Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: PISA program (Program for International Student Assessment)

Нәтижелер саны: 4


Reverse factoring – a financial tool for a development industry small and medium enterprises
Аңдатпа:

Шағын және орта кәсіпорындарды бағалаудың қаржылық моделі мен банкротқа ұшырау тәуекелі анықсыз көптік әдісі негізінде жүргізіледі.

Автор: O. Patlasov, A. Gordusenko
Журналдың шыққан жылы: 2012
Журнал нөмірі: 1(45)
Түйінді сөздер:

Жалпы білім беру мектебінің жаратылыстану-ғылыми бағыты бойынша оқушылардың биологиялық бағалау құрамдас бөлігінің функционалдық сауаттылығы
Аңдатпа:

Мақалада 9 сынып оқушыларының биология бойынша функционалдық сауаттылығын зерттеу нәтижесі ұсынылған. РISA халықаралық бағдарламасының 15 жастағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау әдістемесі қолданылған. Жаратылыстану ғылыми сауаттылықты бағалау үшін әр түрлі деңгейдегі қиындық тудыратын тестер апробациядан өтті. Оқушыларды емтиханға дайындау процесінде тікелей түрде тест тапсырмаларымен жүйелі жұмыс жүргізу және сонымен қатар базалық деңгейдегі білім мен біліктерін өндеп, бекіту қажет.

Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 4(64)

Бастауыш мектепте шетел тілін оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістері
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: Мақалада бастауыш мектепте шетел тілінде білім беру барысында қолданылатын дәстүрлі және жаңа инновациялық әдістер салыстырылып, әрқайсысының артықшылықтары да, кемшіліктері де сараланады, дәстүрлі әдістердің кемшін жақтарын жаңа әдістер арқылы толықтыру жолдары көрсетіледі. Қазіргі кезде шетел тілін оқытуда қолданылатын негізгі әдістер қарастырылады. Соңғы жылдары шетел тілдерін оқыту саласында пайда болған жаңа инновациялық әдістер қатарында community language learning / counseling learning («қауымдар» әдісі, «кеңесші» әдісі), сугестопедиялық әдіс, total physical response (физикалық әрекеттерге сүйену әдісі), ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың көмегімен тілді оқыту әдісі, consciousness-raising approach (саналы бағытталған әдіс), task based learning (коммуникативтік тапсырмалар әдісі), neuro-linguistic programming (нейролингвистикалық бағдарламалау), guided discovery (басқарылатын ашылым не жаңалық), test-Teach-test әдісі аталады. Олардың бастауыш сынып оқушысының тілдік құзыреттері мен шығармашылық қабілетінің дамуына әсері қарастырылады. Авторлар шетел тілдерін оқыту үдерісіндегі қазіргі әдістеменің басты әрі маңызды шарты жасанды шеттілдік орта құру, яғни табиғи тілдік орта қалыптастыру екенін айтады. Соңғы зерттеулерге сүйеніп, «электронды тілдік орта» ұғымына түсініктеме береді. Қазіргі баланың тілі гаджетпен шығып жатқандықтан, бастауыш сынып оқушыларының электронды тілдік ортада өмір сүруі шет тілін үйретудің міндеттерін шешуге мүмкіндік беретіні көрсетіледі. Мақсаты: Қазіргі заманғы ағылшын тілі сабағында қолданылатын дәстүрлі және заманауи білім беру әдістерін талдау. Оқушынының оқу үдерісінің басты тұлғасы ретінде белсенді болуы, басқа оқушылармен тығыз байланыста жұмыс істей алуы, оқушыға өз физиологиялық, интеллектуалдық, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты өз бетімен жұмыс істеуге мүмкіндік беру жеке, жұппен, топпен, сыныппен және тағы басқа жұмыс түрлерін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Аталған оқыту әдістерінің ішінде бұрыннан қолданылып келген әдістер және осы замандық жаңа әдістер қамтылған. Әрбір әдістің өзіне тән ерекшеліктері болады. Сондықтан ағылшын тілін оқыту әдістерін салыстыра сипаттау аса маңызды. Әрбір ескі де, жаңа да әдістің артықшылығы мен кемшілігі болады. Сондықтан ағылшын тілін оқыту әдістемесі әрдайым толықтыруды, жетілдіруді талап етеді. Ендеше олардың оқушылардың дүниетанымын кеңейтуде, танымдық белсенділігін арттырып, білім, біліктерін жетілдіруде маңызы өте зор. Әдістері: Зерттеу барысында сипаттама әдісі, жүйелеу, талдау, түсіндіру әдістері қолданылды. Нәтижелер мен олардың маңыздылығы: Мақала авторлары бастауыш сынып білім алушыларының жан-жақты дамуына, сапалы білім алуына, өмірде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуінде ағылшын тілін жақсы менгеруінің маңызы үлкен екендігн айта келіп, қазіргі заманға сай ағылшын тілін тиімді үйретуге мүмкіндік беретін көптеген әдістерді әр мұғалім өзінің шығармашылығын дамыта отырып, озық іс-тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс деп қорытындылайды. Жеке тұлғаның, оның тілдік құзыреттерінің қалыптасуын қамтамасыз ететін деңгейлеп, саралап оқыту, жобалап оқыту, коммуникативті оқыту, ақпаратты-коммуникативтік оқытудың, т.б. жаңа әдістер арқылы оқытудың нәтижелері баланың өз бетімен ізденуіне, өзіндік пікірін анық жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға ретінде қалыптасуына, оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамытуына зор ықпал ететіні сөзсіз.

Журналдың шыққан жылы: 2022
Журнал нөмірі: 1(85)

«Products for live» - «Тіршілік нәрі өнімдері» атты ашытылған сүт және өсімдіктен жасалған өнімдер
Аңдатпа:

Қазақстанның сүт нарығында жаппай өндірілетін сүт өнімдеріне қажеттілік азаяды және бір мезгілде функционалдық тамақтануға арналған инновациялық ашытылған сүт өнімдерінің ассортименті кеңеюде. Азық-түлік инновациялары елдің қазіргі экономикасында өсуді, әл-ауқат пен бәсекеге қабілеттілікті қалыптастыруда шешуші фактор болып табылады. Сүт және басқа да ашытылған өнімдердің жаңа түрлері технологиясының негізгі белгісі олардың жоғары биологиялық және тағамдық құндылығын қамтамасыз ететін негізгі шикізат пен биокорректорларды қамтитын көп компонентті формулалар болып табылады. Жаңа десерт өнімдері тікелей қолданылатын құрғақ ашытқы штаммдарымен немесе иммобилизацияланған bifimm probio стартерімен ашытылған өсімдік ингредиенттері бар сүт немесе ақуыз негізінде дайындалады. Мақаланың мақсаты – лакто- және бифидобактериялардың таза дақылдарының иммобилизацияланған тірі жасушаларын сүт-өсімдік ортасын ашыту үшін биокатализатор ретінде қолдану. Зерттеу барысында микробтық жасушаларды биополимер гельдеріне иммобилизациялау әдісі қолданылды: пектин, желатин, агар, геллан, пектин, инулин. Ең тиімдісі – жасушаларды 25 % концентрациясы бар биополимерлердің Сулы ерітіндісіне қосу әдісі. Гельге иммобилизациялау үшін "БК-Алтай-ЛС Бифи", "пайдалы партия", "Genesis", "Наринэ", "Vivo Биойогурт" концентраттарының құрамында сүт қышқылы және бифидо-бактериялардың таза дақылдары таңдалды, сондай-ақ негізгі рецепт бойынша ингредиенттер таңдалды: майдың массалық үлесі 1 %, 2,5 %, 3,2 %, табиғи Жарма қоспалары, джемдер, шырындар, жаңғақтар. Формулалар, Технологиялық схемалар мен өндіріс әдістері, прототиптер жасалды, сапа мен қауіпсіздік көрсеткіштері анықталды. Студенттер мен магистранттар К. Сүлейменова, А.Желдібаева, Н. Меренгер, А. Жұмаділова, А. Тоболинамен бірлесіп жүргізілген зерттеулер пудинг, самбук, желе, шайнайтын және пішінді мармелад сияқты ашытылған сүт десертті өнімдерінің түзілуінде иммобилизацияланған ашытқылардың әсер ету тиімділігін көрсетті. Өнімнің жаңа түрлерінің барлық прототиптері сапа мен қауіпсіздіктің органолептикалық, физика-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерімен анықталды. Ең жақсы көрсеткіштері бар 20 прототиптің ішінен 5 үлгі таңдалды, онда сүттің, пробио Бифиммінің және биокорректорлардың оңтайлы қатынасы орташа есеппен 70:20:10 құрады. Сапа мен қауіпсіздікті талдау көрсеткендей, иммобилизацияланған ашытқыларды қолданатын жаңа ашытылған сүт өнімдері тікелей енгізілетін ашытқылармен салыстырғанда -70 % - дан астам пайдалы әсерге ие, функционалдық қасиеттерге ие және Қазақстанда дұрыс тамақтану үшін пайдаланылуы мүмкін

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі: