Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: құлдық.

Нәтижелер саны: 2


COVID-19 пандемиясына байланысты Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алу қатынастарының жаңа форматы
Аңдатпа:

Мақалада автор төтенше жағдай мен карантиндік шаралар жағдайында мемлекеттік сатып алудың құқықтық реттеу проблемаларын қарастырады. Мақсаты - елде төтенше жағдай және карантин режимінің енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында пайда болған өзгерістерді зерттеу болып табылады. Автор мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін қазақстандық заңнаманың жаңа нормаларына құқықтық баға береді және талдау жасайды. Мемлекеттік шекаралардың жабылуы, дағдыланған, жылдар бойы қалыптасқан экономикалық байланыстардың бұзылуы - мемлекеттік органдардың шаруашылық іс-әрекетіндегі ақаулықтарға әкелді. Орын алған барлық кемшіліктерге қарамастан, нарықта барлық қазақстандық өндірушілердің тауарларына сұраныстың артуы жағымды ықпал тигізді. Негіздемелік келісімдерді пайдалана отырып, енгізілген мемлекеттік сатып алудың жаңа тәсілі өз кезегінде қазақстандық тауар өндірушілердің өнімдерін кепілді өткізуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ жиі сатып алынатын тауарлардың импортын алмастыруға мүмкіндік берді. Автор осы салада қалыптасқан тәжірибені зерттеу негізінде заңнамадағы ???новеллалардың??? көмегімен мүлдем әлеуметтік жаңа жағдайларда мемлекеттік сатып алу саласын құқықтық регламенттеудің ерекшеліктерін көрсетеді, сондай-ақ, төтенше жағдай және карантиндік шаралар кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу саласын реттейтін құқықтық нормалардың қолданылу ерекшеліктерін ашады. ҚР Үкіметінің арнайы шаралар қабылдауы мемлекеттегі қаржы-экономикалық қатынастарды «тапсырыс беруші-жеткізуші» жаңа форматына көшіруге мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта Үкімет қабылдаған шаралар 2020 жылдың соңына дейін ұзартылды. ҚР Үкіметі тарапынан көрсетілген шаралар төтенше жағдай мен карантиндік шараларды енгізу аясында туындайтын шығындарды барынша қысқарту мақсатында орта және шағын бизнес өкілдері үшін осы саланы реттеудің жеңіл құқықтық режимін енгізуге мүмкіндік берді. Мемлекеттік сатып алу жөніндегі істерді қараудың сот тәжірибесіне талдау жасауды ескере отырып, автор Қазақстанда карантиндік шаралар жағдайында, әдетте, тапсырыс берушілер тарапынан да, жеткізушілер тарапынан да бір типті бұзушылықтар орын алғанын атап көрсетеді.

Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 3(79)
Тақырып: Құқық

Қазақстанда жеке бас бостандығын қылмыстық-құқықтық қорғау: қол сұғушылықты криминализациялаудың негіздері мен принциптері
Аңдатпа:

Бұл мақалада автор адам мен азаматтың жеке бостандығына қарсы шабуылдарды криминализациялаудың негіздері мен принциптерін зерттейді. Осы зерттеудің мақсаты – жеке бас бостандығына қол сұғатын әрекеттер криминализациясының негізділігін құқықтық талдау болып табылады. Қоғамда орын алатын әлеуметтік қауіпті әрекеттерді криминализациялау қылмысқа әсер ету құралдары арасында жетекші рөл атқаратындығы баса айтылады. Қылмыстық заңнаманы дамыту тәжірибесінде бұрын қылмыстық ретінде жазылмаған әрекеттер кейіннен заңнамалық деңгейде қылмыс деп танылған көптеген мысалдар бар. Зерттеудің әдіснамалық негізін дәстүрлі жалпы ғылыми және арнайы құқықтық әдістер құрайды: жүйелік-құрылымдық, тарихи-құқықтық және салыстырмалы-құқықтық. Зерттеуші жеке бас бостандығына қарсы қылмыстарды криминализациялау қажеттілігі, ең алдымен, келесі негіздердің болуымен байланысты екенін айтады: қоғамдық қауіптіліктің жоғары деңгейі; осы әрекеттердің теріс динамикасы; қылмыстық жауапкершілікті қолданбай жоюға болмайтын осы қылмыстарды жасау жағдайларының болуы; конституциялық құқықтар мен заңнамалық актілерді қорғаудың қылмыстық-құқықтық кепілдігінің қажеттілігі; қаралып отырған әрекеттерге қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттің халықаралық-құқықтық міндеттемелерінің болуы. Мақала соңында, Қазақстан Республикасында заң шығарушыны жеке басының бостандығына қол сұғушылықты криминализациялауға итермелейтін объективті негіздер шын мәнінде болған және орын алған деген негізделген қорытынды жасалады. Автор жеке бас бостандығына қарсы іс-әрекеттерді криминализациялау қағидаттарына: заңды-криминологиялық (қылмыстық-құқықтық шаралар арқылы әлеуметтік қауіпті әрекеттерге әсер ету мүмкіндігі; қудалаудың процедуралық орындылығы; санкцияның пропорционалдылығы және қуғын-сүргінді үнемдеу принципі); әлеуметтік-экономикалық (қылмыспен келтірілген материалдық және моральдық зиянның маңызды сипаты; оң салдардың негативтерден артықшылығы; қылмыстық-құқықтық тыйым салуды жүзеге асыру үшін материалдық ресурстардың болуы; әлеуметтік-психологиялық (қоғамдық құқықтық сана мен психологияның жеткілікті деңгейі); тарихи дәстүрлерді жатқызады. Мақалада автор қазақстандық заң шығарушының жеке бас бостандығына қарсы іс-әрекеттерді криминализациялау үшін шын мәнінде барлық негіз бар деген қорытынды жасайды. Сонымен бірге, жеке бас бостандығына қол сұғатын іс-әрекеттердің қылмыстық құқық нормаларымен салыстырмалы түрде реттелгеніне қарамастан, олар үшін қылмыстық жауапкершілікті құқықтық реттеу әлі де жетілдіруді талап етеді.

Автор: М.С. Акишев
Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 3(79)
Тақырып: Құқық