Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: әскери қызметшілер

Нәтижелер саны: 11


Қазақстанның жастары және тындырымды әскери дайындық (1941 - 1945 жж.)
Аңдатпа:

Майданға Қазақстанның жастарымен комсомолдарын әскери мамандыққа даярлау. Бұл мақалада Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандағы мекемелердегі қорғаныс және спорттық дайындықтары туралы сұрақтар қарастырылған.

Журналдың шыққан жылы: 2012
Журнал нөмірі: 4(48)

Қазіргі жағдайларда курсанттардың әскери-патриоттық дайындығы
Аңдатпа:

Бұл мақалада әскери оқу мекемелеріндегі патриоттық сезімді тудыру ерекшеліктері қарастырылған. Курсанттардың әскери-патриоттық дайындық барысының қағидалары мен мақсаттары, негізгі бағыттары зерттелінген.

Журналдың шыққан жылы: 2012
Журнал нөмірі: 4(48)

«Ер Көкше», «Ер Қосай» жырларында қолданылған қару атауларының лингвомәдени сипаты
Аңдатпа:

Аталған ғылыми мақалада «Ер Көкше», «Ер Қосай» қазақ батырлар жырларындағы әскери лексиканың ерекшеліктері, оның ішінде қару түрлері мен оның қолданылу сипаты қарастырылған. Мақалада жырларда кездесетін кесу қарулары – найза, қылыш, сүңгі, зұлпықар, семсер және ату қаруы – садақ сөздері лингвистикалық талдау әдістері негізінде сараланды. Олардың батыр бейнесін жан-жақты ашудағы мақсат-мүддесі айқындалды. Ғылыми мақалада қазақ эпосындағы батырлардың қарулану мәселелері, әскери лексика жөнінде жазған ғалымдардың кейбір зерттеу жұмыстары қарастырылды. Аталған ғылыми еңбектердегі құнды деректер мақала жазу барысында басшылыққа алынды. «Ер Көкше», «Ер Қосай» жырларында қару түрлеріне қатысты сөздердің шығу этимологиясы, лексикасы, морфологиялық құрылымы талданды. Жыр мәтіндерінде қаруға қатысты кездесетін «сүңгі», «зұлпықар», «найза», «семсер», «қылыш», «бұхаржай» архаизм сөздеріне ерекше назар аударылып, олардың қолданылуы мен жасалу тәсілі, тілдік ерекшеліктерін ашу міндеті көзделеді

Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 3(59)

Павлодар облысы ауылдық округтер әкімдерін оқытудағы құзыреттілік тәсіл
Аңдатпа:

Мақалада Павлодар аймақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығының материалдарында құзыреттілік тәсіл базасында ауылдық округтер әкімдерін қайта даярлауды ұйымдастыру қарастырылады.

Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 4(64)

Кәсібилендіру мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру сапасын басқарудың негізі ретінде
Аңдатпа:

Мақалада мемлекеттік қызметшілердің қызметін кәсібилендірудің мазмұны және мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру сапасын басқару үдерісін қамтамасыз етудег оның рөлі қарастырылады.

Журналдың шыққан жылы: 2017
Журнал нөмірі: 1(65)

Қазақстан Республикасындағы әскери ұжымда этносаралық қарым-қатынастың психологиялық аспектілері
Аңдатпа:

Мақалада әскери ұжымда этносаралық қарым-қатынастың психологиялық аспектілерінің көріністері қарастырылады. Зерттеу негізі Қазақстан Республикасының жекелеген бөлімшелерінде шекара қызметі болды. Әлеуметтік-психологиялық өзара әрекеттесу мәселесі зерттелді, әскери ұжымдардағы қарым- қатынастардың әртүрлі түрлері қаралды, қорытындылар жасалды және тиімді қарым-қатынас жасау үшін ұсыныстар ұсынылды. :

Журналдың шыққан жылы: 2017
Журнал нөмірі: 3(67)

Мекеменің құрылымы мен функцияларын талдау жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметкерлерін оқыту және қайта даярлау
Аңдатпа:

Мақалада мемлекеттік аппараттың кәсібилігі мен ашықтығын қамтамасыз ететін кадрларды іріктеу мен насихаттау туралы талдамалар ұсынылған. Мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін заманауи мемлекеттік қызмет күрделі әрі динамикалық әлеуметтік жүйе болып табылатындығы көрсетіледі. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру ең оңтайлы жол ретінде саналатын біліктілікке негізделген әдісті қолдана отырып жүргізілуі тиіс және бұл барлық персоналды басқару жұмысының негізі болып есептелінеді

Журналдың шыққан жылы: 2018
Журнал нөмірі: 3(71)

Әскери қызметшілердің төтенше жағдай кезінде әрекет етуде психологиялық дайындығының ерекшеліктері
Аңдатпа:

Адамзат тарихында дағдарыс пен апаттардың көптеген мысалдары бар. Қазақстанда табиғи апаттардың барлық спектрі болуы мүмкін. Атап айтқанда, жер сілкінісі, су тасқыны, орман және дала алқаптарындағы өрт, қарлы боран және басқалар. Барлық тау және тау бөктеріндегі аймақтарда сырғыма қаупі, қар басу қаупі бар. Сонымен қатар, техногендік себептер бойынша туындаған жағдайлар да бар. Бұл апаттар адам қызметінің нәтижесінде пайда болады. Мұндай төтенше жағдайлар адамның барлық физикалық және психологиялық мүмкіндіктерін шоғырландыруды талап етеді. Әсіресе, бұл экстремалды немесе сыни жағдайларда жиі әрекет ететін әскери қызметшілер үшін маңызды. Мұндай жағдайларды шешуге психологиялық дайындық жеке адамға өз іс-әрекетінің дұрыстығына сенімділік береді және нәтижесінде табысты нәтижеге әкеледі. Бұл мақаланың мақсаты- магистрлік диссертация шеңберінде зерттеу нәтижелерін баяндау болып табылады. Негізгі екпін әскери қызметшілердің экстремалдық жағдай кезіндегі іс-қимылдарға психологиялық дайындығының ерекшеліктерін талдауға жасалған. Авторлар зерттелетін мәселені сыни жағдайда әскери қызметшілерді психологиялық даярлаудың қазіргі заманғы тәсілдері тұрғысынан ашылады. Зерттеудің қолданылатын әдістері(талдау, қорыту, эксперимент) әскери психология үшін өзекті мәселенің тереңдігін ашуға мүмкіндік берді. Зерттеу қазақстандық және шетелдік ғалымдардың заманауи ізденістерінің нәтижелеріне негізделеді. «Экстремалды жағдай» ұғымының мәнін түсіндірудің тәсілдері қарастырылды, дағдарыс жағдайында іс-қимыл жасауға әскери қызметшілердің психологиялық дайындығының ерекшелігін айқындайтын факторлар айқындалды. «Әскери қызметшілердің сыни (экстремалды) жағдайлардағы қызметке психологиялық дайындығы» ұғымы анықталды. Эксперименттің статистикалық нәтижелері ұсынылған. Тәжірибелік жұмыс барысында жүргізілген эксперименталдық қызметтің жоғары практикалық маңызы бар, өйткені Павлодар қаласының3176 "к" әскери бөлімінің жұмыс тәжірибесіне енгізу арқылы табысты сынақтан өтті және әскери қызметшілердің психологиялық даярлығында қолданылуы мүмкін. Мақала психологияның өзекті мәселесіне арналған. Мақалада баяндалған нәтижелер әскери психологтарға пайдалы болуы мүмкін.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Қазіргі қоғамдағы жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлі мен орны
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: Жергілікті өзін-өзі басқару органдары-демократиялық мемлекеттегі құрылым негізінің ажырамас тетігі. Бүгінгі таңда жалпы қоғамдық қатынастар жүйесінде және экономикалық қарым-қатынастарда жергілікті өзін-өзі басқару жиі кездеседі. Бұл жүйе жеткілікті және сапалы деңгейде дамымаса, заңнамалық, қажетті мүмкіндіктер болмаса, жергілікті деңгейде экономикалық, әлеуметтік, тұрмыстық, мәдени және басқа мәселелерді шешу өте қиын болмақ. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары – бұл биліктің ерекше деңгейі, онда қоғамдық және мемлекеттік қағидаттары біріктіріледі. Конституциялық және әкімшілік құқықтың өзекті теориялық және тәжірибелік мәселелерінің ішінде жергілікті өзін-өзі басқарудың орны мен рөлін айқындау және мемлекеттік билік органдары мен өзін-өзі басқару органдарының, бір жағынан, жергілікті өкілетті және атқарушы құрылымдар мен институттардың теңгерімді өзара қарым-қатынасын бекіту аса маңызды мәнге ие болады. Мақсаты: қазіргі қоғамда жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлі мен орнын зерделеу, Қазақстанда жергілікті билік органдар дамудың болашақ көріністері мен құрылуы бойынша тәжірибелік нұсқаулықтар тұжырымдау. Әдістері: мақаланы жазу барысында суреттеу, сараптама және жинақтау, негіздеу, қисынды моделдеу, жүйелік сараптау және т.б. тәсілдер қолданылды. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен нормативтік құжаттарын сараптау үшін жүйелік-талдағыш әдіс қолданылған. Жергілікті өзін-өзі басқарудың, сондай-ақ басқарудың функционалдық жүесінің құрылуын зерделеуде құрылымдық-талдағыш сараптама тәсілі қолданылды. Нәтижелері мен олардың маңыздылығы: жүргізілген зерттеу нәтижесінде алынған тұжырымдар мен ұсынымдар: Қазақстан Республикасы мәслихаттары мен әкімдіктерінің, мемлекеттік қызметшілердің тәжірибелік қызметінде; жоғары оқу орындарындағы курстарда оқу процесінде, сондай-ақ одан әрі жалпы теориялық және қолданбалы зерттеулер үшін пайдаланылуы мүмкін.

Журналдың шыққан жылы: 2022
Журнал нөмірі: 2(86)

«Әскери коммунизм» кезеңіндегі Қазақстандағы мемлекеттік басқару тарихынан
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: ұсынылған мақалада «әскери коммунизм» кезеңіндегі Қазақстандағы кеңестік билік институттарының пайда болуы мен қызметі қарастырылады. Мұрағат материалдары мен жарияланған еңбектер негізінде авторлар Кеңестердің, революциялық комитеттердің қызметіне талдау жүргізілген. Қорытындылай келе, кеңестік билік институттарының пайда болуы мен мақсатын анықтайтын тұжырымдар жасалады. Мақсаты: 1918-1921 жылдардағы Қазақстандағы жергілікті басқару органдары эволюциясының негізгі тенденциялары мен ерекшеліктерін зерттеу. Әдістер: зерттеу тарихтік, ғылыми объективтілік және жүйелік құрылымдық-функционалдық талдау принциптеріне негізделген. Осыған байланысты біз келесі әдістерді қолдандық: кеңестік, партиялық және басқа да жергілікті органдардың басқарушылық қызметін қайта құру үшін тарихи реконструкция әдісі; жергілікті құбылыстар мен билік саласындағы үрдістерге қатысты жергілікті (аймақтық) ерекшеліктерді зерттеуге арналған оқшаулау әдісі; әр түрлі типтегі жергілікті билік органдарын анықтауға және сипаттауға мүмкіндік берген типологизация әдісі. Нәтижелері және олардың маңыздылығы: 1918-1921 жылдары азаматтық қарсыласу, «әскери коммунизм» және ЖЭС-тің басталуы кезінде Қазақстанда жаңа Кеңес үкіметінің органдары пайда болды және жұмыс істеді. Олардың іс-әрекетін, тіпті қысқа уақыт ішінде мұқият зерделеу, келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді: а) антидемократиялық мәні; ә) қатаң әлеуметтік бағдар; б) байырғы халықтың одан алыстауы; в) жанжалды жағдайлар жасауға имманентті қасиет; г) проблемалық жағдайды шешудің оңтайлы емес жолдары мен тәсілдерін таңдау; д) партия мен мемлекетті біріктіру процесі басталды: кез-келген лауазымды большевик қана иелене алады. Сайып келгенде, Конституцияда көзделмеген партиялық номенклатураның кеңейтілген және епсіз сыныбы пайда болды.

Журналдың шыққан жылы: 2022
Журнал нөмірі: 4(88)

Қазіргі қоғамдағы жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлі мен орны
Аңдатпа:

Жергілікті өзін-өзі басқару органдары - демократиялық мемлекеттің құрылымдық негізінің ажырамас тетігі. Бүгінгі таңда жалпы қоғамдық қатынастар жүйесінде және экономикалық қарым қатынастарда жергілікті өзін-өзі басқару жиі кездеседі. Бұл жүйе жеткілікті және сапалы деңгейде дамымаса, заңнамалық, қажетті мүмкіндіктер болмаса, жергілікті деңгейде экономикалық, әлеуметтік, тұрмыстық, мәдени және басқа мәселелерді шешу өте қиын болмақ. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары - бұл биліктің ерекше деңгейі болып табылады, онда қоғамдық және мемлекеттік қағидаттары біріктіріледі. Конституциялық және әкімшілік құқықтың өзекті теориялық және тәжірибелік мәселелерінің ішінде жергілікті өзін-өзі басқарудың орны мен рөлін айқындау және мемлекеттік билік органдары мен өзін-өзі басқару органдарының, бір жағынан, жергілікті өкілді және атқарушы құрылымдар мен институттардың теңгерімді өзара қарым-қатынасын бекіту аса маңызды мәнге ие болады. Мақаланың мақсаты - қазіргі қоғамда жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлі мен орнын зерделеу, Қазақстанда жергілікті билік органдарының дамудың болашақ көріністері мен құрылуы бойынша тәжірибелік нұсқаулықтар тұжырымдау. Мақаланы жазу барысында суреттеу, сараптама және жинақтау, негіздеу, қисынды модельдеу, жүйелік сараптау және т.б. тәсілдер қолданылды. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен нормативтік құжаттарын сараптау үшін жүйелік-талдағыш әдіс қолданылған. Жергілікті өзін-өзі басқарудың, сондай-ақ басқарудың функционалдық жүйесінің құрылуын зерделеуде құрылымдық-талдағыш сараптама тәсілі қолданылды. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде алынған тұжырымдар мен ұсынымдар: Қазақстан Республикасы мәслихаттары мен әкімдіктерінің, мемлекеттік қызметшілердің тәжірибелік қызметінде; жоғары оқу орындарындағы курстарда оқу үрдісінде, сондай-ақ одан әрі жалпы теориялық және қолданбалы зерттеулер үшін пайдаланылуы мүмкін.

Журналдың шыққан жылы: 2023
Журнал нөмірі: 3(91)