Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: этажный дом

Нәтижелер саны: 5


Каспий теңізінің Солтүстік Абшерон шығанағы балықтарының түр-тұқымдық құрамы мен басым түрлерінің қоректенуі
Аңдатпа:

Каспий теңізінің Солтүстік Абшерон шығанағында 2010-2012 жж аралығында балықты аумен аулау нәтижелерінің талдауы келтірілген, олардың негізінде 8 тұқымдасқа жататын балықтардың 26 түрін (16 теңіз балығының, 10 өтпелі және жартылай өтпелі түрін) қамтитын Каспий теңізі Солтүстік Абшерон шығанағының ихтиофаунасы ұсынылды. Әр тұқымдастың жеке түрлерінің таралу сипаты мен саны туралы қысқаша мәліметтер берілген. Солтүстік бағыттағы теңіз балықтары түрлерінің (Alosa braschnikowi kisselewitschi гасанкулинск майшабағы, A.b.sarensis саринск майшабағы) ареалдарын кеңейту тенденциясы белгіленген.

Журналдың шыққан жылы: 2012
Журнал нөмірі: 4(48)

Орыс лингвомәдениетінің «иісі» тұжырымдамасы мысалында этнос пен тілдің өзара әрекеттесуі
Аңдатпа:

Мақала орыс лингвамәдениетіндегі «иіс» тұжырымдамасының талдауына арналған. Әрбір мәдениет тілдің барлық әсемдігі мен тереңдігін жеткізуге мүмкіндік беретін кез келген мәдениеттің доминанты болып табылатын өздеріне тән иіске ие. Мақалада иіс арқылы адам тұлғасын, оның тәртібін, іс-қимылдарын, жасын, денсаулық жағдайын сипаттайтын түрлі мәдениеттерді иістерге сәйкестендіруді көрсететінфразеологиялық бірліктер қарастырылған.Мақала авторларының айтуынша иістер мәдени-релевантты мәндерге ие екенін атап көрсетеді.

Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 2(62)

Қырғыз Республикасында пробация қолданудың қазіргі мәселелері
Аңдатпа:

Осы мақалада автор Қырғыз Республикасында пробация институтын қолданудың қазіргі заманғы проблемаларын зерттейді. Мақала авторы пробация қызметінің қызметі мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және жергілікті мемлекеттік әкімшіліктердің қылмыстық-атқару мекемелерімен және пробация клиенттерімен тығыз ведомствоаралық өзара іс-қимылын болжайтынын атап көрсетеді. Сонымен қатар, мақалада қазіргі кезеңде Қырғызстанда пробация институты өзінің тиімділігі мен әлеуметтік қажеттілігіне қарамастан, шет мемлекеттермен салыстырғанда жеткіліксіз дамыған.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Конвертерлік болат балқыту өндірісінің шаңынан түрлі түсті металдарды алу
Аңдатпа:

Мақалада болат өндірісінің конверторлы шаңдарынан мырыш пен қорғасынды хлоридті айдауда температура мен қысымның әсері бойынша зерттеу нәтижелері келтірілген. Қазіргі уақытта объективті қажеттілік конверторлы болат өндірісінің шаңдарын пайдаға жарату технологиясын өңдеу, оны одан әрі қарай қосалқы өнімдерді өндіруде өндірісте қолдану болып табылады. Шаңдарды пайдалану табиғи шикізатты үнемдеп қана қоймай, сондай-ақ, өндіріс тиімділігін арттырып, экологиялық жағдайды жақсартады. Шаңдардағы түсті металдардың құрамы агломерация немесе домна өндірісі кезінде оларды өңдеуді және пайдалануды қиындатады, бұл кезде конвертерлік шаңдардағы (шламдардағы) темір мөлшері оларды перспективалы металлургиялық шикізат ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан, шаңды толық өңдеу үшін олардан түсті металдарды алу ұсынылады. Берілген жұмыстың мақсаты - хлоридті айдау әдісімен конвертерлі өндірістің шламдарынан мырыш пен қорғасын алу мүмкіншілігін анықтаудан тұрады. Жұмыста келесідей шаңдар қолданылды: 86,3 % Fe 2O3, 3,5 % FeO, 0,9 % Al 2O3 , 1,6 % CaO, 0,9 % MgO, 1,1 % MnO, 0,8 % SiO 2 , 4,4 % ZnO, 0,5 % PbO. Зерттеу 200-1600 градус С температура және 0,01; 0,1 және 1 бар қысым аралығында Гиббс энергиясының минимумды принципі негізінде «Outokumpu» финстік металлургиялық компаниясымен HSC-5.1 бағдарламалық кешенін пайдалана отырып, толық термодинамикалық талдау негізінде жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша, қалыпты қысым кезінде қорғасын хлоридін айдау 600 градус С температурада, ал мырыш – 900 градус С кезінде басталады, қысымды 0,01 барға дейін азайту температураны сәйкесінше 500 градус С және 700 градус С дейін төмендетеді; мырышты хлоридті айдау 90-96 % деңгейге жетуі үшін үрдісті 1145-1200 градус С кезінде және lgP = -2-ден 1,2 бар дейін қысымда жүргізу қажет, бұл кезде қорғасынды хлоридті айдау дәрежесі 99,8-100 % құрайды. Тең жағдайда қорғасын хлоридімен айдау мырышқа қарағанда анағұрлым толық басталады.

Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 2(78)

Университеттерде студенттік кәсіпкерлік қоғамдастықты дамыту (ИнЕУ мен ОДУ тәжірибесі)
Аңдатпа:

Басты мәселе: Қазіргі жағдайда студенттік кәсіпкерлік қоғамдастықты дамыту, кәсіпкерлік дағдыларды қалыптастыру, стартап-жобалар мен идеяларды қолдау және алға жылжыту болашақ түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады және олардың шығармашылық және кәсіпкерлік әлеуетін іске асыруға мүмкіндік береді. Авторлардың пікірі бойынша кәсіпкерлік білім беру саласындағы саясатты жүзеге асыру, кәсіпкерлік экожүйені және кәсіпкерлік ойлауды дамыту тәжірибе алмасуды және студенттермен жұмыс жасаудың жаңа тәсілдері мен әдістерін зерттеуді қажет етеді. Сондықтан мақалада Инновациялық Еуразия университеті мен Олд Доминион университетінің (АҚШ) кәсіпкерлік қоғамдастықты дамытудың негізгі бағыттары талқыланады. Мақсаты: «Кәсіпкерлік» бағыты бойынша оқытуды ұйымдастыру процесін қарастыру және осы бағытта авторлардың пікірлерімен таныстыру. Әдістері: жұмыста теориялық, эксперименттік, әдістемелік, сипаттамалық және аналитикалық зерттеу әдістері қолданылды. Нәтижелер және олардың маңызы: Авторлар «Кәсіпкерлік» бағыты бойынша білім беру траекториясы жаңа формацияны бітірушілердің белсенді өмірлік ұстанымы мен қалыптасуына ықпал етеді, бұл адам әлеуетінің дамуына әсер етеді деген тұжырымға келеді. Университеттердің кәсіпкерлік қоғамдастықты дамытудағы рөлі – студенттердің оқу процесінде, білім сапасын арттыруда және жаңа формалар мен әдістерді дамытуда кәсіптік дағдыларды дамытуға бағытталған білім беру қызметін жүзеге асыру. Кәсіпкерлік қоғамдастықты құру жөніндегі бірлескен жобаларға қатысу жоғары білімнің интернационалдандыру шекараларын кеңейтеді. Сондықтан, осы мақалада авторлар студенттерге кәсіпкерлік білім беру жүйесінің маңызды компоненті ретінде студенттердің кәсіпкерлік қоғамдастығын қалыптастыру бойынша жұмыс тәсілдері мен әдістерін жеткізуге тырысады.

Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 3(79)