Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: энтеробиоз

Нәтижелер саны: 2


Балаларда жанама əсер туғызатын гельминттерге қарсы препараттар
Аңдатпа:

Қазіргі уақытта энтеробиоздың клиникалық көрінісі айтарлықтай толық зерделенген, алайда соңғы онжылдықтағы жаһандық экологиялық өзгерістер, гельминттерге қарсы дəрілік заттарды кеңінен қолдану жəне бірқатар өзге факторлар осы паразиттік инвазиялардың клиникалық бейнесін өзгертті. Бүгінгі таңда балалардағы паразиттік инвазияларды емдеу мəселесі де толық шешілмеген. Паразиттерге қарсы препараттардың кең спектріне қарамастан, олардың барлығының толып жатқан жанама əсерлері бар, одан бөлек паразиттерге қарсы препараттарға көптеген паразиттердің төзімділігінің даму тенденциясы байқалады. Осыған байланысты, уақытылы емдеуді жанама əсерлері барынша аз жəне балалардағы паразиттік инвазияларға қатысты тиімділігі жоғары əдістермен жүргізу мақсатында ішекқұрттық- паразиттік инвазияларды ерте, сапалы, ақпараттық-өзіндік анықтаудың əдістерін іздеу өзекті болып қала бермек.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Балалардағы энтеробиоз диагностикасының заманауи əдістері
Аңдатпа:

Мақалада ресейлік медик-микробиологтар Ю.А. Копанев пен В.Н. Одинцова еңбектерінде балалардағы энтеробиоз диагностикасының заманауи əдістерін ғылыми зерттеулерінің қысқаша талдауы берілген. Ерте сатыларда балалардағы энтеробиозды, сонымен қатар жасырын жəне диагностикалануы қиын гельминтоздарды анықтаудың ең сапалы-ақпараттық жəне ұтымды əдістеріне ерекше көңіл бөлінеді. Ғылыми зерттеулер талдауының негізінде энтеробиозбен ауыратын балалардың қазіргі симптоматикасы, патология диагностикасы мен ауруды емдеу құралдарының тиімді əдістемесі анықталады.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі: