымдыдәм, иіс, өзіндіктүс, желатинді консистенцияға ие. Жақсы өміршеңдікті гельге енгізу арқылы иммобилизацияланған микроорганизмдер көрсетті

Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 3(75)

Жамбыл облысы жағдайында жайылымдарды пайдаланудың биоэкологиялық негіздері
Аңдатпа:

Негізгі мәселелер: Мал шаруашылығы салаларының жемшөп базасының негізін табиғи жемшөп алқаптары құрайды. Республикадағы азық базасының қазіргі жай-күйін талдау көрсеткендей, жануарлар рационында 80%-ға дейін жайылымдық жемшөп құрайды. Қазақстанның барлық аумағы бойынша 64%-дан астамын жайылымдық жерлер алып жатыр. Жайылымдық жемшөп - бұл жыл сайын жаңартылатын өсімдік ресурсы, оның ықтимал өнімділігі шамамен 23-28 млн. тонна жемшөп бірлігін құрайды. Сонымен бірге, пайдаланушылардың осы ұлттық байлыққа тұтынушылық қатынасы жерлердің азық-түлік әлеуетін төмендетеді (өнімділік төмендейді, шөптің құрамы мен жем сапасы өзгереді, пайдалы өсімдіктер арамшөптермен және улы өсімдіктермен алмастырылады). Осыған байланысты, үлкен қаржы ресурстарын жұмсамай, республиканың топырақ-климаттық аймақтарының ерекшеліктерін ескере отырып, табиғи ресурстарды ұтымды басқару негізінде балама жолдарды іздеу және ауыл шаруашылығы өнімін өндіру технологиясын жетілдіру қажеттігі туындайды. Бәсекеге қабілетті мал шаруашылығы өнімін (етін) өндіру резервтерінің бірі қазіргі уақытта мал жайылым телімдерде жыл бойы мал ұстауды құру болып табылады, өйткені жемшөп тасымалдауға және таратуға жұмсалатын шығындар азаяды. Маусымдық жайылым айналымдарын ұйымдастырумен шалғайдағы мал шаруашылығын жүргізу технологиясы Жамбыл облысының таубөктерлік-дала аймағы жағдайында шалғайдағы учаскелерде мал жаюдың оңтайлы жүктемесі өзекті болып табылады және республиканың мал шаруашылығы саласының сұраныстарын көрсетеді. Мақсаты: Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Кенен ауылы «Батыр» шаруа қожалығы жағдайында жайылымдардың тозу себептерін, оларды қалпына келтіру мүмкіндіктерін зерттеу, шалғайдағы жайылымдарды пайдалану және жайылым ресурстарын ұтымды пайдаланудың ғылыми негізделген тәсілдерін жасау. Әдістер: Термостат-салмақ әдісі, И.В. Тюрин әдісі, Мачигин әдісі, ионометриялық әдіс. Нәтижелер және олардың маңыздылығы: Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Кенен ауылы «Батыр» шаруа қожалығының таубөктерлік-дала аймағында теңіз деңгейінің биіктігіне байланысты топырақ жамылғысы мен жайылымдардың ботаникалық құрамы зерттелінді. Зерттеу жұмысы топырақ - өсімдік - жануарлар - мал шаруашылығы өнімдері жүйесінде жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде Жамбыл облысының таубөктерлік-дала аймақтағы қой шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге жайылымдардың өсімдік жабынының өсімі және өсуі 15-18%-ға дейін қалпына келтіруге және тиімді мал жаю жолымен мал өнімін 12 %-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді.

Автор: Ж.Б. Исаева
Журналдың шыққан жылы: 2022
Журнал нөмірі: 2(86)

Қазақстанның оңтүстік-шығысының тік аймақтылығы жағдайында табиғи жайылымдарды пайдаланудың тиімділігі
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: қазіргі кезде елімізде мал бағудың қарқынды дамыту мен ауыл шаруа шылығы жануарлары нәтижелілігі одан әрі өсуі үшін жеткілікті мөлшерінде арзан құнды жем шөп қажет болып отыр. Елімізде ежелгі заманнан бері табиғи жем шөп алқаптары мал шылық үшін азық өндірудің негізгі көзі болып табылады. Әлемдегі бағындық жерлердің қазіргі жағдайы қанағаттанарлықсыз деп бағаланып отыр. Табиғатты қолданудың теріс факторларының жиынтық әсерінен әлсіз және оңай бүлінетін бағындық жерлер экологиялық жүйелері тозуға ұшырайды. Өсемдіктер мен жер қыртысының азуы, шөлейттену жердің солт. Америкада 28 %, оңт. Америкада 23 %, Африкада 17 % және Австралияда 15 %-ын құрайды. Жемшөп базасының қанағаттанғысыз жай-күйін көбінесе бағындық жерлерді оң пайдаланбайтын фермерлік және шаруа қожалықтарының өздері күрделендіретіндігін, жануарларды жүйе сіз және нормаға сәйкес емес жаюға мүмкіндік береді және сол арқылы өсемдік жамылғысының нәтижелілігінің төмендеуіне, шөптің құрамы мен жем сапасының өзгеріске ұшырауына, арам шөптермен және жеуге болмайтын өсемдіктермен толып кетуіне, кейіннен жер қыртысының жел эрозиясының пайда болуына ықпал ететіндігін атап өткен жөн. Әлемімізде екі миллиард гектар немесе адамзаттың пайдаланатын жерлердің 24 %-ы белгілі бір дәрежеде деградацияға ұшырайды. Ауыл шаруа шылығы дақылдарының шығымдылығын және бағындық жерлердің құнарлылығын төмендету, мал басының және олардың нәтижелілігін азайту, сондай-ақ ауыл шаруа шылығының экспорттық әлеуетін қысқарту жер тозуының негізгі экономикалық салдары болып табылады. Мақсаты: еліміздің оңт.-шығысының тік аймақтылығы жағдайында бағындық жерлердің тозу себептерімен қоса оларды қалпына келтіру мүмкіндіктерін зерттеу, малды жаю әдісін пайдалана отырып бағындық жерлердің ресурстарды дұрыс пайдаланудың ғылыми тәсілдерін әзірлеу. Әдістер: термо стат салмақ әдісі, Тю рин әдісі, Мачи гин әдісі, ионо метриялық әдісі. Нәтижелер және олардың маңыздылығы: оңтүстік шығысының тік аймақтылығы жағдайында Батыр шаруа қожалығының тау бөктірлік дала, тау бөктірлік қуаң дала және тау бөктірлік шөлейт аймағындағы теңіз деңгейінің биіктігіне байланысты бағындық жерлер алуан түрлі, соған орай жер қыртысының жамылғысы мен бағындық жерлердің ботаникалық құрамы зерттелінген болатын. Қойлардың меншікті ауырлылығы зерттеу барысында жаюдың тәсіліне қарай динамикасы бағаланды. Зерттеу жұмысы жер қыртысы өсемдік жануар мал бағу өнімдері жүйесінде жүргізілді.

Автор: Ж.Б. Исаева
Журналдың шыққан жылы: 2022
Журнал нөмірі: 4(88)