Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: ферментированный рис

Нәтижелер саны: 13


«Қазхром» ТҰК Ақсу ферроқорытпа зауытында агломерат өндіру кезінде энергия үнемдеуді арттыру жолдары
Аңдатпа:

Бұл мақалада шығындарды үнемдеу үшін ферроқорытпа өндірісінің қалдықтарын ұтымды пайдалану мәселелері қарастырылған, агломерат өндірісінің энергия тиімділігі есептелген, Ақсу ферроқорытпа зауыты материалдарында күйдірудің жылулық теңгерімінің мәліметтері келтірілген. Жылдық экономикалық эффект есептеулеріне сәйкес төмендегідей нәтижелер алынды: аглогаздарды қайта циркуляциялау есебінен отынды үйнемдеу 1334,5 т.у.т.; СО жағып бітіру есебінен – 1491 т.у.т.; агренатта тирристорлық түрлендіргіштерді орнату арқылы электр энергиясын жылдық үнемдеу сағ. 1714 мың кВт·құрады. Осылайша, қатты және газ тәрізді қалдықтарды қайта өңдеу кезінде энергия үнемдеу шараларынан бөлек агломератты пайдалану да АФЗ электрпештерінің өнімділігін көтеретіндігі, электр энергиясының үлес шығыны мен қалпына келтіргіш шығынын, ендеше, дайын өнімнің өзіндік құнын төмендететіндігі анықталды.

Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Бөлшек сауда желісінде ұсынылған ара балының тұтынушылық қасиеттерін бағалау
Аңдатпа:

Бұл мақалада органолептикалық және физика-химиялық қасиеттері бойынша балдың табиғилығы туралы жорамалдауға әрі анализ нәтижелері бойынша оның шығу тегін шамалап анықтауға болатын зерттеу әдістері келтірілген. Шығарылатын балдың сапасына әсер ететін факторлар қарастырылған, сонымен қатар шығу тегі әр түрлі балдың пайдалы компоненттерінің химиялық құрамы зерделенген. Қазақстандық балдың әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті бола алатыны көрсетілген және басты міндет сапасын өзгертпей, балдың өндірісін ұлғайту болып табылады.

Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 3(59)

Ауылдық аумақтардың саяси дамуын қалыптастыру мәселелері (Павлодар облысы Шарбақты ауданы материалдарында)
Аңдатпа:

Осы мақалада Павлодар облысы Шарбақты ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы қарастырылған. Ауыл шаруашылығы аудан экономикасының басым бағыты болып табылады. Жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің саны бойынша деректер ұсынылған. SWOT-талдауда өңірдің даму әлеуметтік-экономикалық нәтижелерінің кешенді сипаттамасы, аудан дамуының оң және әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлері көрсетілген. Ауданды дамыту үшін туристік кластердің мәні белгіленген және ауылдық аумақтарды дамыту үшін стратегиялық бағдарламаның қажеттілігі айқындалған.

Автор: Б.Ж. Ибраев
Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 2(62)

Облыс денсаулық сақтау саласының сын-қатерлер мен мүмкіндіктер (Павлодар облысы)
Аңдатпа:

Мақалада денсаулық сақтау саласында Павлодар облысында да, тұтастай алғанда Қазақстанда да проблемалар талданады. Медициналық көмектің қолжетімділігін төмендетуге әкелетін жағымсыз құбылыстар, денсаулық сақтау жүйесінің ресурстарын пайдаланудың тиімділігі анықталды.

Журналдың шыққан жылы: 2017
Журнал нөмірі: 2(66)

Отандық ет шикізатынан пісірілген-ысталған рулеттің инновациялық технологиясын құру
Аңдатпа:

Бұл мақалада ұлттық пісірілген-ысталған ет өнімдерін өндіру технологиясының инновациялық бағыты қарастырылады.

Журналдың шыққан жылы: 2018
Журнал нөмірі: 1(69)

Трансформаторлы түрлі басқарылатын шунттаушы реакторларды
Аңдатпа:

Энергетикалық жүйенің қосалқы станцияларында қуат беру тәртібін оңтайландыру мақсатымен трансформаторлы түрлі басқарылатын шунттаушы реакторларды қолдану мүмкіншіліктері қарастырылған. Тәбиғи қуат тәртібін қамтамасыздандыратын және электрлік жүйеде белсенді қуатты жоғалтуды төмендететін күштерді реттеу заңдары анықталып көрсетілген

Журналдың шыққан жылы: 2018
Журнал нөмірі: 3(71)

Орта ғасырлық араб тілді философиядағы ақыл-ой мәселесі. Тарихи-философиялық аспект
Аңдатпа:

Авторлар шығыс перипатетиктерінің философиясын талдауға сүйене отырып, орта ғасырдағы араб тілді философиялық дүниетанымда ақыл-ой мәселесінің генезисін қадағалау қажет екенін көрсететін, аз зерделенген аспектілер бар екенін көрсетті. Мақалада ХХІ ғасыр әлемі – бұл ғылым мен философия саласындағы логикалық-гносеологиялық мәселелерді талап ететін постиндустриалды, ақпараттық қоғам әлемі. Сондықтан осы мәселенің тарихын, оның генезисі мен дамуын оң әлеует пен прогрессивті идеяларды анықтау үшін сыни зерттеу қажеттілігі туындайды. Бұл тұрғыда Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн-Сина, Ибн-Рушд, араб тілді орта ғасырдағы ой мен логика мәселелерін, гносеологиялық идеяларды талдау және зерттеу тек тарихи-философиялық қызығушылыққа ғана емес, сонымен қатар өзекті мәнге ие. Бұл мақалада авторлар Аристотель идеяларына сүйенетін ортағасырлық араб тілді Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн-Сина, Ибн-Рушд философиясының шығыс перипатетизм өкілдерінің дүниетанымындағы ақыл-ой мәселесі қарастырылды. Жұмыста орта ғасырға тән, араб тілді ақыл мәселесінің тарихи-философиялық аспектісі ұсынылған. Шығыс перипатетизм өкілдерінің танымдық қызығушылығы философиямен, логика мәселелерімен, ақыл-ой туралы оқумен байланысты. Орта ғасыр дәуіріндегі араб тілді философтар адамның гносеологиялық қабілеттерін ұғынумен айналысты, Әл-Кинди араб тілді философияның негізін қалаушы бола отырып, ақыл-ойдың түрлері мен таным кезеңдері туралы идеяны ұсынды. Әл-Киндидің оң философиялық идеялары Әл-Фарабидің дүниетанымына байланысты дамыды. Ұлы ғұлама ақылға қонымды танымның басымдығын даусыз деп санады, сонымен қатар Әл-Фараби логикаға, таным теориясына және адамның танымдық қабілетіне қызығушылық танытты. Әл-Фараби философиясы Ибн-Синаның философиялық көзқарастарына елеулі әсер етті. Ибн Синаның рационализмі логиканы өте жоғары бағалауда да көрініс тапты, ойшыл логиканы философиялық білімге енгізу деп санады. Ибн-Рушд өзінің шығармашылығында оның ізбасарлары Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн-Сина сияқты перипатетикалық жолмен дамыды. Авторлар философия мен ғылымдағы ақыл проблемасы араб тілді орта ғасырдағы шығыс перипатетиктерінің іліміне байланысты өзінің генезисінің бар екенін көрсетуге тырысты. Орта ғасырдағы араб тілді философтар ойдың танымдық күші туралы ілімді, теологиялық контекст пен логикалық-гносеологиялық шектеулерге қарамастан, философия тарихында прогрессивті рөлге ие етті.

Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 2(78)

Замандастарының естеліктеріндегі Г.А. Бешкаревтің автор образын қалыптастыру мәселесі
Аңдатпа:

Геннадий Арсеньевич Бешкарев-өткен ғасырдың 30-жылдары Павлодарда біраз уақыт тұрған ақын, прозаик, публицист, мемуарист. Сонымен қатар, оның шығармашылық мұрасында "Павлодарские были"атты көркем және тарихи қызығушылық тудыратын естеліктер бар. Бұл шығармада соғысқа дейінгі Павлодар туралы білімімізді байыта түсетін әлеуметтік-тұрмыстық картиналар көркем-публицистикалық түрде айқын берілген. "Павлодарлықтар" ерекше құнды болды, өйткені 20 ғасырдың 30-шы жылдары аймақтың орыс әдебиетіндегі өзіндік "ақ дақ" болып саналды. Кеңеске қарсы қызметі үшін айыпталған Г.А. Бешкарев Сібір лагерлерінде бес жылға мерзімге сотталды және оның жұмысы ұзақ уақыт жарияланған жоқ, тек біздің заманымығана өз оқырманын тауып отыр. Г.А. Бешкарев шығармалары Қазақстанның орыс жазушыларын зерттеу жөніндегі "Павлодар әдеби"хрестоматиясына енгізілді. Осыған байланысты автордың жеке портретін қалпына келтіру маңызды болып көрінеді, оған қазіргі замандастарының естеліктері, олардың жазбаша және ауызша куәліктері ғана көмектесе алады. Бұл мақала сұхбат нәтижесінде алынған деректерді жүйелеп, талдауға тырысады және жазушының өмірбаянын құруға материал бола алады. Мақала авторының 2017 жылдың күзінде Алматы қаласында автордың жақын туыстарымен өткізген әңгімелері жазушының жеке басының ерекшеліктерін, оның өмірдің түрлі аспектілеріне: дәуірге, адамдарға, шығармашылыққа қатынасын ашады. Отбасы мүшелерінің естеліктерінде Бешкарев сирек кездесетін түзу және берік адам ретінде көрінеді, Өз уақытының әділетсіздігімен келіспейді, физикалық тұрғыдан төзімді, төзімділікке ие адам ретінде. Достардың жадында ол талантты шешен, кейде өткір тілді, кейде баурап алатын, қажымас қайратты, адамгершілігі моладам ретінде, әріптестеріне, әйелдерге, оқушыларға қиындықтарды жеңу кезінде жанқиярлықпен және ынтамен көмектесугедайын мұғалім ретінде сақталады. Түйін сөздер: Бешкарев, мемуарлар, Павлодар, совет дәуір, қуғын-сүргін, Павлодар әдебиеті.

Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 3(79)

Павлодар аймағы экономикасының металлургиялық кластерінің жағдайы мен мәселесін талдау
Аңдатпа:

Мақалада Павлодар облысының материалдары негізінде аймақтың нақты секторы салаларында кластерлік даму жағдайы мен мәселелері талданған. Жалпы алғанда Қазақстанның барлық аймақтары сияқты Павлодар облысының инновациялық дамуының басты мәселесі - бұл оларды жүзеге асыратын инновациялардың көлемінен, кезеңділігімен және тиімділігімен көрінетін кәсіпорындардың жеткіліксіз инновациялық белсенділігі. Сонымен бірге экономиканың нақты секторына жататын кәсіпорындардың көпшілік бөлігінде инновациялық қызметті дамыту үшін жеткілікті ресурстары бар. Алайда, олардың технология трансферті мақсатында экономиканың басқа секторы мен салаларындағы кәсіпорындармен өзара әрекеттесуінің болашағы шамалы. Тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасының аумақтарын дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасында тұжырымдалған аумақтың кеңістіктік дамуының теңгерімді қағидаларына сәйкес келмейді. Бұл мәселені шешу бағыттарының бірі - бизнес субъектілерінің кластерлік тәсілі мен өзара әрекетін қалыптастыру және дамыту. Мақалада кластердің аймақтық даму институты ретіндегі жұмысының тиімділігі бағаланады. Павлодар облысының металлургиялық кластері мысалында аймақтық экономикадағы кластерлік бастамаларды қалыптастырудың негізгі жолдары мен әдістері қарастырылды, аймақтың металлургиялық кластерін дамытуға SWOT талдау жасалды, оның негізгі мәселелері анықталды; кластерлерді дамытудың басым бағыттары атап өтілді (металлургиялық кластер, оның ішінде соңғы өнім өндірісі, теміржол машинажасауының кластері, ауыл шаруашылық кластері), оның дамуы аймақтағы химия және мұнай химиясы кластері, жол кластері және бірқатар жаңа жоғары өндірістік салалардың пайда болуы мен толық дамуы үшін жағдай жасай алады, құрылыс техникасы, көліктік-логистикалық кластер, заманауи өндіріс технологиялары мен инжиниринг кластері, машиналар мен жабдықтарға арналған компоненттер шығаруға арналған кластер және энергетика саласына арналған өнеркәсіптік электротехника мен жабдықтар кластері жүзеге асырылуына жағдай жасайды. Сондай-ақ, авторлар аймақтағы кластерлік бастамаларды дамыту стратегиясын жүзеге асыру «болашақ күн» кластерлеріне негіз қалауы мүмкін екенін атап көрсетеді, мысалы: ресурстарды тиімді пайдалану кластері және экологиялық таза өңдеу, жаңа энергия кластері, инновациялық медицина кластері, туристік-рекреациялық кластер.

Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 3(79)

Ақсу ферроқорытпа зауытының маңында кездесетін шөптесін өсімдіктердің ауру қоздырғыш саңырауқұлақтарын зерттеу
Аңдатпа:

Павлодар қаласы сияқты ірі өндіріс нысандарына жақын орналасқан өсімдіктердің техногендік «метаморфозасы» өнеркәсіптік кәсіпорындар шығарындыларының әсерінен химиялық, сондай-ақ шаруашылық қызметке байланысты механикалық факторлардың әсер етуінің салдары болып табылады. Әр түрлі аймақтардағы өсімдіктерге техногендік факторлардың әсері бірдей емес және аймақтың экономикалық даму басымдықтарына байланысты, бірақ кез-келген жағдайда мұндай әсердің нәтижесі құрылымның бұзылуымен, флористикалық әртүрліліктің төмендеуімен және қауымдастықтардың өнімділігімен бірге өсімдіктердің өзгеруі болып табылады. Бұл өз кезегінде шөптесін өсімдіктерді патогендік саңырауқұлақтармен жұқтыруға әкелуі мүмкін, олар теріс процестерді тудырады: өсімдіктердің өсу қарқындылығының төмендеуі, олардың сәндік қасиеттерінің нашарлауы, биологиялық түрлердің өмір сүруі төмендейді. Мақаланың мақсаты – фитопатогендік аурулардың қоздырғыш саңырауқұлақтарының түрлерін зерттеу, сондай-ақ «Ақсу ферроқорытпа зауытынан» (АФҚ) қарқынды-теріс техногендік әсер ететін өсімдік компонентінің өзгеру дәрежесін анықтау. Эксперименттік зерттеу жүргізу үшін хромды, кремнийлі және марганец қорытпаларын өндіретін ірі металлургиялық кәсіпорынның бірі – «Ақсу ферроқорытпа зауытының» (АФЗ) жанында өсетін фитопатогенді аурулардың қоздырғыш саңырауқұлақтарын анықтау үшін Artemisia dracunculus L; Artemesia vulgaris L; Atriplex fera L; Atriplex patula L; Artemisia annua L тектес өсімдіктердің үлгілері жиналды. Бұл зерттеуде «Ақсу ферроқорытпа зауыты» өнеркәсіптік аймағының маңында кездесетін шөптесін өсімдіктердің ауру қоздырғыш саңырауқұлақтарының құрамы қарастырылды. Эксперименттік зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша 1 қатарға, 1 туысқа, 4 түрге жататын шөптесін өсімдіктердің фитопатогендік саңырауқұлақтары табылды.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Қазақстанда мемлекеттік басқарудың жаңа жағдайындағы объектілерді физикалық қорғау саласы
Аңдатпа:

Мақалада ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ерекше маңызы бар объектілер ретінде терроризмге осал объектілерді физикалық қорғау саласындағы қызметтерді ұсыну нарығында қалыптасқан жағдай талданады. Саланың дамуына кедергі болатын негізгі проблемалар: өмірлік циклдің барлық кезеңдерінде, жобадан бастап қолданыстан шығаруға дейінгі, тәуекелді бағалауды ескере 80 Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы. 2021. № 2 ISSN 2709-3077 отырып, физикалық қорғаныс жүйелерін пайдаланудың барлық аспектілеріне қойылатын талаптарды белгілейтін кешенді нормативтік базаның болмауы; сектораралық өзара іс-қимылдың барлық аспектілері ескерілмейтін бақылау рәсімдерінің формальды сипаты; саланы тиімді реттеуді қамтамасыз ететін тәсілдерді әзірлеу процесіне білікті мамандардың аз тартылуы. Техникалық құралдардың дамуы және күрделенуімен қауіпсіздікті тәжірибелік тұрғыдан шындықтың басты критерийі ретінде қарастырған жөн. Физикалық қорғау жүйелері, басқа күрделі жүйелер сияқты, іске асырылған кезде тиімді тәсілдерді қажет етеді. Қазіргі жағдайдағы басты мақсат – террористік тұрғыдан осал объектілерді (бұдан әрі – ТТОО) қорғау саласындағы қызмет субъектілері арасындағы қатынастарды тиімді реттейтін мемлекеттік органдар мен кәсіби қоғамдастықтың өзара әрекеттесу моделін құру. Мақала авторлары нормативтік құқықтық базаны талдады. Саланың дамуына кедергі болатын жағдайлар анықталды. Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту бағыттары бойынша Қазақстан Президентінің жолдауы да зерттелді. ТТОО қорғау саласындағы қызмет субъектілері арасындағы процестер мен байланыстарды модельдеу жүзеге асырылды. Қорғаныс жүйесін сапа көрсеткіштері бойынша бағалау критерийлерінің болмауына байланысты жеткіліксіз қорғаныс деңгейінің басты себебі ашылды. Бұған жүйелерге қойылатын талаптарды әзірлейтін және стандарттарды қолдануды ескермейтін техникалық мамандардың жеткіліксіз құзыреттілігі, сондай-ақ нарық субъектілерінің қызметін бақылауға кәсіби қоғамдастықтың жеткіліксіз араласуы ықпал етеді. Мақала авторлары ТТОО қорғаудың басқару жүйесінің моделін ұсынады, бұл процестердің сапасын жақсартады және кәсіби қоғамдастықты қосымша тарту және нормативтік құжаттарды әзірлеу арқылы нәтижені қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, модель ел басшылығы белгілейтін мемлекеттік басқару жүйесінің даму барысына сәйкес келеді. ТТОО қорғауды басқару жүйесінің жаңа моделін енгізу бойынша бірқатар ұсыныстар жасалды. Модель мемлекеттік органдар мен кәсіби қоғамдастықтың өзара әрекеттесуін сипаттайды.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Ел дамуының функционалдық моделі – білім беру және кәсіби қызметті модельдеудің жүйелік негізі
Аңдатпа:

Нарықтық белгісіздік, коронавирус пандемиясы, Қазақстанда ресми түрде артикуляцияланған ұлттық идеяның, ұлттық мүдделер мен идеологияның болмауы жағдайында елдің дамуының функционалды моделінің жоқтығынан - модельдеудің, болжаудың және жағымсыз салдардың алдын алудың маңызды шарты – білім беру және кәсіби қызмет субъектілерін барабар өзін-өзі анықтау мәселесі айқын сезіледі. Мақсаты - білім беру және кәсіби қызметтегі жағымсыз салдарларды модельдеу, болжау және алдын алу үшін ел дамуының функционалдық моделін құрудың логикалық әдістерін негіздеу. Авторлар пайдаланған әдістер: генетикалық мазмұнды логиканың онтологиялық принципі, абстрактіден нақтыға көтерілу әдісі, ойдың сызбалық бейнелерінің алыпсатарлық тілі және іс-әрекеттің әдіснамалық теориясының тілі. Гераклит, Платон, Аристотель, Кант, Гегельдің негізгі идеяларын талдау нәтижесінде бір нәрсе туралы дерексіз ұғым ойлаудың бастапқы негізі ретінде қабылданды. Осы тұжырымдамадан ВАК логикасында функционалды-жүйелік объектінің моделі алынды. Бастапқы "жасуша" ретінде қолданылатын осы модельден абстрактіден нақтыға және схемалық бейнелеу тіліне көтерілу әдісін қолдана отырып, өркениеттің қалыптасуы мен жұмыс істеу модельдері, сондай-ақ елдің даму моделі дәйекті түрде алынды. Модельдердің конструктивті негізі форма мен морфологияның функционалды үйлесімінің бірыңғай механизмі болып табылады, бұл олардың ұқсастығы мен дәйектілігін анықтайды. Білім беру және кәсіби қызметті модельдеу мен үйлестіруге сәйкес келетін әр түрлі масштабтағы өлшенетін және біріктірілген қызмет модульдерінің банкін құру мүмкіндігі пайда болады. Генезис принципін, абстрактіден нақтыға көтерілу әдісін, ойдың схемалық бейнелерінің алыпсатарлық тілін, елдің функционалды-жүйелік объектісі мен даму моделін аналитикалық, педагогикалық және басқарушылық қызметтегі негізгі әдіснамалық құралдар ретінде қарастыру ұсынылады. Елдің даму моделін дағдарыссыз қызмет жүйелерін құру құралы ретінде пайдалану ұсынылады. Бейнеленген функционалды-жүйелік модельдер білім беру және кәсіби қызмет жағдайларын кездейсоқ емес схемалық және сценарийлік модельдеудің қажетті конструктивті алғышарты болып табылады. Субъектілердің өзін-өзі анықтауға, өзін-өзі ұйымдастыруға, өзін-өзі қалыптастыруға, сондай-ақ ұйымдастырушылық-коммуникативті, сызбалық және үйлестіру қабілеттеріне сәйкес рефлексивті-ойлау қабілеттерін игеруі жеткілікті шарт болып табылады.

Журналдың шыққан жылы: 2022
Журнал нөмірі: 1(85)

Павлодар облысы туризміндегі менеджменттің ерекшелігі
Аңдатпа:

Қазіргі уақытта Covid-19 әлемдік пандемиясы Қазақстандағы туризмнің тартымдылығы мен рентабельділігін айтарлықтай төмендеткеніне қарамастан, Қазақстанның және оның өңірлерінің туристік саласы дамуын жалғастырып отыр. Туризм және жыл сайын өсіп келе жатқан туризм қызметтеріне сұраныс көптеген елдер үшін үлкен табыс пен пайда көзіне айналуда. Дүниежүзілік саяхат және туризм Кеңесінің (WTTC) мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта саяхат пен туризм әлемдік ЖІӨ-ге қосқан үлесін және халықты жұмыспен қамтуды ескере отырып, әлемдік индустрияның ең ірі саласы болып табылады. Мақалада туристік нарықтың тартымдылығы мен саланы кеңейту жолдары бағаланады, туристік саладағы менеджменттің ерекшеліктері анықталады. Павлодар облысында туризм мәселелері анықталды. Бұл зерттеу өзекті болып табылады, өйткені бүгінгі күннің басты міндеті Қазақстан Республикасындағы басқа ілеспе салалардың дамуына ықпал ететін туризмді дамыту саласындағы проблемалар мен сын-қатерлерді зерделеу болып табылады. Туризм саласының өз мәселелерін дамыту және шешу, сөзсіз, осы нарықтың мүмкіндіктері мен қызметтерге сұраныстың артуына алып келеді және соның салдарынан облыстар мен Қазақстанның экономикалық көрсеткіштерінің дамуына әсер етеді. Мақаланың мақсаты-Павлодар облысында туристік саланы дамытудың теориялық және практикалық аспектілерін зерттеу. Зерттеу барысында әдебиеттерді теориялық талдау, деректерді саралау, топтастыру және жүйелеу әдісі, статистикалық әдістер сияқты әдістер қолданылды.

Журналдың шыққан жылы: 2022
Журнал нөмірі: 4(88)