Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: тұлғаның маңыздануы

Нәтижелер саны: 28


Жасөспірімдердің дамуындағы рухани – адамгершілік мәдениеттің рөлі
Аңдатпа:

Мақала жасөспірім кезеңнің тәрбиесіне арналған, бұл жасөспірім тұлғаның ең тиімді және белсенді түрде қалыптасатын кезеңі. Автор жасөспірімнің дамуына көркемдік білімнің және рухани-адамгершілік мәдениеттің әсер ету мүмкіндіктеріне ерекше назар аударған.

Журналдың шыққан жылы: 2012
Журнал нөмірі: 4(48)

Халық ауыз әдебиеті – тал бесіктің тірегі
Аңдатпа:

Мақалада халық ауыз әдебиетінің үлгілері жинастырылып, қазіргі уақыттың талабына сай олардың адамға қатысты мәселелерді шешудегі рөлі қарастырылған. Жаңа ұрпақты қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі жан дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің жетілуіне жағдай туғызу қажет. Сондықтан баланы сәби кезінен бастап халық ауыз әдебиетімен сусындатып, құлағына құйып өсіру алға қойылады.

Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Білім беру жүйесін жетілдіру кезеңінде мұғалімнің кәсіби дамуының психология-педагогикалық шарттары
Аңдатпа:

Бұл мақалада кәсіптік қызметтің әртүрлі кезеңдеріндегі мұғалімнің кәсіби дамуының негізі мен шарттары ретінде педагогтің кәсіби белсенділігін қамтамасыз ететін, бұл үшін тұлғаның жеке қасиеттері мен ресурстары аясында уәждеме, табыс, өзін-өзі бағалау, өздігінен білім алу сияқты кәсіптік қызметтің маңызды құрастырушылары қарастырылады. Мұғалімнің кәсіби өсуі кезеңін жіктеудің әртүрлі амалдары ұсынылған, педагогтердің тұлғалық өсуі мен шығармашылық өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға арналған жағдайлардың сипаттамасы берілген.

Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 1(61)

Жоғары оқуорнындастуденттердің бағалы құндылықтарын қалыптастыру жолдары
Аңдатпа:

Мақалада автор жоғары оқу орнында студенттердің бағалы құндылықтарын қалыптастыру жолдары қарастырылады. Автордың айтуынша, нақты тұлғаның құндылықтары әлеуметтік орта әсерінен қалыптасады. Студенттердің құңдылықтық бағдарлар арасындағы байланысты психологиялық анықтап олардың иңдивидуалды-психологиялық ерекшеліктерін, интеллектуалды, шығармашылық мүмкіндіктерін, оның қоршаған ортаға деген белсенді қатынасын эксперимент негізінде көрсетті. Нақты мақалада М. Рокичтің «Құндылықтық бағдар» әдісі, С.С. Бубновтың «Тұлғаның құндылықтық бағдарының реалды құрылымының диагностикасы» және Р. Кеттелдің жеке тұлға ерекшеліктерін зерттейтін 16 факторлары әдістеместемелерің негізі ретінде таңдап, студенттердің мәнді құндылықтық бағдарлары кәсіпке бейімделу процесінің психологиялық мазмұнын талдап айқындады. Мақалада зерттеу нәтижелері көрсетілген.

Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 1(61)

Колледж білім алушыларының тұлғааралық қарым – қатынастар тұлға қалыптасуының шарттарының бірі
Аңдатпа:

Мақаланың авторы тұлғааралық қарым-қатыстары тұлға қалыптасуыне әсер етуін көрсетеді. Мақалада колледж оқушыларының баршамен қандай қарым-қатынастарының түрлері басым ететіні туралы жазылған. Сонымен бірге колледж оқушылары ымырасуларға қабілетті, мәселешешу кезінде ынтымақтастық жасауға беиім, ынталы, баршалардың өзіне деген назар аударуы, адамдарға үйір аяным білдіре алатыны, бірақ қолайлы болжамына қарамастан бұл сыртқы бейнесі болатыны көрсетілген.

Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 1(61)

Биология пәні мұғалімдері кәсіби құзыреттілігінің құрылымдары
Аңдатпа:

Мақалада мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі, оның құрылымы мәселесі қарастырылған ғылыми-педагогикалық көздерге талдау жасалған. Құзыреттілік өзара байланысқан мотивация, теориялық білім, тәжірибелік дағды, инетгралды сипаттама ,тұлғаның кәсіби сапасы және рефлексияға негізделген. Биология пән мұғалімінің кәсіби құзыреттілігінде мотивациялы-құндылық, когнитивті-әрекетті және тұлғалы-рефлексті компоненттерін бөліп алады

Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 3(63)

Жеке тұлғаның мінез акцентуациялары
Аңдатпа:

Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасының тарихы бейнеленеді. Мінез кең мағыналы ұғым. Мінездің акцентуациялануы – адамның әрекеті мен істеріңде көрініс беретін мінез ерекшеліктеріне қарағанда жиі басымдылық танытатын, күшті дамыған мінез ерекшеліктері. Акцентуация әрқашанда белгілі бір белгілердің күшеюін ұсынады, сөйтіп жеке тұлғаның бұл белгісі акцентуацияланған болады.Мінез бүкіл өмір бойы қалыптасады. Өмірлік бейнесіне біріккен ойлар, сезімдер мен әрекеттердің бейнелері кіреді. Сондықтан да, адамның белгілі бір өмірлік бейнесінің қалыптасуымен қатар, оның «Мен» деген қасиеттің пайда болуымен анықталады.

Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 4(64)
Түйінді сөздер: Дара, күші, есею, тұйықталған.

Тұлғааралық қарым-қатынас жасөспірім жаста жеке тұлғаны қалыптастыруға әсері
Аңдатпа:

Мақалада жұмыс істеуі үшін жеке тұлғаның әлеуметтік бірлік қажет қарым-қатынас белгілі бір салаларында және ортада қарым-қатынас, оның тиісті жас ерекшеліктеріне, табиғи қажеттіліктеріне, жалпы қабылданған нормаларға, ережелерге және қоғамдық стереотипам мінез-құлық туралы айтылған.

Журналдың шыққан жылы: 2017
Журнал нөмірі: 2(66)

Павлодар қаласы жастырының адамның өзін кінәлі сезінуі мен тұлғаның маңыздануы Ертіс аймығы
Аңдатпа:

Мақалада адамның өзін кінәлі сезінуі мен тұлғаның маңыздануы әсері қарастырылады. Адамның өзін кінәлі сезінуі мен тұлғаның маңыздануы арасындағы қарым-қатынасты анықтау бойынша зерттеу жұмысы жүргізілді және соның негізінде тәжірибе бойынша нәтиже талдауы мен түйіндемелер берілді.

Журналдың шыққан жылы: 2017
Журнал нөмірі: 2(66)

«Алюминий Қазақстан» АҚ монотонды жұмыс жағдайында адамның кәсіби деформациясы
Аңдатпа:

«Аллюминий Қазақстан» АҚ заводында мотоноды жұмыс жағдайында қызметкерлердің кәсіби деформацияларының ерекшеліктері мақалада қарастырылды. Автор адамдардың деформацияларының әртүрлі құрылымдарын, монотонды жұмыс жағдайында кәсіби деформациясымен байланысты мәселелерді қарастырды.

Журналдың шыққан жылы: 2017
Журнал нөмірі: 4(68)

Атаулардың әлеуметтік-құндылық негіздері Астана қаласының көшелері
Аңдатпа:

Біз жүргізген зерттеу оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыруда тарихи- педагогикалық білімді пайдаланудың өзектілігін растады. Ұлттық сана тұлға құрылымының құрамдас элементі болып табылады. Оқушылардың ұлттық ортадағы тілді, нормаларды, дәстүрлерді және басқа да құндылықтарды меңгеруі негізінде қалыптасқан, олар жеке тұлғаның рухани өмірінің құбылыстарына айналады және мінез-құлықтың ішкі реттеушісі ретінде әрекет етеді. Жүргізілген зерттеулер көше атауларының құндылық-мағыналық мәнін негіздеу және анықтау оқушылардың ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға ықпал ететін тарихи-педагогикалық білімін неғұрлым тиімді игеруін қамтамасыз ететіні туралы біз ұсынған гипотезаны растады.

Журналдың шыққан жылы: 2018
Журнал нөмірі: 1(69)

Оңалту орталығы жағдайында балалардың психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуін ұйымдастыру
Аңдатпа:

Бұл мақалада мүгедектігі бар балаларды оңалту орталығында психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру проблемалары қарастырылады. Қазіргі уақытта біздің елімізде білім, денсаулық сақтау, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мекемелерінің тармақталған жүйесі құрылды, онда тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың дамуын медициналық-әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жүзеге асырылады. Сүйемелдеудің негізгі міндеті әлеуметтік-табысты тұлғаның толыққанды дамуы мен қалыптасуы үшін психологиялық- педагогикалық жағдай жасау, баланың білім алу және даму құқығын оның нақты өмір сүру жағдайында өзінің әлеуеттік мүмкіндіктеріне сәйкес қорғау болып табылады. Білім беру мекемесінде баланың дамуын сүйемелдеудің жетекші қағидаттары: сүйемелдеудің ұсынымдық сипаты; бала мүдделерінің басымдығы; баланың дамуын сүйемелдеуде жеке көзқарас; сүйемелдеудің үздіксіздігі; дамуды сүйемелдеуде кешенді (мультидисциплинарлық) тәсіл болып табылады. .

Журналдың шыққан жылы: 2018
Журнал нөмірі: 2(70)

Қазақстан Республикасының заңды тұлғаны жоюдың кейбір аспектілері
Аңдатпа:

ҚР АК заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп танудың ықтимал себебі ретінде заңды тұлғаны таратуды көздейді. Осы мақалада автор заңды тұлғаны таратудың шарттары мен тәртібін жан-жақты ашып көрсетеді, себебі айналымның тұрақтылығын қамтамасыз ететін қолданыстағы заңнама аясында тарату кезеңдерін қатаң сақтау, және де таратылатын заңды тұлғаның кредиторларының мүдделерін қорғау кепілдігі болып табылады.

Журналдың шыққан жылы: 2018
Журнал нөмірі: 4(72)

Кәмелетке толмағандар саудасының және баланы ауыстырудың криминалистикалық сипаттамасы
Аңдатпа:

Жеке тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мемлекет қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Ал адам құқықтарын қорғау баланың құқықтарын сақтаудан басталады, ол өзінің физикалық және ақыл-ой жетілмеуіне байланысты мемлекет пен қоғам тарапынан ерекше қамқорлық қажет етеді. Қазақстан Республикасының 1990-шы жылдардағы терең экономикалық дағдарыспен қатар жүретін нарықтық экономикаға көшуі әлеуметтік құрылымның дәстүрлі салаларына: жұмысқа, отбасына, білім беруге кері әсерін тигізді. Осының салдарынан Қазақстан және ТМД – ның басқа да бірқатар елдері шетел азаматтарының асырап алуы үшін оларды шет мемлекеттерге жеткізетін балаларды экспорттаушы елдерге айналды. Кәмелетке толмағандардың сатылуы болып табылатын шет ел азаматтарының ТМД мемлекеттерінің балаларын асырап алудың көптеген фактілері қорғаншы және қамқоршы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары тарапынан қылмыстық – пайдакүнемдік сипатын жиі куәландырады.

Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 3(75)

Қазақстан Республикасындағы дербес деректер: цифрландыру жағдайында құпиялылықты қамтамасыз ету мәселелері
Аңдатпа:

Бұл мақалада ақпараттық қоғамның дамуы жағдайында жеке тұлғаның жеке деректері құпиялылығын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады. Мақаланың мақсаты - экономика мен қоғамды цифрландыру жағдайында Қазақстан Республикасында жеке деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету мәселелерін зерттеу. Осы зерттеудің әдіснамалық негізін жалпы ғылыми әдістер құрайды: философиялық, диалектикалық, синергетикалық, индуктивті, дедуктивті, талдау және синтез әдісі, формализация, ұқсастық, зерттеудің тұтастығы мен тепе-теңдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін материалистік және эмпирикалық әдістер, сондай-ақ шет елдерде және Қазақстанда дербес деректерді қорғау жүйесінің мазмұнына барабар талдау жүргізуге мүмкіндік берген формальды-заңдық әдіс. Жаһандану, ақпараттық ашықтық және цифрландыру процестері жеке адам, қоғам және мемлекет мүдделерінің теңгерімін сақтай отырып, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемаларын шешуге бағытталған бірқатар міндеттер қойды. Осыған байланысты Интернет желісіндегі Дербес деректер айналымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары бүгінгі күні ғылым мен құқық қолдану тәжірибесі үшін өзекті болып табылады. Қазақстан Республикасының Дербес деректер туралы қолданыстағы заңнамасы ақпараттық жүйелерде дербес деректерді өңдеуге қатысты мәселелерге жеткілікті назар аудармайды. Интернет желісінде дербес деректерді өңдеу қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру киберқауіпсіздік тұжырымдамасының («Қазақстанның Киберқалқаны») ережелерін іске асыру шеңберінде өзекті болып отыр. Сонымен қатар, ұлттық заңнамада дербес деректерді рұқсатсыз жинаудан нақты кепілдіктер жоқ. Қазақстан Республикасының осы қатынастар саласындағы қолданыстағы заңнамасында бірқатар заңнамалық шешімдер бар, алайда шет мемлекеттердің озық тәжірибесін пайдалануды ескере отырып, уақтылы түзетулерді талап ететін құқықтық қателіктер бар. Бұл мақалада жеке деректерді бұзудың заманауи қауіптерін зерттеуге ерекше назар аударылады және оларды қорғау әдістері қарастырылған. Авторлар «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында дербес деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету тәртібіне қойылатын талаптар белгіленгеніне қарамастан, олар жалпы сипатқа ие және одан әрі нақтылауды қажет етеді деген қорытындыға келеді. Бұдан басқа, осы уақытқа дейін тиісті құқықтық регламенттеуді алмаған дербес деректердің құпиялылығын қамтамасыз етуге тікелей қатысы бар бірқатар елеулі аспектілер бар.

Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 3(79)
Тақырып: Құқық

Студент жастарды ұлттық құндылықтар жүйесіне тарту мәселесі
Аңдатпа:

лттық құндылықтарды сақтау және көбейту – "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстың негізгі мақсаты. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы – қазіргі Қазақстанның тарихи Вестник Инновационного Евразийского университета. 2020. №4 ISSN 1729-536X 35 дамуындағы жаңа кезең. Әрбір тұлғаның қоғамдық санасын жаңғырту – кәсіби қызметте табысқа жету және өзінің бәсекеге қабілеттілігін бекіту мақсатында жастардың өзіне деген көзқарасын қайта қарауды көздейді. Бұл ретте ғасырлар бойы жинақталған барлық оңтайлы тәжірибені,әсіресе, халық пен елдің ерекшеліктерін сақтау маңызды және бұл процесте білім беру жүйе құраушы рөл атқарады. Бүгінгі таңда Қазақстан мен Ресейде құндылықтарды студенттік ортаға жылжыту, жастарда Отанның бүгіні мен өткеніне қатыстылық, оның болашағы үшін жауапкершілік сезімін дамыту мәселесі өзекті, бірақ бұл процесті жүзеге асырудағы білім беру кеңістігінің әлеуеті әлі де толық ашылмаған. Осы мемлекеттердің өзгерген білім беру кеңістігі жағдайында студент жастарды ұлттық құндылықтар жүйесіне тарту, жастар ортасында құндылықтарды ілгерілетудегі және оның бәсекеге қабілеттілігін нығайтудағы білім беру ортасының әлеуетін ашу мәселелерінде отандық және шетелдік тәжірибелерді зерделеу, талдау және қорыту болып табылады. Талдау, жалпылау, салыстыру сияқты әдістер қолданылады, олар білім беру кеңістігінде мәселенің тереңдігі мен өзектілігін ашуға мүмкіндік берді. Нәтижелері және олардың маңыздылығы: студент жастарды ұлттық құндылықтар жүйесіне тарту мәселелеріндегі отандық және шетелдік тәжірибе зерделенді және жинақталды. Білім беру ресурстары жастардың құндылықтарын қалыптастырудың, сананы жаңғырту жағдайында әрбір азаматтың өзін-өзі анықтауының кепілі ретінде қарастырылды.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Абайдың философиялық-дүниетанымдық көзқарастары: тарихи-философиялық аспект
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: авторлар ұлы ойшыл және гуманист Абай Құнанбаевтың философиялық- дүниетанымдық идеяларын қарастырған. Мақсаты: Абай Құнанбаев шығармашылығының талдауы жеткіліксіз аспектілерінің бар екенін көрсетті, алайда мәселенің барлық аспектілерін толық қамтуға үміттенбей, авторлар Абай Құнанбаевтың "Қара сөздер" жұмысының материалында Абайдың философиялық-дүниетанымдық көзқарастарының табиғаты мен мәнін зерттеуге әрекет жасады. Әдістер: авторлар ұлы Абай "Қара сөздерінің" философиялық мазмұнын талдауға назар аударды. Мақалада рухани және ғылыми-теориялық мәдениеттің қазіргі деңгейіне сәйкес келетін философиялық әдістеме қолданылады. Авторлар абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу, нақты тарихшылдық принципі (тарихи және логикалық бірлік) сияқты ғылыми әдістерді жүзеге асырды. Нақты тарихшылдық тақырыптың тарихын зерттей отырып, тарихи дамып келе жатқан объектінің (үрдістің) логикасын қарастырады, бұл принцип тарихи үрдістің белсенді көрінуіне ықпал етеді. Тарихшылдық тарихи үрдістің мәнін оның тұжырымдамалар жүйесінде қалыптасуы мен дамуы тұрғысынан бақылап, жаңғыртады. Нәтижелері және олардың маңыздылығы: Абай шығармашылығы әлемдік мәдениетте ерекше орын алады, ол рухани мәдениетті жаңа сатыға көтерді, қазақ болмысының бейнесінің жаңа үлгілерін берді. Абай қазақтардың дәстүрлі мәдениетіндегі барлық нәрседен түбегейлі ерекшеленетін жаңа дүниетанымды, жаңа ойлауды, жаңа құндылықтарды негіздеді деп санаймыз. «Қара сөздер» еңбегінде сын объектісі дәстүрлі қазақ қоғамы, қазақтың өзі болып табылады. Сын сындарлы сипатқа ие, нәтижесінде жалпыадамзаттық проблемалар, жақсылық, адамгершілік, жанашырлық, мейірімділік, еркіндік және жауапкершілік идеялары көтеріледі. Абай «Қара сөздер» жұмысындағы дәстүрлі тәсілге қарағанда еңбек ұғымына жаңа көзқарас қалыптастырады. Ұлы ойшыл адамның, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуындағы еңбектің рөлін көрсетті, бұл еңбек пен іс-әрекеттің арқасында білімді, ғылымды түсінуге болады, сонымен бірге ұлы ойшыл еңбекті өмір сүру құралы ретінде түсінді. Абай дінге жаңа көзқарас білдірді, соқыр сенімге ол исламды ақылға қонымды зерттеуді қарсы алды, «иманды қасиетті нәрсе ретінде ғана емес, оны саналы дәлелдермен қалай қорғау және нығайту керектігін де біледі». Біз Абай кемелді, шынайы, мінсіз адамның жаңа идеалын жасады, білімге ұмтылған «толық адам» адамгершілік адам болып табылады, таңдау және жауапкершілік еркіндігін мойындайды деп санаймыз. Ұлы гуманистің адамгершілік кодексі: «Адам бол», бұл осы әлемде шарлау және таңдау жасау қабілетін білдіреді.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік-құқықтық институт ретіндегі экономикалық мүдделері: іске асыру ұғымы және проблемалары
Аңдатпа:

Адамзат тарихында ұлттық мүдде туралы мәселенің шешім таппауына байланысты мысалдар аз емес. «Ұлттық мүдде» санаты әлемнің барлық мемлекеттерінің қазіргі заманғы саяси және ғылыми салаларға мықтап енді. Дамуының дәрежесі мен сипатына қарамастан кез келген елдің белгілі бір баса назар аударатын ұлттық мүдделері бар. Олардың қатарына экономикалық мүдде кіретіні даусыз. Мемлекеттік-ұлттық мақсаттары нақты айқындалмаған халықтың болашағы жоспарсыз, шашыраңқы болуы мүмкін. Сол себепті, оған жат әлеуметтік-саяси құрылым күштеп таңылуы мүмкін. Тарихи тәжірибе көрсетіп отырғандай, нақты проблемаларды боямалау, мүмкін боларлық қателердің алдын алу, мемлекет ішінде қауіпсіздікті нығайту жөніндегі қажетті шараларды қолдану мен өткізуге кері әсерін тигізуі мүмкін. Осы мақаланы толық мәнді және жан-жақты ету үшін біз аса маңызды категория ретінде адамдардың оларды қоршаған әлемге белсенді қатынасын көрсететін «концепт» ұғымына соқпай өте алмаймыз. Зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік-құқықтық институт ретінде экономикалық қауіпсіздік ұғымын талдау болып табылады. Мақалада келесі әдістер қолданылды: қажеттілік салыстырмалы-құқықтық, жүйелік- құрылымдық, сонымен қатар жүйелік талдау әдісі. Қажеттілік, тұлғаның мүдделері әлеуметтік мемлекеттің мәнін зерттеуде - басты буындардың бірі болып табылады. Өйткені, құқықтық мемлекет өз нормаларында тұлғаның өмірдегі әлеуметтік мүдделерін сол қалпында білдіруі тиіс. Осы категориялар әлеуметтік әрекеттердің тікелей себептерін ашуы үшін жасалған, соның нәтижесінде қоғамдық өмірдің түрлі саласында өзгерістер мен толықтырулар болып тұрады. Әрбір елде мүдденің алатын орны ерекше. Мүдделер әртүрлі болып келеді. Әлеуметтік топ та, ұжым да, тұлға да өз қылықтарының, әрекеттерін өз мүдделерімен ұштастырады. Адам оны қоршаған ортаға қажетті мүдделерді анықтайтын өз мақсаты арқылы бірлесе іс-қимыл жасайды. Сондықтан әдеттегі сана деңгейінде адамдардың жеке іс қимылы мен қылықтарында, сондай- ақ жаппай тарихи оқиғалар мен құбылыстарда мүдденің үлкен мағынасы айқындалады. Осы мәселені егжей-тегжейлі қарастырып, оның негізгі принциптерін талдай отырып, біз экономикалық қызығушылық ұғымын анықтаймыз. Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өзіндік ғылыми-техникалық дамуға, адами және табиғи ресурстарға сүйену, яғни отандық өндірушілердің пайдасына басқару туралы шешім қабылдау және экономиканың басым салаларына күрделі салымдарды қамтамасыз ету қажет.

Автор: Ж.Б. Аманбай
Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:
Тақырып: Құқық

Психологиялық кедергілерді жеңу арқылы ағылшын тілін үйрену барысында студенттердің сөйлеу дағдыларын дамыту
Аңдатпа:

Жаһандану дәуірінде ұлтаралық қарым-қатынас құралы ретінде ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылық артып келеді. Ағылшын тілін меңгеру үрдісіне әр түрлі ұлт өкілдері қосылып, тіл үйренушілер саны көбейіп келеді. Тілдік коммуникация барысында қай ұлт болуына қарамастан, ағылшын тілін меңгеруде кездесетін белгілі бір қиындықтар - дағдыны қалыптастыру. Тіл құрылысының лексикалық-грамматикалық және фонетикалық ерекшеліктері ғана емес, сонымен қатар мәдени дәстүрлердегі айырмашылықтар, оқушылардың психологиялық ерекшеліктері де қиындық тудыруы мүмкін. Тілдік кедергілерді жеңудің жаңа әдістерін тиімді пайдалану ағылшын тілін сәтті меңгеруге ықпал етеді және мұнда мұғалімнің материалды тиімді меңгеруіне және тілдік құзыреттілікті дамытуға ықпал ететін оқушылардың тілді үйренуге деген қызығушылығын ынталандыру мен қолдауда және сабақтарда қолайлы жағдай қалыптастыруда негізгі рөл атқарады. Ағылшын тілін оқыту барысында білім алушылар тек тілдік дағдыларды игеріп қана қоймай, оқытылатын тіл елінің тарихымен танысуға, тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын жақсартуға, қиындықтарды жеңуге үйренуге, жоспарлау, мақсат қою және оған қол жеткізу дағдыларын дамытуға тиіс. Демек, ағылшын тілін оқытуды дұрыс ұйымдастыру қажет, бұл өз кезегінде тұлғаның қалыптасуы мен дамуына ықпал етеді. Мақалада студенттердің шет тілін үйрену процесінде пайда болатын "психологиялық кедергілер" ұғымы қарастырылады, олардың пайда болу ерекшеліктері, студент кезіндегі шет тілін үйренудегі психологиялық кедергілердің факторлары мен деңгейлері сипатталған. Сондай-ақ, эмоционалды және ақпараттық стресске сипаттама беріледі, ақпараттық және эмоционалды стресстің ерекшеліктері, психологиялық кедергілер қарастырылады және бұл стресстің болуы студенттерде шет тілін үйренуге қалай әсер етуі мүмкін. Мақсаты – психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді және шет тілін үйренудегі психологиялық кедергілер мен стресстің теориялық аспектілерін зерттеу; психологиялық кедергілерді жеңу арқылы ағылшын тілін үйренуде студенттердің сөйлеу дағдыларын дамыту бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеу. Авторлар келесі әдістерді мысалдарда пайдаланған: студенттердің сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған кәсіби әдістемелік және психологиялық әдебиеттерді теориялық талдау. Осы шолу мақаласындағы зерттеу нәтижелері студенттердің психологиялық кедергісін жеңу үшін, шет тілін үйренуге деген ынтасын арттыру үшін студенттермен психологиялық жұмыс жасау үшін практикалық ұсыныстар әзірлеу үрдісінде қолдана алады. Сонымен қатар, бұл нәтижелерді мұғалімдер білім беру үрдісінің тиімділігін түзету және арттыру үшін қолдана алады

Журналдың шыққан жылы: 2022
Журнал нөмірі: 1(85)

Бастауыш мектепте шетел тілін оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістері
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: Мақалада бастауыш мектепте шетел тілінде білім беру барысында қолданылатын дәстүрлі және жаңа инновациялық әдістер салыстырылып, әрқайсысының артықшылықтары да, кемшіліктері де сараланады, дәстүрлі әдістердің кемшін жақтарын жаңа әдістер арқылы толықтыру жолдары көрсетіледі. Қазіргі кезде шетел тілін оқытуда қолданылатын негізгі әдістер қарастырылады. Соңғы жылдары шетел тілдерін оқыту саласында пайда болған жаңа инновациялық әдістер қатарында community language learning / counseling learning («қауымдар» әдісі, «кеңесші» әдісі), сугестопедиялық әдіс, total physical response (физикалық әрекеттерге сүйену әдісі), ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың көмегімен тілді оқыту әдісі, consciousness-raising approach (саналы бағытталған әдіс), task based learning (коммуникативтік тапсырмалар әдісі), neuro-linguistic programming (нейролингвистикалық бағдарламалау), guided discovery (басқарылатын ашылым не жаңалық), test-Teach-test әдісі аталады. Олардың бастауыш сынып оқушысының тілдік құзыреттері мен шығармашылық қабілетінің дамуына әсері қарастырылады. Авторлар шетел тілдерін оқыту үдерісіндегі қазіргі әдістеменің басты әрі маңызды шарты жасанды шеттілдік орта құру, яғни табиғи тілдік орта қалыптастыру екенін айтады. Соңғы зерттеулерге сүйеніп, «электронды тілдік орта» ұғымына түсініктеме береді. Қазіргі баланың тілі гаджетпен шығып жатқандықтан, бастауыш сынып оқушыларының электронды тілдік ортада өмір сүруі шет тілін үйретудің міндеттерін шешуге мүмкіндік беретіні көрсетіледі. Мақсаты: Қазіргі заманғы ағылшын тілі сабағында қолданылатын дәстүрлі және заманауи білім беру әдістерін талдау. Оқушынының оқу үдерісінің басты тұлғасы ретінде белсенді болуы, басқа оқушылармен тығыз байланыста жұмыс істей алуы, оқушыға өз физиологиялық, интеллектуалдық, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты өз бетімен жұмыс істеуге мүмкіндік беру жеке, жұппен, топпен, сыныппен және тағы басқа жұмыс түрлерін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Аталған оқыту әдістерінің ішінде бұрыннан қолданылып келген әдістер және осы замандық жаңа әдістер қамтылған. Әрбір әдістің өзіне тән ерекшеліктері болады. Сондықтан ағылшын тілін оқыту әдістерін салыстыра сипаттау аса маңызды. Әрбір ескі де, жаңа да әдістің артықшылығы мен кемшілігі болады. Сондықтан ағылшын тілін оқыту әдістемесі әрдайым толықтыруды, жетілдіруді талап етеді. Ендеше олардың оқушылардың дүниетанымын кеңейтуде, танымдық белсенділігін арттырып, білім, біліктерін жетілдіруде маңызы өте зор. Әдістері: Зерттеу барысында сипаттама әдісі, жүйелеу, талдау, түсіндіру әдістері қолданылды. Нәтижелер мен олардың маңыздылығы: Мақала авторлары бастауыш сынып білім алушыларының жан-жақты дамуына, сапалы білім алуына, өмірде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуінде ағылшын тілін жақсы менгеруінің маңызы үлкен екендігн айта келіп, қазіргі заманға сай ағылшын тілін тиімді үйретуге мүмкіндік беретін көптеген әдістерді әр мұғалім өзінің шығармашылығын дамыта отырып, озық іс-тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс деп қорытындылайды. Жеке тұлғаның, оның тілдік құзыреттерінің қалыптасуын қамтамасыз ететін деңгейлеп, саралап оқыту, жобалап оқыту, коммуникативті оқыту, ақпаратты-коммуникативтік оқытудың, т.б. жаңа әдістер арқылы оқытудың нәтижелері баланың өз бетімен ізденуіне, өзіндік пікірін анық жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға ретінде қалыптасуына, оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамытуына зор ықпал ететіні сөзсіз.

Журналдың шыққан жылы: 2022
Журнал нөмірі: 1(85)

Кәсіби қызметтегі күйзеліс. Бизнесмендердің жеке басының деформациялану дәрежесі мен демалысының өзара байланысы (Павлодар қ.шағын және орта бизнес мысалында)
Аңдатпа:

Мақалада кәсіпкерлердің жеке басындағы кәсіби деформациясының алдын-алу мәселесі қарастырылған. Әр адамның өмірінде кәсіби қызмет маңызды орын алады. Мамандықты таңдау және іс-әрекеттің өзі адамның жеке басының одан әрі дамуына әсер етеді, адамның мінез-құлқына және оның өмір салтына әсер етеді. Сонымен қатар, мамандықтың әсері оң да, теріс те болуы мүмкін. Кейде бұл әсер кәсіби қызметті жүзеге асыратын адамға қатысты деструктивті болуы мүмкін. Пандемиядан туындаған жаһандық экономикалық дағдарыстың қазіргі жағдайында бизнес құрылымдарының өкілдеріне жоғары кәсіби дайындық қана емес, сонымен қатар тұрақты моральдық-психологиялық қасиеттер қажет. Қалыпты жұмыс күні, ақпараттың үлкен және үнемі өзгеріп отыратын ағымы, көптеген адамдармен үнемі байланыста болу, психикалық және физикалық күштерді толық қалпына келтіру қажеттілігі дененің функционалды резервтерін олардың толық сарқылуына дейін төмендетеді. Созылмалы күйзеліспсихикалық танымдық процестерге ғана емес, сонымен бірге эмоционалды-еріктік салаға, психикалық күйлер мен жеке қасиеттерге теріс әсер етеді, бұл адамды эмоционалды және кәсіби күйзеліске, депрессияға, психосоматикалық ауруларға әкеледі. Сондықтан кәсіпкерлердің жеке басын деформациялау тақырыбы бүгінгі күні өте өзекті. Мақсаты - кәсіби қызметтегі күйзеліс жағдайын талдау, бизнесмендер тұлғасының демалысы мен деформация дәрежесінің өзара байланысын ашу (Павлодар қ. шағын және орта бизнес мысалында). Зерттеудің эмпирикалық базасына жынысы бойынша теңестірілген Павлодар қаласындағы орта бизнестің өкілдерінің ішінен 40 адам қатысты. Респонденттер зерттеуге өз еріктерімен қатысты. Шағын және орта бизнес өкілдерінің демалыс ерекшеліктерін зерттеу үшін біз барлық респонденттермен сауалнама және стандартталған сұхбат жүргіздік. Сауалнама мен сұхбат сұрақтарын автор құрастырған және бизнес өкілдерінің демалу ерекшеліктері мен олардың демалуға қатынасын зерттеуге бағытталған. Сұхбат барысында кәсіпкерлердің мінез-құлқын бақылау нәтижелері де тіркелді.

Журналдың шыққан жылы: 2022
Журнал нөмірі: 2(86)

Адамның жеке әлеуетін ашуға онтологиялық көзқарас
Аңдатпа:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына соңғы Жолдауларында шикізатқа тәуелділік, еңбек өнімділігінің төмендігі, инновацияның жеткіліксіз деңгейі, кірістің біркелкі бөлінбеуі сияқты экономикамыздың жүйелі проблемалары айқындалған. Мақалада еңбек нарығын дамытуға, сұранысқа ие мамандарды даярлауға және болашақ мамандықтарды дамытуға байланысты осы мәселелерді шешудің ықтимал тәсілдері қарастырылған. Бірте-бірте жасанды интеллект алмастырылатын адам қызметін цифрландыру мен роботтандырудың өсуі маңызды рөл атқарады. Осының аясында адамның жеке мүмкіндіктерін ашуға онтологиялық көзқарас негізделеді. Мақсаты – тұлғаның жеке мүмкіндіктерін ашудың әдісі мен шарттарын негіздеу. Для исследования применялись такие методы, как абстрактіліден нақтыға көтерілу әдістері, олардың абстрактілі мәніне негізделген заттардың нақты бейнелерін түрлендіру әдісі, ойды схемалық бейнелеудің алыпсатарлық тілі. Өмірге және әрекет әлеміне қатысты тұлғаның жеке потенциалы «жеке тұлға», «студент» және «субъект» позицияларында көрінеді. Ойлаудың сенімділігі қозғалыс векторларының нақтыдан абстрактіліге түсу, абстрактіліден нақтыға көтерілу логикасында, сондай-ақ олардың үйлесуі арқылы беріледі. Жеке тұлғаның әлеуетін ашу және оны кәсіби ортада да, күнделікті өмірде де пайдалану үшін жеткілікті қабілеттері бар тұлғаның жеке әлеуетін ашу жүзеге асырылатын оқу қызметінің субъектісіне айналу циклінің сипаттамасы. Субъектілердің өзін-өзі анықтау, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі реттеу және т.б. үшін тиісті рефлексиялық-ойлау қабілеттерін меңгеруі жеткілікті алғышарт болып табылады.

Журналдың шыққан жылы: 2022
Журнал нөмірі: 4(88)

Болашақ математика мұғалімдерінің әдістемелік біліктіліктерін қалыптастыру үдерісін жетілдірудің негізгі бағыттары
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: мақалада «біліктілік» ұғымының әдістемелік аспектісіне сүйене отырып, педагогикалық ЖОО-да болашақ математика мұғалімдерінің әдістемелік біліктілігін қалыптастыру және кәсіби дайындықты жетілдірудің негізгі бағыттарын талдау және осы мәселе бойынша жеке тұлғаның өзіндік ұстанымын қалыптастыру. ЖОО-ғы геометриялық пәндерді сапалы оқытуға және оқу үдерісін ұйымдастырудағы әдіснамалық және мазмұндық әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы қол жеткізуге болады. Білім беру үдерісінің белгілі бір құрылымын жасап, әдістемесі мен оқыту құралдарын анықтай отырып, пән мазмұнын мұқият таңдау педагогиканың нақты принциптермен анықталды. Негізінде бұл принциптер бүгінгі педагогиканың өзекті жетістіктері болып табылады және олар жүйелі түрде өзгеріп тұрады. Дидактикалық принциптердің қолданыстағы жүйесін біртіндеп өзгерту және ауқымын кеңейтуге болады. Мақсаты: педагогикалық ЖОО-да болашақ математика мұғалімдерін геометриялық есептерді шығаруға және оны оқытуға әдістемелік даярлығын жетілдірудің негізгі дидактикалық принциптерін таңдау және ғылыми-әдістемелік негізін ұсыну. Әдістері: ғылыми-әдістемелік тұрғыдан геометрияны оқыту бойынша тәжірибелі мұғалімдер мен әдіскерлерден сұхбат және сауалнама алу, оқу бағдарламасы мен мазмұнын талдау, оқу үдерісіне педагогикалық бақылау мен диагностика жасалды. Өзіміздің ұсынған әдістердің тиімділігін тексеру мақсатында педагогикалық эксперимент жұмыстары жүргізілді. Нәтижелері және олардың маңыздылығы: педагогикалық ЖОО-ның мақсаты практикалық және әдістемелік мәселелерді өздері шеше алуға қажетті білімдермен қаруланған білікті мұғалімдер дайындау. Бұл болашақ математика мұғалімдерін дайындаудың барлық жүйесіне, мектептегі білім берудің әдістемесіне, оның ішінде әрбір болашақ математика мұғалімдеріне қажетті математикалық білім деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін геометриялық білім беруге де жаңа міндеттер қойып отыр. Сондықтан, педагогикалық ЖОО-да геометрияны оқытудың негізгі дидактикалық принциптері құрылып негізделген. Оның құрамына болашақ математика мұғалімнің оқытудың инновациялық әдістерін меңгеру пирнципі мен оқытудың жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды меңгеру принципі енгізілген. Зерттеу жұмысының нәтижелерін ЖОО-да геометрия курсын оқытудың кәсіби бағыттылығының теориялық негіздерін әрі қарай зерттеу үшін әдіснамалық негіз ретінде қолдануға болады.

Журналдың шыққан жылы: 2022
Журнал нөмірі: 4(88)

Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың ойын әрекетіндегі ерте кәсіптік бағдарлау
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: Баланы болашақ мамандықты таңдауға дайындаудың ерте басталуы - бұл ата-ананың айтуы бойынша балаға кім болу керектігін тану емес (өйткені, мысалы, отбасындағы көптеген адамдар осы салада жұмыс істейді), бірақ баланы болашақта өз таңдауын жеңілдету үшін әртүрлі жұмыс түрлерімен таныстыру. Сондықтан ересектердің еңбегімен танысу мектепке дейінгі жаста басталуы керек, балалар қабілеттеріне, темперамент пен мінездің психологиялық ерекшеліктеріне, баланы тәрбиелеуге және оған еңбек құндылығын сіңіруге байланысты білімнің қол жетімді формалары арқылы әр түрлі мамандықтар туралы білген кезде, балаларда мамандық туралы білім жүйесі қалыптасады, белгілі бір қызмет түрлеріне қызығушылықтар мен көзқарастар қалыптаса бастайды [1]. Бала ересек өмірде саналы түрде таңдау жасауы үшін оны жақын ортадан бастап, ата-аналардың және балалар күн сайын жұмыс істейтін танымал адамдардың кәсіптерімен таныстыру керек. Мақсаты: Ойын әрекеттері арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды ерте кәсіби бағдарлау тетіктерін әзірлеу. Әдістер: абстрактіліден нақтыға көтерілу әдістері, объектілердің нақты бейнелерін олардың дерексіз мәніне сүйене отырып түрлендіру әдісі, ойдың сызбалық бейнелері. Нәтижелер және олардың маңыздылығы: адамның өмірі мен іс-әрекет әлеміне қатысты жеке әлеуеті «жеке», «бала» және «субъект» позицияларында көрінеді. Ойлауға сенімділік қозғалыс векторларын белгілі бірден абстрактіліге, абстрактіліден нақтыға көтерілу логикасында, сондай-ақ олардың тіркесімінде қолдану арқылы беріледі. Жеке тұлғаның әлеуетін ашу циклін және оның білім беру іс-әрекетінің субъектісіне айналуын сипаттау, мұнда кәсіби ортада да, қарапайым өмірде де қолдануға жеткілікті қабілеті бар адамның жеке әлеуеті ашылады. Субъектілердің өзін-өзі анықтауға, өзін-өзі ұйымдастыруға, өзін-өзі нормалауға және басқаларға сәйкес рефлексиялық-ойлау қабілеттерін игеруі жеткілікті алғышарт болып табылады

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Құқықтық мәдениетті тиімді дамытудың құрамдас бөлігі ретінде білім алу құқығы
Аңдатпа:

Ұсынылған зерттеудің негізгі тезисі жаһанданудың қазіргі жағдайында азаматтардың білім алу құқығын жүзеге асыру қоғам мен мемлекеттің дамуының маңызды және қажетті шарты болып табылады. Білім алу құқығы әркімге білім, білік, дағды алуды, шығармашылық қабілеттерін дамытуды қамтамасыз етеді, мемлекеттік және қоғамдық институттардың тиімді жұмыс істеуіне, ұлттық қауіпсіздікке кепілдік береді, қоғамдағы тұрақтылықты бекітеді және демократиялық, әлеуметтік құқықтық мемлекеттің дамуына ықпал етеді. Зерттеудің мақсаты – халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстан Республикасында білім алу құқығын конституциялық-құқықтық қамтамасыз етудің тұтас тұжырымдамасын әзірлеу және білім алу құқығын реттейтін отандық заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Әдістемелік негіз – зерттеу пәнін объективті талдауды қамтамасыз ететін философиялық-дүниетанымдық тәсілдер, принциптер, жалпы ғылыми және арнайы ғылыми әдістер жүйесі. Мақалада әркімнің білім алу құқығын қамтамасыз етуге мемлекет мүдделі екендігі негізделеді, өйткені бұл білікті еңбек әлеуетін қалыптастыратын, мемлекеттік істерді басқаруды тиімді жүзеге асыра алатын және оның тапсырмаларын орындай алатын кәсіби мамандарды даярлауды қамтамасыз ететін білім. Өз кезегінде, әдетте, тұлғаның білім беру-біліктілік деңгейін арттыру жалақының өсуіне негіз болып табылады, бұл мемлекеттік бюджетке салықтарды аударудың ұлғаюына, оны толтыруға әсер етеді, демек, бұл мемлекет пен тұтастай қоғамның экономикалық өсуіне әкеледі. Мемлекеттегі білім беру жүйесінің тиімді жұмыс істеуі жұмыссыздықты азайтуға (оқушылар, студенттер жұмыспен қамтылған халық санатына жатады), мемлекеттік институттардың тыныс-тіршілігін, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, әлеуметтік мемлекет құруға және қоғамдағы тұрақтылықты бекітуге ықпал етеді. Бұл мақалада қазіргі халықаралық тәжірибе контекстінде Қазақстан Республикасында білім алу құқығына ғылыми талдауды жүзеге асыруға ерекше назар аударылады. Мақалада бірқатар жаңа теориялық тұжырымдар мен ұсыныстар жасалады, атап айтқанда: жалпы (адам және азамат құқықтарының барлық санаттарына тән) және арнайы (конституциялық құқықтар жүйесіндегі білім беру құқығының ерекшелігін ашады)білім беру құқығының белгілері жіктеледі; білім беру құқығы принциптерінің тұжырымдамасы мен мазмұны, оның мәні мен дамудың жалпы бағытын анықтайтын негізгі принциптер, идеялар қандай екендігі анықталды.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:
Тақырып: Құқық

Адамның жеке мүмкіндіктерін ашуға онтологиялық көзқарас
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған соңғы Жолдауларында «Экономикамыздың жүйелі проблемалары белгілі. Бұл тауарға тәуелділік, еңбек өнімділігінің төмендігі, инновацияның жеткіліксіз деңгейі, Табыстың біркелкі емес бөлінуі.Әрине, мұның бәрі күрделі мәселелер, бірақ оларды шешудің нақты жолдары бар.Бұл макроэкономикалық тұрақтылық, экономиканы әртараптандыру, цифрландыру, шағын және орта бизнесті, адами капиталды дамыту, сонымен қатар экономиканың үстемдігін қамтамасыз ету. Дегенмен, бұл мәселелерде әлі де нақты ілгерілеушілік жоқ. Әлбетте, жаңа көзқарастар қажет» [1]. Жаңа тәсілдер нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті мүмкіндігінше ұзақ сақтауға ұмтылатын кез келген ұйымның басты құндылығы және ең жоғары активі ретінде адамның жеке және кәсіби әлеуетін ашудың әдістері мен шарттарын қамтиды, бұл жұмыс орындары мен лайықты өмір сүру перспективасын білдіреді. Балама ретінде Саясат Нұрбек жаңа мамандықтар атласын ұсына отырып, ол ең алдымен елге қажет деп санайды, өйткені жоғары білім беру жүйесі экономиканың нақты қажеттіліктерінен ажырап қалды [2]. «30 жыл бойы біз кәсіби диагностиканың қарапайым қолданбалы құралын құра алмадық, жалпы алғанда, еңбек нарығын түсіну, қандай мамандықтар сұранысқа ие болады және енді қайсысы еңбек нарығынан кететінін немесе олар нені көрсетеді? Бұл ретте Қазақстанның мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі тоқырау сәтсіз аяқталуда, өйткені әлемде еңбек нарығының трансформациясы – цифрландыру оны өзгертуде.Мыңдаған адамдар жұмыссыз қалады, өйткені оның құрылымы мен біліктілігі дамып келеді. Жасанды интеллекттің пайда болуы адамның ой еңбегіне монополиясына қауіп төндіреді, оның орнын машиналар басады.Жетілген нарықтарда алгоритмдерге негізделген жаңа «технологиялық тұлғалардың (роботтардың)» құрылуына байланысты адамдар сұранысты тоқтатуы мүмкін. көптеген сарапшылардың болжамдары» [2]. Мақала авторлары азаматтық ұстанымы жоғары, интеллектуалдық әлеуеті жоғары, коммуникативті және рефлексиялық қабілеттері бар тұлғаның өсуіне инновациялық тәсілдерді негіздейді. Мақсаты: тұлғаның жеке мүмкіндіктерін ашу әдісін (шарттарын) негіздеу. Әдіс-тәсілдері: абстрактіліден нақтыға өрлеу әдісі, олардың абстрактілі мәніне негізделген заттардың нақты бейнесін түрлендіру әдісі, ойдың схемалық бейнелерінің алыпсатарлық тілі. Нәтижелер, олардың маңызы: өмірге және әрекет әлеміне қатысты адамның жеке потенциалы «жеке тұлға», «студент» және «субъект» позицияларында іс-әрекетте көрінеді. Қозғалыс векторларын нақтыдан абстрактіліге түсу, абстрактіліден бетонға көтерілу логикасында қолдану, сонымен қатар олардың үйлесуі ойлауға сенімділік береді. Мысал ретінде әдістерді қолдану (AAC, LSI) көрсетілген. Оқу іс-әрекетінде субъектіге айналу ретінде қарастырылатын тұлғалық әлеуетті ашу циклінің сипаттамасы, онда тұлғаның кәсіби қызметте де, өмірде де пайдаланудың жеткілікті тәсілдері мен мүмкіндіктері бар жеке әлеуеті ашылады. Субъектілердің өзін-өзі анықтау, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі реттеу және т.б. үшін тиісті рефлексиялық ойлау қабілеттерін меңгеруі жеткілікті алғышарт болып табылады.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Тест - психологиялық әдіс ретінде. Даму тарихы және негізгі талаптары
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: Мақалада психология әдістері ретінде тесттер мәселесі, психологиялық зерттеу нәтижелеріне валидтілік пен сенімділіктің әсері көрсетілген. Мақсаты: Психологиялық зерттеу нәтижелері бойынша валидтілік пен сенімділіктің маңыздылығын ашу. Нәтижелер және олардың маңыздылығы: Тестілеу – адамның психикасы мен мінез-құлқының әртүрлі аспектілерін өлшеуге мүмкіндік беретін психологиядағы маңызды әдіс. Психологиядағы тесттердің даму тарихы бір ғасырдан астам уақытқа созылады және Фрэнсис Гальтон мен Альфред Бинеттің жұмысынан басталды. Уақыт өте келе сынақтар білім беру, персоналды таңдау, клиникалық диагностика және зерттеу сияқты әртүрлі салаларда кеңінен қолданыла бастады. Тесттерге қойылатын негізгі талаптарға сенімділік (нәтижелердің қайталануы), валидтілік (өлшеу дәлдігі), стандарттау (бірдей сынақ шарттары) және объективтілік (бағалауда субъективтіліктің болмауы) жатады. Нәтижелердің дәлдігі мен негізділігін қамтамасыз ету үшін тесттер психометриялық принциптерді қолдана отырып құрастырылуы керек. Заманауи тестілер тұлға, интеллект, бейімділік және кәсіби дағдыларды тексеру сияқты әртүрлі өлшеу әдістерін қамтиды. Психологияда тесттерді қолдану нәтижелерді дұрыс түсіндіру және дәлелді қорытындылар жасау үшін кәсіби дайындықты қажет етеді. Психология әдісі ретінде тестілеу дамуын жалғастыруда және оның рөлі адам психикасы мен мінез-құлқын зерттеуде негізгі болып қала береді. Психологиядағы тестілеудің қолдану аясы кең, соның ішінде тұлғаның қасиеттерін бағалау, психологиялық бұзылуларды анықтау, өмірдің әртүрлі салаларында мінез-құлық пен сәттілікті болжау. Компьютерлік тестілер мен онлайн платформалардың дамуы тестілеуді зерттеушілер мен қатысушылар үшін тиімдірек және ыңғайлы етеді. Заманауи сынақтар мәдени айырмашылықтарды және жеке сипаттамалардың алуан түрлілігін көбірек ескереді, бұл дәлірек және бейімделген бағалауға ықпал етеді. Тесттерді пайдалану алынған деректердің сенімділігі мен негізділігін қамтамасыз ету үшін этиканы, құпиялылықты және сәйкестікті талап ететінін есте ұстаған жөн.

Журналдың шыққан жылы: 2024
Журнал нөмірі: 1(93)

ҚР жастары арасындағы құқықтық тәрбие аспектілері
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: Құқықтық тәрбиенің, құқықтық сананың теориялық аспектілерін дамыту. Құқықтық тәрбиенің ұйымдастырушылық формалары. Құқықтық сананы, құқықтық мәдениетті тәрбиелеудің формалары мен әдістері. Қазіргі кезеңде құқықтық мәдениеттің қалыптасу ерекшеліктері. Құқықтық мәдениетті, құқықтық тәрбиені жетілдіру мәселелері. Құқықтық тәрбие Мемлекет тұрғындарында адамның ерікті, саналы, бастамашыл, әлеуметтік және моральдық жауапты мінез-құлқын болжайтын жеке тұлғаның құқықтық белсенділігін ынталандыра отырып, құқықтық салада сенімділік пен дербестік сезімін қалыптастырады. Мақсаты: мақалада қазіргі жастарды құқықтық тәрбиелеу туралы айтылады. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру құралдары-құқықты насихаттау, азаматтардың құқықтық білімін дамыту, заңдылықты іс жүзінде нығайту, күшті заң ғылымының болуы, мемлекетте демократиялық, тиімді Конституцияның және заңдар мен заңға тәуелді актілердің жоғары құқықтық және техникалық-құқықтық сапасының арқасында қол жеткізілетін құқықтық актілер жүйесін жетілдіру. Әдістері: зерттеу әдістемесі және әдіснамасы. Зерттеудің әдіснамалық негізі: теориялық деңгейде де (жүйелік, салыстырмалы-құқықтық, формальды-құқықтық, тарихи талдау әдістері және т. б.), сондай-ақ эмпирикалық f статистикалық талдау, сауалнама, құжаттарды зерттеу, баспа басылымдары) шындық құбылыстарын ғылыми зерттеудің жалпы танылған әдістері; қылмыстық құқық теориясының негізгі ережелері, этика, философия, психология; ресми логика ережелері. Нәтижелері және олардың маңыздылығы: осыған байланысты мемлекет және құқық институты жанынан құқықтық оқыту мен тәрбиелеу мәселелеріне ғылыми зерттеулер жүргізуді, оқушы жастарға үздіксіз білім берудің барлық сатыларында Құқықтық жалпыға бірдей оқытудың мазмұны мен әдістемесін әзірлеуді қамтамасыз ететін Республикалық құқықтық тәрбие орталығын құру қажеттілігі туындады.

Журналдың шыққан жылы: 2024
Журнал нөмірі: 1(93)
Тақырып: Құқық