Адамзат тарихында ұлттық мүдде туралы мәселенің шешім таппауына байланысты мысалдар аз емес. «Ұлттық мүдде» санаты әлемнің барлық мемлекеттерінің қазіргі заманғы саяси және ғылыми салаларға мықтап енді. Дамуының дәрежесі мен сипатына қарамастан кез келген елдің белгілі бір баса назар аударатын ұлттық мүдделері бар. Олардың қатарына экономикалық мүдде кіретіні даусыз. Мемлекеттік-ұлттық мақсаттары нақты айқындалмаған халықтың болашағы жоспарсыз, шашыраңқы болуы мүмкін. Сол себепті, оған жат әлеуметтік-саяси құрылым күштеп таңылуы мүмкін. Тарихи тәжірибе көрсетіп отырғандай, нақты проблемаларды боямалау, мүмкін боларлық қателердің алдын алу, мемлекет ішінде қауіпсіздікті нығайту жөніндегі қажетті шараларды қолдану мен өткізуге кері әсерін тигізуі мүмкін. Осы мақаланы толық мәнді және жан-жақты ету үшін біз аса маңызды категория ретінде адамдардың оларды қоршаған әлемге белсенді қатынасын көрсететін «концепт» ұғымына соқпай өте алмаймыз. Зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік-құқықтық институт ретінде экономикалық қауіпсіздік ұғымын талдау болып табылады. Мақалада келесі әдістер қолданылды: қажеттілік салыстырмалы-құқықтық, жүйелік- құрылымдық, сонымен қатар жүйелік талдау әдісі. Қажеттілік, тұлғаның мүдделері әлеуметтік мемлекеттің мәнін зерттеуде - басты буындардың бірі болып табылады. Өйткені, құқықтық мемлекет өз нормаларында тұлғаның өмірдегі әлеуметтік мүдделерін сол қалпында білдіруі тиіс. Осы категориялар әлеуметтік әрекеттердің тікелей себептерін ашуы үшін жасалған, соның нәтижесінде қоғамдық өмірдің түрлі саласында өзгерістер мен толықтырулар болып тұрады. Әрбір елде мүдденің алатын орны ерекше. Мүдделер әртүрлі болып келеді. Әлеуметтік топ та, ұжым да, тұлға да өз қылықтарының, әрекеттерін өз мүдделерімен ұштастырады. Адам оны қоршаған ортаға қажетті мүдделерді анықтайтын өз мақсаты арқылы бірлесе іс-қимыл жасайды. Сондықтан әдеттегі сана деңгейінде адамдардың жеке іс қимылы мен қылықтарында, сондай- ақ жаппай тарихи оқиғалар мен құбылыстарда мүдденің үлкен мағынасы айқындалады. Осы мәселені егжей-тегжейлі қарастырып, оның негізгі принциптерін талдай отырып, біз экономикалық қызығушылық ұғымын анықтаймыз. Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өзіндік ғылыми-техникалық дамуға, адами және табиғи ресурстарға сүйену, яғни отандық өндірушілердің пайдасына басқару туралы шешім қабылдау және экономиканың басым салаларына күрделі салымдарды қамтамасыз ету қажет.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік-құқықтық институт ретіндегі экономикалық мүдделері: іске асыру ұғымы және проблемалары
Аңдатпа:
Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:
Тақырып: Құқық