Мақалада экономиканы цифрландыру жағдайында кəсіби білім беру жүйесі мен өнеркəсіптік сектордың кадрларға деген сұранысы арасындағы сапалық сəйкессіздік мəселесі қарастырылады. Зерттеудің нысаны ретінде Қазақстан Республикасының негізгі индустриялық өңірлерінің бірі — Павлодар облысы алынған. Кəсіптік жəне жоғары оқу орындарының түлектерінің цифрлық, кəсіби, бейімделгіш жəне мінез-құлықтық құзыреттеріне талдау жасау негізінде кадрларды даярлау мен жұмыс берушілердің күтілімдері арасындағы алшақтықты білдіретін тұрақты құзыреттілік тапшылығы анықталды. Зерттеу барысында сараптамалық сауалнама, бос жұмыс орындарын талдау, білім беру бағдарламаларына контенттік талдау, сондай-ақ жұмыс берушілер тарапынан құзыреттер деңгейіне салыстырмалы баға беру əдістері қолданылды. Нəтижесінде цифрлық жəне практикалық дағдыларда, сондай-ақ өзгерістерге бейімделу үшін маңызды мінез-құлықтық қабілеттерде ең үлкен тапшылық анықталды. Құзыреттілік алшақтықты жоюға арналған құрылымдық-функционалдық модель ұсынылып, дуалды оқытуды дамыту, жұмыс берушілерді оқу бағдарламаларын əзірлеуге тарту жəне өндірістік оқу полигондарын құру бойынша ұсыныстар берілді.
Мақала ашу
Аңдатпа:
Журналдың шыққан жылы:
2025
Журнал нөмірі:
3(99)
Тақырып: Экономикалық ғылымдар
Түйінді сөздер: адами капитал, құзыреттер, еңбек нарығы, өнеркəсіп, цифрландыру, Павлодар облысы, білім беру жүйесі
Қазақ
English
Русский