Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: қорғасын

Нәтижелер саны: 2


Конвертерлік болат балқыту өндірісінің шаңынан түрлі түсті металдарды алу
Аңдатпа:

Мақалада болат өндірісінің конверторлы шаңдарынан мырыш пен қорғасынды хлоридті айдауда температура мен қысымның әсері бойынша зерттеу нәтижелері келтірілген. Қазіргі уақытта объективті қажеттілік конверторлы болат өндірісінің шаңдарын пайдаға жарату технологиясын өңдеу, оны одан әрі қарай қосалқы өнімдерді өндіруде өндірісте қолдану болып табылады. Шаңдарды пайдалану табиғи шикізатты үнемдеп қана қоймай, сондай-ақ, өндіріс тиімділігін арттырып, экологиялық жағдайды жақсартады. Шаңдардағы түсті металдардың құрамы агломерация немесе домна өндірісі кезінде оларды өңдеуді және пайдалануды қиындатады, бұл кезде конвертерлік шаңдардағы (шламдардағы) темір мөлшері оларды перспективалы металлургиялық шикізат ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан, шаңды толық өңдеу үшін олардан түсті металдарды алу ұсынылады. Берілген жұмыстың мақсаты - хлоридті айдау әдісімен конвертерлі өндірістің шламдарынан мырыш пен қорғасын алу мүмкіншілігін анықтаудан тұрады. Жұмыста келесідей шаңдар қолданылды: 86,3 % Fe 2O3, 3,5 % FeO, 0,9 % Al 2O3 , 1,6 % CaO, 0,9 % MgO, 1,1 % MnO, 0,8 % SiO 2 , 4,4 % ZnO, 0,5 % PbO. Зерттеу 200-1600 градус С температура және 0,01; 0,1 және 1 бар қысым аралығында Гиббс энергиясының минимумды принципі негізінде «Outokumpu» финстік металлургиялық компаниясымен HSC-5.1 бағдарламалық кешенін пайдалана отырып, толық термодинамикалық талдау негізінде жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша, қалыпты қысым кезінде қорғасын хлоридін айдау 600 градус С температурада, ал мырыш – 900 градус С кезінде басталады, қысымды 0,01 барға дейін азайту температураны сәйкесінше 500 градус С және 700 градус С дейін төмендетеді; мырышты хлоридті айдау 90-96 % деңгейге жетуі үшін үрдісті 1145-1200 градус С кезінде және lgP = -2-ден 1,2 бар дейін қысымда жүргізу қажет, бұл кезде қорғасынды хлоридті айдау дәрежесі 99,8-100 % құрайды. Тең жағдайда қорғасын хлоридімен айдау мырышқа қарағанда анағұрлым толық басталады.

Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 2(78)

Полигондағы өнеркәсіптік қалдықтардың айналымы және кәдеге жарату жөніндегі қызметті ұйымдастыру
Аңдатпа:

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар, басқалармен қатар, өндіріс қалдықтарын басқару процесін ұйымдастыруды рационализациялауға негізделген. Халықтың өсуі және индустрияландыру жарысы экожүйеге айтарлықтай қауіп төндіреді. Қазіргі уақытта жан басына шаққандағы қалдықтардың орташа Ғаламдық түзілуі жылына 494 кг құрайды. Қазақстан аумағында көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмыс істейді. Өндірілетін өнімнің ауқымы өте кең: тұрмыстық заттар, көлік, құрылыс материалдары, жабдықтар және тағы басқалар. Өндірістің әрбір түрі сөзсіз, өнеркәсіптік қалдықтардың көп мөлшерінің көзі болып табылады, жыл сайын Қазақстан кәсіпорындарында 600 миллион тоннаға дейін қалдық түзіледі, олардың үш пайызы қайта өңделеді. Павлодар облысының аумағында металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі, құрылыс индустриясы, жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындар жұмыс істейді, барлығы жүзге жуық. Осыған байланысты Павлодар облысында өнеркәсіптік қалдықтардың айналысы мен кәдеге жарату проблемасы өте өзекті. Мақалада қалдықтардың қоршаған ортаға әсерін азайту мақсатында олардың айналысын ұйымдастыру, қалдықтарды залалсыздандыру, тасымалдау, орналастыру, сондай-ақ оларды Павлодар қаласындағы өнеркәсіптік қалдықтар полигонында кәдеге жарату жүйесі қарастырылған. Қарастырылып отырған полигон «жасыл» деңгейдегі қауіпті емес өнеркәсіптік қалдықтарды: хром, кадмий, алюминий, мыс, қорғасын, мырыш, марганец қалдықтары мен сынықтарын, пластмасса, полиэтилен, абразив, резеңке қалдықтар, күл және күл-шлак қалдықтарын қабылдауға, уақытша сақтауға және орналастыруға арналған; сондай-ақ «кәріптас»: құрамында сынап, мышьяк, қорғасын бар қалдықтар, пайдаланылған аккумуляторлар, фосфор шлактары, пайдаланылған майлар, мұнай шламдары. Қалдықтарды жинау жұмыстарын ұйымдастыру схемасы қарастырылды. Қабылданған және қайта өңделген, сондай-ақ полигонда орналастырылған және өз қажеттіліктеріне пайдаланылған қалдықтардың көлемі, оның ішінде құрылыс қалдықтары, пайдаланылған шпалдар, күл-қоқыс және абразив сынықтары талданды. Өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жарату проблемасын шешу инновациялар және жаңа технологиялар мен жабдықтарды енгізу қажеттілігімен байланысты.

Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 3(79)