Аңдатпа:
Негізгі мәселе: Мақалада бастауыш мектепте шетел тілінде білім беру барысында қолданылатын дәстүрлі және жаңа инновациялық әдістер салыстырылып, әрқайсысының артықшылықтары да, кемшіліктері де сараланады, дәстүрлі әдістердің кемшін жақтарын жаңа әдістер арқылы толықтыру жолдары көрсетіледі.
Қазіргі кезде шетел тілін оқытуда қолданылатын негізгі әдістер қарастырылады. Соңғы жылдары шетел тілдерін оқыту саласында пайда болған жаңа инновациялық әдістер қатарында community language learning / counseling learning («қауымдар» әдісі, «кеңесші» әдісі), сугестопедиялық әдіс, total physical response (физикалық әрекеттерге сүйену әдісі), ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың көмегімен тілді оқыту әдісі, consciousness-raising approach (саналы бағытталған әдіс), task based learning (коммуникативтік тапсырмалар әдісі), neuro-linguistic programming (нейролингвистикалық бағдарламалау), guided discovery (басқарылатын ашылым не жаңалық), test-Teach-test әдісі аталады. Олардың бастауыш сынып оқушысының тілдік құзыреттері мен шығармашылық қабілетінің дамуына әсері қарастырылады.
Авторлар шетел тілдерін оқыту үдерісіндегі қазіргі әдістеменің басты әрі маңызды шарты жасанды шеттілдік орта құру, яғни табиғи тілдік орта қалыптастыру екенін айтады. Соңғы зерттеулерге сүйеніп, «электронды тілдік орта» ұғымына түсініктеме береді. Қазіргі баланың тілі гаджетпен шығып жатқандықтан, бастауыш сынып оқушыларының электронды тілдік ортада өмір сүруі шет тілін үйретудің міндеттерін шешуге мүмкіндік беретіні көрсетіледі.
Мақсаты: Қазіргі заманғы ағылшын тілі сабағында қолданылатын дәстүрлі және заманауи білім беру әдістерін талдау. Оқушынының оқу үдерісінің басты тұлғасы ретінде белсенді болуы, басқа оқушылармен тығыз байланыста жұмыс істей алуы, оқушыға өз физиологиялық, интеллектуалдық, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты өз бетімен жұмыс істеуге мүмкіндік беру жеке, жұппен, топпен, сыныппен және тағы басқа жұмыс түрлерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Аталған оқыту әдістерінің ішінде бұрыннан қолданылып келген әдістер және осы замандық жаңа әдістер қамтылған. Әрбір әдістің өзіне тән ерекшеліктері болады. Сондықтан ағылшын тілін оқыту әдістерін салыстыра сипаттау аса маңызды. Әрбір ескі де, жаңа да әдістің артықшылығы мен кемшілігі болады. Сондықтан ағылшын тілін оқыту әдістемесі әрдайым толықтыруды, жетілдіруді талап етеді. Ендеше олардың оқушылардың дүниетанымын кеңейтуде, танымдық белсенділігін арттырып, білім, біліктерін жетілдіруде маңызы өте зор.
Әдістері: Зерттеу барысында сипаттама әдісі, жүйелеу, талдау, түсіндіру әдістері қолданылды.
Нәтижелер мен олардың маңыздылығы: Мақала авторлары бастауыш сынып білім алушыларының жан-жақты дамуына, сапалы білім алуына, өмірде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуінде ағылшын тілін жақсы менгеруінің маңызы үлкен екендігн айта келіп, қазіргі заманға сай ағылшын тілін тиімді үйретуге мүмкіндік беретін көптеген әдістерді әр мұғалім өзінің шығармашылығын дамыта отырып, озық іс-тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс деп қорытындылайды. Жеке тұлғаның, оның тілдік құзыреттерінің қалыптасуын қамтамасыз ететін деңгейлеп, саралап оқыту, жобалап оқыту, коммуникативті оқыту, ақпаратты-коммуникативтік оқытудың, т.б. жаңа әдістер арқылы оқытудың нәтижелері баланың өз бетімен ізденуіне, өзіндік пікірін анық жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға ретінде қалыптасуына, оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамытуына зор ықпал ететіні сөзсіз.
Журналдың шыққан жылы:
2022
Журнал нөмірі:
1(85)