Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.edu.kz

Артқа

Қонақ үй саласында кадрлық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі мансаптық даму мен кəсіби оқытудың рөлі

Аңдатпа:

Негізгі мəселе: Қонақүй индустриясында кадрлық тұрақтылық – қызмет көрсету сапасына тікелей əсер ететін маңызды фактор. Бұл мақалада қонақүй саласында кадрлық тұрақтылықты қамтамасыз етуде кəсіби оқыту мен мансаптық дамудың рөлі теориялық негізде қарастырылады. Мақсаты: Зерттеудің негізгі мақсаты – қызметкерлерді ұстау мəселесіне əсер ететін білім беру жəне мансаптық жоспарлау тетіктерін талдау. Мақалада қазіргі заманғы ғылыми еңбектер мен практикалық мысалдарға сүйене отырып, жүйелі оқыту бағдарламаларының, наставничествоның жəне мансаптық даму стратегияларының ұйым ішіндегі кадрлық тұрақтылыққа тигізетін ықпалы сараланады. Əдістері: Зерттеу барысында шетелдік жəне отандық дереккөздер негізінде теориялық шолу жасалып, персоналды дамытуға бағытталған құралдардың тиімділігі көрсетіледі. Нəтижелері жəне олардың маңыздылығы: Жұмыстың ғылыми жаңалығы – кадрлық тұрақтылықты арттыруға бағытталған кешенді тəсілдердің, соның ішінде кəсіби дамуды басқарудың нақты үлгілерін ұсынуында. Бұл ұсыныстар қазіргі еңбек нарығындағы кадр тапшылығын азайтуға бағытталған HR-саясатқа нақты үлес қосады. Практикалық маңызы – қонақүй ұйымдарының кадрлық стратегияларын жетілдіруге арналған нақты ұсынымдармен қамтамасыз етуінде.

Мақала ашу
Журналдың шыққан жылы: 2025
Журнал нөмірі: 4(100)