Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: ұрықтандыру

Нәтижелер саны: 3


Қазақстанда ауылшаруашылығы биотехнологиясының дамуы
Аңдатпа:

Осы мақалада Қазақстанда ауылшаруашылығы биотехнологиясының дамуының негізгі мәселелері және тенденциялары, елдің агроөнеркәсіп өндірісі кешенінде биотехнологияларды қолданудың болашағы қарастырылған. Қазақстанның ғылыми ұйымдарының шетелдік жетекші ғалымдары мен ғылыми ұйымдарын тарту арқылы ауылшаруашылығы биотехнологиялары саласында өткізіп жатқан зерттеулері, технологиялар бойынша әзірленген ұсынымдар және барлық салалардың биотехнологиясындағы жаңа өнімдердің атаулары туралы деректер келтіріледі. Қазақстан үшін агроөнеркәсіп кешенінде жасалған биотехнология саласындағы перспективалы технологиялар және АӨК-дегі ғылым мен технологиялар саласындағы табыстың шарттары анықталады.

Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 3(59)

Сүтті бағыттағы сиырлардың бедеулігін алдын алу сызбасының экономикалық тиімділігі
Аңдатпа:

Негізгі проблема: Жұмыс гинекологиялық патология кезінде жануарларды алдын алудың этиопатогенетикалық принциптерін анықтау және теориялық негіздеме беруге арналған. Сонымен қатар, олардың денсаулығын сақтауға бағытталған алдын алу іс-шараларын жетілдіру, қазіргі мал шаруашылығы жағдайында жануарларды өсіп-өну қабілетін арттыру және сиырлардың жоғары өнімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Осыған орай, кешенді және гомеопатиялық емдеуді қолдана отырып, сиырлардың ұрықтандырылуын арттыру тәсілдерін әзірлеу жұмыстын басты міндеті болып табылады. Мақсат: Ғылыми-зерттеу жұмысы 2016 жылдан бастап 2019 жылға дейін Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ветеринариялық медицина кафедрасында, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Агротехнопарк» зертханасында, Львов атындағы ветеринарлық медицина және биотехнология ұлттық университетінде және Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының «Камышинское» шаруа қожалығында орындалды. Әдіс-тәсілдер: Сиырлардың ұрықтануын арттыру үшін жануарлардың 3 тобы алынды: І-ші топтағы жануарлар ынталандыруға ұшырамайды; ІІ-ші топтағы жануарлар ұрықтандыруға 1-3 сағат қалғанда 3 мл сурфагон (15 мкг), 15 мл катозал, 15 мл габивит-Se, ұрықтандыруға 10-15 минут қалғанда 10 мл утеротон, ұрықтандырудан 8 күннен кейін прогестерон 2,5% 2 мл, катозал 15 мл, габивит-Se 15 мл егілді; ІІІ-ші топтағы сиырларға ұрықтандыруға 30-60 минут қалғанда 5 мл овариовит егілді, ұрықтандырғаннан кейін 25-30-күні овариовит және 5 мл-ден лиарсин инъекциялары егілді. Нәтижесінде кешенді және гомеопатиялық препараттар негізіндегі алдын алу сызбалары төмен шығындарды көрсетті. Нәтижелер және олардың маңызы: Алғаш рет Шығыс Қазақстан облысында сауын сиыр шаруашылығында гинекологиялық патологияға және сиырлардың бедеулігіне әкелетін басты этиологиялық факторлар туралы жаңа ғылыми деректер алынды. Осы өңірдің сүт шаруашылығы жағдайында сиырлардың бедеулігін алдын алуға бағытталған іс-шараларды жақсарту және ұрықтануының жоғарылауын ынталандыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Гормоналды, гомеопатиялық және басқа да препараттарды пайдалана отырып, ұрықтануын жоғарылауын ынталандырудың жаңа сызбалары сыналды. Нәтижесінде сиырлардың төлдеу қабілеттілігінің жоғарылауы анықталып, ынталандыру сызбалары өндіріске енгізілді. Бірінші рет "Камышинское" шаруа қожалығында сиырлар бедеулігінен келетін шығынға экономикалық баға берілді.

Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 3(79)

Ірі қара малдың репродуктивті жүйесінің патологиялық ауруларын анықтау
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: Зерттеу Павлодар облысындағы «Асылтас» шаруа қожалығында ірі қара малдың, жылқының, шошқаның және басқа жануарлардың буаздылығын ерте анықтауға және жануарлардың репродуктивті жүйесінің патологиясын анықтауға арналған. Зерттеу барысында буаздықты диагностикалаудың дәстүрлі клиникалық трансректальды және ультрадыбыстық әдістері қолданылып, жануарлардың ішкі ағзаларын ультрадыбыстық зерттеудің ерекшеліктері айқындалды. Осы мақалада ұсынған қорытындылар заманауи диагностикалық құралдарды (ультрадыбыстық) қолдану зерттелетін органдардың жағдайын көрнекі түрде көруге, патологияны дұрыс диагностикалауға және емдеу үрдісінде жануарлардың сауығу динамикасын бақылауға мүмкіндік береді. Аналық ұрықтандырудың оңтайлы уақытын анықтау, эмбриогенезді және репродуктивті органдардың жай-күйін қалыпты және жануарларда патология кезінде зерттеу үшін жүктілікті, жыныстық цикл сатысын барынша ерте, объективті, жедел және үнемді диагностикалау мақсатында мал шаруашылығы практикасында УДЗ (ультрадыбыстық зерттеу) әдісін қолдануды ұсынамыз. Мақсаты: Ірі қара малдың репродуктивті жүйесінің патологиялық ауруларын анықтау. Әдістері: Зерттеулер «Асылтас» ШҚ шаруашылық жағдайында 2021–2022 жылдар аралығында жүргізілді. «Асылтас» ШҚ шаруашылығы сиырлардың екі тұқымына маманданған: қырдың қызыл және симментал, барлығы 100 бас. Қырдың қызылсиырларының сүт өнімділігі 2500-нан 3000 кг-ға дейін өзгереді, май мөлшері 3,3–4,1 %. Асыл тұқымды шаруашылықтардағы өнімділігі бойынша симментал тұқымы 3500 – ден 4500 кг-ға дейін, ал сүттің майлылығы 3,75-тен 3,8 %-ға дейін. Алғашқы ұрықтандыру 15–18 ай жасында жүргізіледі. Сиырлардың шамамен 75 % - ы жасанды түрде ұрықтандырылады. Сиырлардың 80 %-ы құрамында 20%-ға дейін сіңірілетін ақуыз бар құрама жеммен қоректенеді. Физиологиялық жағдайына және өнімділігіне байланысты сиырлар күніне 5–15 кг құрама жем және 7–20 кг шөп алады. Зерттеулер 5 сиырда жүргізілді. Буаздықты диагностикалаудың дәстүрлі клиникалық трансректальды және ультрадыбыстық әдістері қолданылды. Зерттеулер ірі қара малдың, жылқының, шошқаның және басқа жануарлардың буаздылығын ерте анықтауға және жануарлардың репродуктивті жүйесінің патологиясын анықтауға арналған. PS-301V ветеринарлық ультрадыбыстық сканері қолданылды. Нәтижелері және олардың маңыздылығы: Ауылшаруашылық жануарларының ішкі ағзаларының даму ауытқулары мен патологияларын және буаздылықтың мерзімін ерте анықтауға мүмкіндік беруіне байланысты ультрадыбыстық зерттеу әдісін ветеринариялық практикада кең қолданысқа енгізу болып табылады.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі: