Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: әдіс-тәсілдер

Нәтижелер саны: 11


Медициналық колледж мекемесіндегі бірінші курс студенттерінің бейімделуі
Аңдатпа:

Баспаға ұсынылған мақалада бірінші курс студенттеріне колледж оқу орнына бейімделуде педагогикалық және психологиялық қолдау, бейімделу кезеңдері, себептері қарастырылған. Бейімделудің жалпы сипаты ашылған. Оқу орнына бейімделудің факторлары бойынша зерттеу жұмысының мәліметтерін көрсетілген. Мақала авторлары осы факторлардың жағымды және жағымсыз негіздерін зерттеп, атап көрсеткен. Бірінші курс студенттерінің колледж оқу орнына келіп оқуда психологиялық және әлеуметтік жағынан көретін қиыншылықтарын, олардың себеп-салдарын талдап, педагогикалық қолдаудың ұйымдастыру формалары мен әдіс-тәсілдерін сипаттаған. Мақалада студенттер кәсіби оқу орнының талаптарына бірден үйрене алмайтындығы сипатталған. Үйлесімді жолдармен бейімделу шарттары қарастырылған. Педагогикалық қолдау талаптарына авторлар оқу бағдарламасын жеке даму траекториясына байланысты жүзеге асыру жолдарын айқындап көрсеткен.

Автор:
Журналдың шыққан жылы: 2017
Журнал нөмірі: 1(65)

Мектеп жасына дейінгі балалардың көркем әдебиет арқылы тілдерін дамыту
Аңдатпа:

Мақалада мектеп жасына дейінгі балаларды көркем әдебиет арқылы тілдерін дамытудың әдіс-тәсілдері қарастырылады. Баланың күрделенген іс әрекеті сөйлеу тілін дамыту бірнеше бағыттарда жүреді, олар өзге адамдармен қарым-қатыныста қолдану жетілдіріледі, сонымен қатар сөйлеу тілі психикалық үрдістердің қайта құрылуының негізі, ойлау құралы ретінде болады.

Журналдың шыққан жылы: 2017
Журнал нөмірі: 3(67)

Сүтті бағыттағы сиырлардың бедеулігін алдын алу сызбасының экономикалық тиімділігі
Аңдатпа:

Негізгі проблема: Жұмыс гинекологиялық патология кезінде жануарларды алдын алудың этиопатогенетикалық принциптерін анықтау және теориялық негіздеме беруге арналған. Сонымен қатар, олардың денсаулығын сақтауға бағытталған алдын алу іс-шараларын жетілдіру, қазіргі мал шаруашылығы жағдайында жануарларды өсіп-өну қабілетін арттыру және сиырлардың жоғары өнімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Осыған орай, кешенді және гомеопатиялық емдеуді қолдана отырып, сиырлардың ұрықтандырылуын арттыру тәсілдерін әзірлеу жұмыстын басты міндеті болып табылады. Мақсат: Ғылыми-зерттеу жұмысы 2016 жылдан бастап 2019 жылға дейін Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ветеринариялық медицина кафедрасында, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Агротехнопарк» зертханасында, Львов атындағы ветеринарлық медицина және биотехнология ұлттық университетінде және Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының «Камышинское» шаруа қожалығында орындалды. Әдіс-тәсілдер: Сиырлардың ұрықтануын арттыру үшін жануарлардың 3 тобы алынды: І-ші топтағы жануарлар ынталандыруға ұшырамайды; ІІ-ші топтағы жануарлар ұрықтандыруға 1-3 сағат қалғанда 3 мл сурфагон (15 мкг), 15 мл катозал, 15 мл габивит-Se, ұрықтандыруға 10-15 минут қалғанда 10 мл утеротон, ұрықтандырудан 8 күннен кейін прогестерон 2,5% 2 мл, катозал 15 мл, габивит-Se 15 мл егілді; ІІІ-ші топтағы сиырларға ұрықтандыруға 30-60 минут қалғанда 5 мл овариовит егілді, ұрықтандырғаннан кейін 25-30-күні овариовит және 5 мл-ден лиарсин инъекциялары егілді. Нәтижесінде кешенді және гомеопатиялық препараттар негізіндегі алдын алу сызбалары төмен шығындарды көрсетті. Нәтижелер және олардың маңызы: Алғаш рет Шығыс Қазақстан облысында сауын сиыр шаруашылығында гинекологиялық патологияға және сиырлардың бедеулігіне әкелетін басты этиологиялық факторлар туралы жаңа ғылыми деректер алынды. Осы өңірдің сүт шаруашылығы жағдайында сиырлардың бедеулігін алдын алуға бағытталған іс-шараларды жақсарту және ұрықтануының жоғарылауын ынталандыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Гормоналды, гомеопатиялық және басқа да препараттарды пайдалана отырып, ұрықтануын жоғарылауын ынталандырудың жаңа сызбалары сыналды. Нәтижесінде сиырлардың төлдеу қабілеттілігінің жоғарылауы анықталып, ынталандыру сызбалары өндіріске енгізілді. Бірінші рет "Камышинское" шаруа қожалығында сиырлар бедеулігінен келетін шығынға экономикалық баға берілді.

Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 3(79)

Қазіргі лексикография: даму үрдісі мен бағыттары
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: Мақалада қазақ лексикографиясының қазіргі жайы мен даму бағыттары қарастырылады. Қазіргі заманғы лексикография салаларының мақсат-міндеттері мен мүмкіндіктері анықталып, сөздік түзудің ғылыми-теориялық және практикалық негіздері сипатталады. Мақсаты: Лексикография теориясы мен практикасының дамуы лексикографияны тіл білімінің жеке саласы ретінде тану, сөздіктерді құрудың теориялық негізін жасау, сөздіктердің жалпы типологиясы, сөздіктердің макро- және микроқұрылымын анықтау сияқты қажеттіліктерден туындайды. Сондықтан мақалада қазақ лексикографиясының тәжірибесін қорыта отырып, оның жалпы теориялық мәселелерін, даму бағыттарын анықтау, тіл ғылымындағы орнын көрсету мақсаты көзделген. Әдістері: Зерттеу барысында сипаттамалы әдіс, анализ, синтез жасаудың әдіс-тәсілдері қолданылды. Нәтижелер мен олардың маңыздылығы: Қазақ лексикографиясының жалпы теориялық, құрылымдық мәселелері зерделенетін ғылыми еңбектерге, қазақ лексикографиясының тарихы бойынша жасалған зерттемелерге, сөздік түзудің тәжірибесі мен ғылыми негіздері қарастырылатын зерттеу еңбектеріне қысқаша шолу жасалады. Авторлар сөздіктерді жасау жұмысында, олардың сапасын арттырудағы лексикография теориясының маңызын, сөздік бірліктерді сөзтізбеге сұрыптап алуда басшылыққа алынатын ұстанымдар құрамын, олардың қызмет ету ерекшеліктерін, зерттеу нысанына сәйкес сөздік түрінің сөзтізбесіне алынатын тілдік бірліктердің сандық және сапалық құрамын, қазақ лексикографиясының теориялық және практикалық мәселелерін, қазақ тілінің сөздіктерін жасаудың ғылыми- теориялық негіздерін белгілеп, оның сөзтізбесін түзудің құрылымдық ерекшеліктерін анықтайды. Сөздік түзудің ғылыми негіздерін, олардың сөзтізбе құрамы мен құрылымдық ерекшеліктерін зерттеудің таза ғылыми тұрғыдан да, қазақ тілін дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру тұрғысынан да маңыздылығын көрсете отырып, мақала авторлары сөздіктердің түзілу заңдылықтары мен сапасы тілдің қазіргі қоғамдағы қызметіне тікелей байланысты деген қорытынды жасайды. Қазіргі лексикографияның даму үрдісі кез келген сөздікке тән қасиеттерді зерттейтін жалпы лексикографияны және лексикографияның жеке бөлімдерін (оқу, терминологиялық, ономастикалық және т.б.) бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Жалпы лексикография типологияны қолдана отырып, барлық сөздіктердің жалпы (немесе статистикалық тұрғыдан басым) ерекшеліктерін белгілеуі керек, сонымен қатар сөздіктердің қызметі мен қолданылуының жалпы заңдылықтарын зерттеуі керек. Жеке лексикографияда сөздіктің белгілі бір түрінің ішкі құрылымын мен оны жасау әдістерін, сөздіктің белгілі бір түрінің тарихын, сөздіктің белгілі бір түрінің мақсаты мен адресатын зерттейтін бөлімдер болуы керек. Сондықтан лексикограф мамандар лексикографияның одан әрі дамуы болашақта сөздіктердің қолданыстағы түрлерін жетілдіру мен жаңа түрлерін түзуде, күрделі сөздіктердің пайда болуында және лексикографиялық қызметті компьютерлендіруде деп есептейді.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Бастауыш мектепте шет тілін оқытудағы заманауи педагогикалық технологиялар
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: Мақалада бастауыш мектепте шет тілінде білім беру барысында қоолданылатын заманауи педагогикалық технологиялар сипатталады және олардың бастауыш сынып оқушысының әртүрлі құзыреттерінің дамуына әсері қарастырылады. Авторлар ақпараттық-коммуникациялық педагогикалық технологиялардың оқытуда жеке тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асыруға көмектесетінін, бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін, олардың оқу деңгейін ескере отырып, оқытуды дараландыру мен саралауды қамтамасыз ететінін айтады. Қазіргі педагогикалық технологиялар іс-әрекетті қайта құрудың жүйелі тұтас құралы ретінде оқу-тәрбие үдерісінің сапасын жақсартуға, жеке тұлғаны дамыту міндеттерін шешуге мүмкіндік беретіні көрсетіледі. Мақсаты: Қазіргі заманғы ағылшын тілі сабағында қолданылатын заманауи білім беру технологияларын талдау. Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың қазіргі кездегі қалыптасқан жүйесі оның құрылымын, ұйымдастырылуын, мектеп практикасымен және білім беру жүйесіндегі инновациялық үдерістермен өзара байланысын қайта қарауды талап етеді. Сондықтан мақалада жоғары оқу орнында мамандар даярлаудың сапасын арттыруда мұғалім тұлғасының өздігінен дамуына, оның шығармашылық қабілетінің артуына мүмкіндік жасауды және оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруді қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану оқу үдерісінің маңызды бөлігіне айналуы тиіс екендігін дәлелденеді. Әдістері: Зерттеу барысында сипаттама әдісі, жүйелеу, талдау жасаудың әдіс-тәсілдері қолданылды. Нәтижелер мен олардың маңыздылығы: Мақала авторлары бастауыш сыныптарда шет тілдік білім берудің мақсаты ретінде оқушының жеке басының дамуын (адамгершілік және танымдық) және оның айналасындағы көпмәдениетті және көптілді әлеммен ұтымды, тиімді, заман талабына сай қарым- қатынасқа түсу қабілеттерінің кешенін анықтайды. Сондықтан білім берудің мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес болашақ бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық технологияларды қолдана алуға қажетті білім, білік және дағдыларын қалыптастыруы маңызды деп қорытады. Себебі білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алған қазіргі кезде оқу-тәрбие үдерісіндегі өзгерістер білім берудің парадигмасын өзгертті, білім берудің мазмұнын жаңартып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас қалыптастырды.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Шет тілін оқытуда лингвоелтанымдық реалийлерді қолдану мәселесіне
Аңдатпа:

Мақалада ұлттық дүниетаныммен, әлеуметтік-мәдени жолмен анықталған елтанымдық сипаттамаларды зерттеумен ажырамас байланыста шет тілін оқыту үдерісінде қолданылатын лингвоелтанымдық тәсілді өзектендіру мәселесі қарастырылады. Қазіргі әдістемелік зерттеулер шет тілін оқытуда лингвоелтанымдық тәсілге негізделген. Сонымен қатар елтану компоненті бар лексика, зерттелетін тілдің, оның тарихының, әдебиеті, ғылымы, өнерінің, сондай-ақ салт-дәстүрлері мен әдет- ғұрыптарының ел өмірінің әртүрлі аспектілеріне әсер ететін елтану мәліметтері ерекшеленеді. Лингвоелтанымдық аспект тақырып мазмұнын байытуға ықпал етеді, сондықтан авторлар басқа мәдениетке және оның тұтынушыларына нақты қол жеткізу тәсілдерін қолдана отырып, шет тілін оқытуда сапалы нәтижелерге қол жеткізуге болатынына баса назар аударады. Шет тілін оқыту үдерісі үшін жоғары деңгейдегі елдік және коммуникативтік құндылыққа ие тілдік материалды талдау. Шет тілін оқытудың негізгі мақсаты – оқушының жеке тұлғасын дамытатын тіл елінің мәдениетін оқытумен тығыз байланысты, бұл ұлттық мәдениеттің мазмұнына кіретін мәдениетаралық қарым-қатынасқа қатысуға және оны өз бетінше жетілдіруге, оқу үдерісінде елдің болмысы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері туралы материалды қолдануға, сөйлеу актілеріндегі коммуникативті мінез-құлық, вербалды және вербалды емес мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады. Зерттеу барысында сипаттама әдісі, жүйелеу, талдау жасаудың әдіс-тәсілдері қолданылды. Оқушылардың лингвоелтанымдық құзыреттілігі, оны қалыптастырудың тиімділігі тілді меңгеру деңгейіне байланысты. Оқу үдерісінде лингвоелтанымдық реалияларды енгізу оқытуды жандандырудың маңызды элементі болып табылады, өйткені шет тілін оқи отырып, оқушы осы тілдің тілдік кодының негізінде жатқан елдің дүниетанымымен танысады. Мақала авторлары лингвоелтанымдық материалдар оқушыларғаоқытылатын тіл елі мәдениетінің құндылықтарын түсінуге, шет тілін үйренуде мәдениетаралық құзыреттіліктерді дамытуға көмектеседі деп қорытады. Оқытылатын лексиканың ұлттық-мәдени семантикасына және лингвоелтанымдық мәтіндерді қолдануға назар аударуды көздейтін шет тілін оқытудың елтанымдық бағытталған әдістемесін қалыптастыру тілді халықтың мәдениетімен тығыз байланыста меңгеруді қамтамасыз етеді, оған елдің тарихы, әдебиеті, сәулеті, өмірі, өмір салты және дәстүрлері туралы әртүрлі танымдық ақпарат кіреді.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Болашақ математика мұғалімдерінің әдістемелік біліктіліктерін қалыптастыру үдерісін жетілдірудің негізгі бағыттары
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: мақалада «біліктілік» ұғымының әдістемелік аспектісіне сүйене отырып, педагогикалық ЖОО-да болашақ математика мұғалімдерінің әдістемелік біліктілігін қалыптастыру және кәсіби дайындықты жетілдірудің негізгі бағыттарын талдау және осы мәселе бойынша жеке тұлғаның өзіндік ұстанымын қалыптастыру. ЖОО-ғы геометриялық пәндерді сапалы оқытуға және оқу үдерісін ұйымдастырудағы әдіснамалық және мазмұндық әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы қол жеткізуге болады. Білім беру үдерісінің белгілі бір құрылымын жасап, әдістемесі мен оқыту құралдарын анықтай отырып, пән мазмұнын мұқият таңдау педагогиканың нақты принциптермен анықталды. Негізінде бұл принциптер бүгінгі педагогиканың өзекті жетістіктері болып табылады және олар жүйелі түрде өзгеріп тұрады. Дидактикалық принциптердің қолданыстағы жүйесін біртіндеп өзгерту және ауқымын кеңейтуге болады. Мақсаты: педагогикалық ЖОО-да болашақ математика мұғалімдерін геометриялық есептерді шығаруға және оны оқытуға әдістемелік даярлығын жетілдірудің негізгі дидактикалық принциптерін таңдау және ғылыми-әдістемелік негізін ұсыну. Әдістері: ғылыми-әдістемелік тұрғыдан геометрияны оқыту бойынша тәжірибелі мұғалімдер мен әдіскерлерден сұхбат және сауалнама алу, оқу бағдарламасы мен мазмұнын талдау, оқу үдерісіне педагогикалық бақылау мен диагностика жасалды. Өзіміздің ұсынған әдістердің тиімділігін тексеру мақсатында педагогикалық эксперимент жұмыстары жүргізілді. Нәтижелері және олардың маңыздылығы: педагогикалық ЖОО-ның мақсаты практикалық және әдістемелік мәселелерді өздері шеше алуға қажетті білімдермен қаруланған білікті мұғалімдер дайындау. Бұл болашақ математика мұғалімдерін дайындаудың барлық жүйесіне, мектептегі білім берудің әдістемесіне, оның ішінде әрбір болашақ математика мұғалімдеріне қажетті математикалық білім деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін геометриялық білім беруге де жаңа міндеттер қойып отыр. Сондықтан, педагогикалық ЖОО-да геометрияны оқытудың негізгі дидактикалық принциптері құрылып негізделген. Оның құрамына болашақ математика мұғалімнің оқытудың инновациялық әдістерін меңгеру пирнципі мен оқытудың жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды меңгеру принципі енгізілген. Зерттеу жұмысының нәтижелерін ЖОО-да геометрия курсын оқытудың кәсіби бағыттылығының теориялық негіздерін әрі қарай зерттеу үшін әдіснамалық негіз ретінде қолдануға болады.

Журналдың шыққан жылы: 2022
Журнал нөмірі: 4(88)

Адамның жеке мүмкіндіктерін ашуға онтологиялық көзқарас
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған соңғы Жолдауларында «Экономикамыздың жүйелі проблемалары белгілі. Бұл тауарға тәуелділік, еңбек өнімділігінің төмендігі, инновацияның жеткіліксіз деңгейі, Табыстың біркелкі емес бөлінуі.Әрине, мұның бәрі күрделі мәселелер, бірақ оларды шешудің нақты жолдары бар.Бұл макроэкономикалық тұрақтылық, экономиканы әртараптандыру, цифрландыру, шағын және орта бизнесті, адами капиталды дамыту, сонымен қатар экономиканың үстемдігін қамтамасыз ету. Дегенмен, бұл мәселелерде әлі де нақты ілгерілеушілік жоқ. Әлбетте, жаңа көзқарастар қажет» [1]. Жаңа тәсілдер нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті мүмкіндігінше ұзақ сақтауға ұмтылатын кез келген ұйымның басты құндылығы және ең жоғары активі ретінде адамның жеке және кәсіби әлеуетін ашудың әдістері мен шарттарын қамтиды, бұл жұмыс орындары мен лайықты өмір сүру перспективасын білдіреді. Балама ретінде Саясат Нұрбек жаңа мамандықтар атласын ұсына отырып, ол ең алдымен елге қажет деп санайды, өйткені жоғары білім беру жүйесі экономиканың нақты қажеттіліктерінен ажырап қалды [2]. «30 жыл бойы біз кәсіби диагностиканың қарапайым қолданбалы құралын құра алмадық, жалпы алғанда, еңбек нарығын түсіну, қандай мамандықтар сұранысқа ие болады және енді қайсысы еңбек нарығынан кететінін немесе олар нені көрсетеді? Бұл ретте Қазақстанның мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі тоқырау сәтсіз аяқталуда, өйткені әлемде еңбек нарығының трансформациясы – цифрландыру оны өзгертуде.Мыңдаған адамдар жұмыссыз қалады, өйткені оның құрылымы мен біліктілігі дамып келеді. Жасанды интеллекттің пайда болуы адамның ой еңбегіне монополиясына қауіп төндіреді, оның орнын машиналар басады.Жетілген нарықтарда алгоритмдерге негізделген жаңа «технологиялық тұлғалардың (роботтардың)» құрылуына байланысты адамдар сұранысты тоқтатуы мүмкін. көптеген сарапшылардың болжамдары» [2]. Мақала авторлары азаматтық ұстанымы жоғары, интеллектуалдық әлеуеті жоғары, коммуникативті және рефлексиялық қабілеттері бар тұлғаның өсуіне инновациялық тәсілдерді негіздейді. Мақсаты: тұлғаның жеке мүмкіндіктерін ашу әдісін (шарттарын) негіздеу. Әдіс-тәсілдері: абстрактіліден нақтыға өрлеу әдісі, олардың абстрактілі мәніне негізделген заттардың нақты бейнесін түрлендіру әдісі, ойдың схемалық бейнелерінің алыпсатарлық тілі. Нәтижелер, олардың маңызы: өмірге және әрекет әлеміне қатысты адамның жеке потенциалы «жеке тұлға», «студент» және «субъект» позицияларында іс-әрекетте көрінеді. Қозғалыс векторларын нақтыдан абстрактіліге түсу, абстрактіліден бетонға көтерілу логикасында қолдану, сонымен қатар олардың үйлесуі ойлауға сенімділік береді. Мысал ретінде әдістерді қолдану (AAC, LSI) көрсетілген. Оқу іс-әрекетінде субъектіге айналу ретінде қарастырылатын тұлғалық әлеуетті ашу циклінің сипаттамасы, онда тұлғаның кәсіби қызметте де, өмірде де пайдаланудың жеткілікті тәсілдері мен мүмкіндіктері бар жеке әлеуеті ашылады. Субъектілердің өзін-өзі анықтау, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі реттеу және т.б. үшін тиісті рефлексиялық ойлау қабілеттерін меңгеруі жеткілікті алғышарт болып табылады.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Тұрақты дамудың білім беру процесі: әлемдік тәжірибе
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: Жоғары оқу орындарында (ЖОО) орнықты даму үшін білім беруді (ТББ) енгізу орнықты дамуға көшуді жеңілдету үшін маңызды. Дегенмен, жоғары оқу орындарында тұрақтылық бойынша оқу бағдарламаларын институттандыруға әкелетін нақты іске асыру процестері туралы аз мәлімет бар. Бұл зерттеу әртүрлі іске асыру үлгілерін нақтылау және бөлектеу үшін кластерлік талдауды пайдалана отырып, бірқатар халықаралық жағдайлық зерттеулерді кесіп өтеді: бірлескен парадигманы өзгерту; төменнен жоғары қарай дамып келе жатқан институционалдық өзгерістер; міндетті жоғарыдан төмен институционалдық өзгерістер; сыртқы бастамалар; оқшауланған бастамалар мен шектеулі институционалдық өзгерістер. Мақсаты: Кластерлік талдауды пайдалана отырып, әртүрлі сыртқы немесе ішкі мүдделі тараптардан келетін ынталандыруларды анықтай отырып, төменнен жоғарыға, жоғарыдан төменге немесе екеуінен де жүзеге асырылуы мүмкін ТҚБ енгізудің әртүрлі кезеңдерін анықтау қажет. Әдіс-тәсілдер: Әдебиеттерде талқыланатын әртүрлі драйверлер мен кедергілердің рөлі, сондай-ақ нақты іске асыру үлгілері туралы жалпы білім алу үшін тақырыптық шолу әдісін қолдану арқылы салыстырмалы жағдайды зерттеу жүргізілді. Трансформацияланған деректерді талдау үшін кластерлік талдау қолданылды. Кейс-стади әдісі – сапалы деректерді сандық деректерге түрлендіретін арнайы кодтау схемасын пайдалана отырып, әртүрлі жағдайлық зерттеулерді жүйелі түрде синтездеуге және салыстыруға арналған мета-аналитикалық әдіс. Нәтижелер және олардың маңызы: Әртүрлі контексттерде ортақ тұрақтылық бойынша оқу бағдарламаларын жеткізу үлгілерін жақсырақ түсіну үшін кросс-жағдайлар талдауы жүргізілді. Көптеген институттар мен практиктер белгілі бір университеттің ТЖБ енгізу моделінің ең маңызды және мағыналы құрамдастарына назар аудара отырып, олардың институты үшін нақты іске асыру шеңберін анықтау арқылы осы нәтижелерден пайда көре алады.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Жеткіншектердің танымдық іс-әрекетін дамытуға педагог-психолог мамандарды даярлаудың теориялық негіздері
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: Мақалада жеткіншектердің танымдық іс-әрекетін дамытуға мамандарды даярлаудың философиялық, педагогикалық, психологиялық, ғылыми-әдістемелік еңбектерге теориялық талдау жүргізу арқылы оны дамытудың өзекті бағыттары айқындалды. Қазіргі кезде жеткіншектердің танымдық іс-әрекетін дамытудағы мамандарды даярлаудың педагогикалық-психологиялық мәселе болып табылатыны көрсетіледі. Мақсаты: жеткіншектердің танымдық іс-әрекетін дамытуға педагог-психолог мамандарды даярлауды теориялық тұрғыдан нақтылау және технологиясын ұсыну болып табылады. Әдіс-тәсілдер: Зерттеу жүргізу кезінде айтарлықтай түсінікті және сенімді болатын статистикалық деректерді қарастыру маңызды болды. Сондықтан біздің зерттеу аясында бақылау және ашық сұрақтар қарастырылған В.Э.Мильманның әдістемесі, сауалнама, сараптамалық бағалау әдісі, әңгімелесу, сұрау, сұхбат алу, тестілеу сериясын қолдандық. Нәтижелер және олардың маңыздылығы: Әдістемелердің нәтижесіне сәйкес әлеуметтік зияттылықтың орташа деңгейінің басым болуы, білім алушылар бойынан төмендегідей белгілерді көруге мүмкіндік берді: кәсіби мінез-құлықтың, іс-әрекеттің, қарым-қатынастың әлеуметтік маңыздылығы бар екендігі, жалпы курс барысындағы теориялық білімдердің толық деңгейдегі меңгерілуі, күнделікті өмірдегі қарым-қатынас жақсаруынан көрінді, рефлексиялық мәдениеттің болуы өз кезегінде аса құнды деп есептейміз. Болашақ педагог-психолог мамандардың ой-өрісін дамыту, оқыту мен тәрбиелеу, шығармашылық қызметке дайындау оқытушының әдістемелік сауаттылығына, ғылыми-зерттеу әрекетін ұйымдастыру біліктілігі мен даярлығына байланысты. Өздігінен білім алуға деген қажеттіліктер мен дағдылар өзінен-өзі пайда болмайды. Мұндай қасиеттер мектепте оқып жүргенде-ақ мұғалім мен оқушылардың сабақ пен сыныптан тыс жұмыстарда бірлесе отырып, оқу-таным әрекетін ұйымдастыру үрдісіне қалыптаса бастайды. Болашақ педагог-психолог маманның кәсіби дайындығының міндеттеріне сәйкес оқытудың белсенді әдістері - проблемалық дәріс, семинарлар, пікірталастар және талқылаулар, кәсіби бағытталған арнайы курстар, курстық және дипломдық жұмыстар, мектеп педагогикасы мен дидактикасы мәселелерін ғылыми зерттеу, ғылыми ұйымдастырылған үздіксіз педагогикалық тәжірибе сияқты оқу іс-әрекетінің формаларында жүзеге асырылады. Педагогикалық іс-әрекетті меңгеру нәтижесінде болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби уәждері қалыптасады, мақсат және міндеттерді түсіну пысықталады, жеткіншектердің танымдық іс әрекетін дамыту үшін қажетті пәндік, психологиялық-педагогикалық және дидактикалық-әдістемелік білімдер, сондай-ақ оларға сәйкес дағдылар мен біліктер игеріледі.

Журналдың шыққан жылы: 2024
Журнал нөмірі: 1(93)

Инновациялық құралдар педагогикалық білім мен іс-әрекет құралы ретінде
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: мақалада білім сапасын арттыру үшін функционалдық-жүйелік ойлаудың және оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін педагогикалық тәрбиелеудің инновациялық әдістері мен үлгілерін жасау қажеттігі туралы мәселе көтеріледі. Рефлексиялық, сызбалық, ұйымдастырушылық және коммуникативті қабілеттерді дамытуға баса назар аударылады. Мақсаты: субъектілердің (мұғалім мен оқушының) өзара әрекетін және өзін-өзі анықтаудың функционалдық құралдарының негізгі теориялық тұжырымдамаларына шолу жасау. Әдіс-тәсілдері: мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетін бақылау және талдау, мұғалімнің функционалдық-жүйелік ойлауының әдістері мен үлгілерін жүйелеу. Нәтижелер және олардың маңыздылығы: мақалада абстрактілі-нақты және міндет-біліктілік координаттарындағы елдің инновациялық-технологиялық дамуы контекстінде үйлесімді тұлғалық, әлеуметтік, кәсіби өзін-өзі анықтау және субъектілердің өзара әрекеттесуі үшін функционалдық құралдардың негізгі теориялық тұжырымдамалары көрсетілген. , колледждер мен университеттердегі әдіскерлердің, оқытушылардың, барлық білім беру ұйымдарының басшыларының және студенттердің кәсіби қызметінде жағдай жасау.

Журналдың шыққан жылы: 2024
Журнал нөмірі: 1(93)