Қазіргі уақытта энтеробиоздың клиникалық көрінісі айтарлықтай толық зерделенген, алайда соңғы онжылдықтағы жаһандық экологиялық өзгерістер, гельминттерге қарсы дəрілік заттарды кеңінен қолдану жəне бірқатар өзге факторлар осы паразиттік инвазиялардың клиникалық бейнесін өзгертті. Бүгінгі таңда балалардағы паразиттік инвазияларды емдеу мəселесі де толық шешілмеген. Паразиттерге қарсы препараттардың кең спектріне қарамастан, олардың барлығының толып жатқан жанама əсерлері бар, одан бөлек паразиттерге қарсы препараттарға көптеген паразиттердің төзімділігінің даму тенденциясы байқалады. Осыған байланысты, уақытылы емдеуді жанама əсерлері барынша аз жəне балалардағы паразиттік инвазияларға қатысты тиімділігі жоғары əдістермен жүргізу мақсатында ішекқұрттық- паразиттік инвазияларды ерте, сапалы, ақпараттық-өзіндік анықтаудың əдістерін іздеу өзекті болып қала бермек.
Балаларда жанама əсер туғызатын гельминттерге қарсы препараттар
Аңдатпа:
Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:
Тақырып: Жаратылыстану ғылымдары