Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: четвертая промышленная революция

Нәтижелер саны: 4


Қазақстан Республикасында нанотехнологияны дамытудың жай-күйі мен перспективалары
Аңдатпа:

Нанотехнология – теориялық негіздемесі, зерттеудің тәжірибелік әдістемесі, талдау және синтездің, сондай-ақ жеке атомдар мен молекулалардың бақыланатын манипуляциясы арқылы атом құрылымы бар өнімдерді өндіру және қолдану әдістері жиынтығынан тұратын іргелі және қолданбалы ғылым мен техниканың саласы. Қазақстан Республикасы Президенті Ұлт көшбасшысының Қазақстан халқына Жолдауында – «Қазақстан-2050» мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясында Н.А. Назарбаев алдына 10 мақсатты көздеген, оның бірі – Қазақстанның үшінші индустриалды революцияға көшуі. Нанотехнология – бұл өнеркәсіптік революцияның салаларының бірі. Бүгінгі әлемде, соңғы бірнеше жылда, нанотехнология қарқынды дамуда. Нанотехнологияның ерекшелігі шексіз салада пайдалану мүмкіндігі болып отыр, сондықтан олар экономиканың мүлдем жаңа технологиялық құрылымы үшін негіз бола алады. Сондықтан оның дамуы елдегі ғылымның аса маңызды саласы болып саналады. Нанотехнология өнімдерін пайдалану, шикізат пен энергия тұтынуда үнемдеуге шығарындыларды қысқарту және соның салдары ретінде, тұрақты экономикалық дамуына ықпал ететін болады.

Журналдың шыққан жылы: 2018
Журнал нөмірі: 4(72)

Индустрия 4.0: еңбек нарығындағы қиындықтар мен мүмкіндіктер XVIII
Аңдатпа:

XVIII ғ. басталған өнеркәсіптік өндірісте бу мен механикаландырылған өндірісті пайдалану экономикада үлкен өзгерістер тудырды. Нәтижесінде өнімнің саны мен сапасының артуымен бірге өндіріс шығындары төмендеді. Осы кезеңде өндіріс қол еңбегінен механикаландыруға революциялық жолмен өтті. Индустрия 4.0-дің еңбек нарығына әлеуетті әсері әлі зерттелмеген ғылыми сала болып қала береді. Индустрия 4.0 жұмыспен қамту құрылымын өзгерту арқылы жұмыссыздыққа әкеледі және жұмыссыздық пен еңбек қатынастары тұрғысынан жаңа құрылымдық мәселелер тудырады деп есептеледі. Зерттеудің мақсаты: Индустрия 4.0-дің еңбек нарығына әсерін және әсердің салдарын анықтау болып табылады. Өндірістің даму эволюциясы зерттелді, электр энергиясымен жаппай өндіріс «Индустрия 2.0» дәуіріне алып келді, содан кейін цифрлық революция пайда болды, «Индустрия 3.0» өндіріс процестерінде электроника мен ақпараттық технологияны қолдану басталды. Халықаралық сарапшылардың, ғалымдардың пікірі бойынша автоматтандыру және роботтандырылған өндіріс біліксіз жұмыс күшіне үлкен әсер етеді және қоғамның осал секторларының, яғни әйелдер, мигранттар, жастар мен жұмыс күшінің қысқаруына алып келеді деп күтілуде. Бұл зерттеу төртінші өнеркәсіптік революцияның еңбек нарығына мүмкін әсерін бағалады. Индустрия 4.0-де қалыптасып келе жатқан тенденцияларға әдеби шолу және талдау жасау арқылы процестің тәуекелдері, мүмкіндіктері мен қиындықтары салыстырмалы түрде қарастырылады. Елдерде еңбек нарығының өзгеруін дұрыс қабылдауы және тиісті шаралар қойылуы керек екендігі анықталды. Әйтпесе, қолданылатын еңбекке негізделген арзан индустрияландыру моделі салыстырмалы артықшылығын жоғалтады.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі білім беру жүйесі: оқу дағдылары мен ойлауды дамыту
Аңдатпа:

Компьютерлік жүйелер мен технологиялар біздің қоғамды айтарлықтай өзгертеді. Бұл өзгерістер әлеуметтік саламен де, өндірістік саламен де байланысты. Инновациялық цифрлық технологиялар еңбек нарығына және кәсіби қызметке үлкен әсері бар, олардың электронды ортаға ауысуына да ықпал етеді. Цифрлық технологияларды қолдана отырып, қазіргі адамдар жаңа мақсаттар қояды және мәселелерді шешудің жылдамдығымен шешеді, бұл желілерде бірлескен таратылған әрекеттердің мүмкіндіктерін пайдаланады. Бұл контексте – мамандардың жаңа құзыреттіліктері сұранысқа ие. Бұл зерттеудің мақсаты – төртінші өнеркәсіптік революцияның білім беру жүйесіне әсерін анықтау және оқу үшін дағдылар мен ойлауды дамыту. Ғылыми зерттеулер жүргізген кезде экономикалық және статистикалық әдістер қолданылды. Бұл әдістер салыстырмалы талдауда, сондай -ақ төртінші өнеркәсіптік революцияның әсерін ескере отырып, жоғары білім беру жүйесінің деректері мен көрсеткіштерін бағалауда қолданылды. Аналитикалық әдіс қазіргі жағдайда оқыту дағдылары мен ойлауының дамуына әсер ететін сипаттамаларды және факторларды қарастыру үшін қолданылды. Абстрактілі-логикалық әдіс цифрлық технологиялардың ықпалынан еңбек нарығының дамуына әсер ететін мәселелерді анықтау үшін қолданылады. Зерттеу нәтижесі – алдағы өзгерістер туралы қорытынды жасалады. Автоматтандыру мен цифрландыру көптеген елдерде айтарлықтай жұмыссыздыққа әкелуі ықтимал, сондықтан цифрландыруға байланысты жұмыссыздықтың орнын толтыру үшін бейімделу инновациялық саясаты қажет. Үкімет өз азаматтарының экономикалық даму құралы ретінде жоғары білімге қомақты қаржы бөлуі қажет. Өмір бойы білім алуды төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі табыстың маңызды элементі ретінде анықтау қажет. Оқу бағдарламалары цифрлық дағдыларды дамытуы және автоматтандыруға байланысты жұмыс күшінің бұзылуын шешуі керек.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

«Әскери коммунизм» кезеңіндегі Қазақстандағы мемлекеттік басқару тарихынан
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: ұсынылған мақалада «әскери коммунизм» кезеңіндегі Қазақстандағы кеңестік билік институттарының пайда болуы мен қызметі қарастырылады. Мұрағат материалдары мен жарияланған еңбектер негізінде авторлар Кеңестердің, революциялық комитеттердің қызметіне талдау жүргізілген. Қорытындылай келе, кеңестік билік институттарының пайда болуы мен мақсатын анықтайтын тұжырымдар жасалады. Мақсаты: 1918-1921 жылдардағы Қазақстандағы жергілікті басқару органдары эволюциясының негізгі тенденциялары мен ерекшеліктерін зерттеу. Әдістер: зерттеу тарихтік, ғылыми объективтілік және жүйелік құрылымдық-функционалдық талдау принциптеріне негізделген. Осыған байланысты біз келесі әдістерді қолдандық: кеңестік, партиялық және басқа да жергілікті органдардың басқарушылық қызметін қайта құру үшін тарихи реконструкция әдісі; жергілікті құбылыстар мен билік саласындағы үрдістерге қатысты жергілікті (аймақтық) ерекшеліктерді зерттеуге арналған оқшаулау әдісі; әр түрлі типтегі жергілікті билік органдарын анықтауға және сипаттауға мүмкіндік берген типологизация әдісі. Нәтижелері және олардың маңыздылығы: 1918-1921 жылдары азаматтық қарсыласу, «әскери коммунизм» және ЖЭС-тің басталуы кезінде Қазақстанда жаңа Кеңес үкіметінің органдары пайда болды және жұмыс істеді. Олардың іс-әрекетін, тіпті қысқа уақыт ішінде мұқият зерделеу, келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді: а) антидемократиялық мәні; ә) қатаң әлеуметтік бағдар; б) байырғы халықтың одан алыстауы; в) жанжалды жағдайлар жасауға имманентті қасиет; г) проблемалық жағдайды шешудің оңтайлы емес жолдары мен тәсілдерін таңдау; д) партия мен мемлекетті біріктіру процесі басталды: кез-келген лауазымды большевик қана иелене алады. Сайып келгенде, Конституцияда көзделмеген партиялық номенклатураның кеңейтілген және епсіз сыныбы пайда болды.

Журналдың шыққан жылы: 2022
Журнал нөмірі: 4(88)