Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.edu.kz

Артқа

Діни-саяси экстремизм – ұлттық жəне жаһандық қауіпсіздікке төнген қатер

Аңдатпа:

Қазіргі қоғам діни жəне діни-саяси экстремизмнің күшейіп келе жатқан қатерімен бетпе-бет келіп отыр. Бұл құбылыс сана радикалдануынан, зорлық-зомбылықтан, мемлекеттің зайырлы негіздерінің бұзылуынан жəне конфессияаралық шиеленістің артуынан көрініс табуда. Қарсы іс-қимылдың құқықтық жəне институционалдық тетіктері болғанына қарамастан, экстремизмнің трансұлттық сипаты, оны таратушылардың идеологиялық икемділігі жəне діни қызмет ретінде бүркемеленуі жағдайды күрделендіреді. Əсіресе, діни экстремизм мен діни- саяси экстремизм ұғымдарының ара-жігін нақты ажырату – алдын алу жəне қарсы əрекет шараларын тиімді жүргізу үшін маңызды. Діни жəне діни-саяси экстремизмнің мəні мен ерекшеліктерін ашу, олардың негізгі белгілері мен пайда болу себептерін анықтау, сондай-ақ мемлекет, қоғам жəне діни ұйымдар тарапынан күресудің кешенді тəсілдерін ұсыну. Зерттеу барысында жүйелі, салыстырмалы-құқықтық, социологиялық жəне саяси талдау əдістері қолданылды. Нормативтік-құқықтық актілер, халықаралық келісімдер, сарапшылар пікірлері жəне экстремизм көріністері мен оған қарсы іс-шаралардың нақты елдерде жүзеге асырылуы талданды. Діни-саяси экстремизм – діни ұрандармен бүркемеленіп, мемлекеттің конституциялық құрылымына қауіп төндіретін заңсыз саяси күрестің ерекше түрі екені анықталды. Діни жəне діни-саяси экстремизмнің айырмашылықтары, оларды араластырудан туындайтын құқықтық жəне əлеуметтік қауіптер көрсетілді. Заңнаманы жетілдіру, алдын алу жұмыстары мен ағартушылық қызметті күшейту, сондай-ақ діни көшбасшылар мен азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыру бойынша ұсыныстар берілді.

Мақала ашу
Журналдың шыққан жылы: 2025
Журнал нөмірі: 3(99)
Тақырып: Құқық