Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.edu.kz

Артқа

Қылмыстық жазаларды орындау жəне сотталғандарды қайта əлеуметтендіру мəселелері: Қазақстандағы қазіргі заманғы сын-қатерлер

Аңдатпа:

Бұл ғылыми-теориялық мақалада Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесінің (ҚАЖ) қазіргі жағдайына пенитенциарлық саясаттың жаһандық трендтері аясында жан-жақты талдау ұсынылған. Авторлар отандық жазаны орындау моделінің кеңестік «еңбекпен түзеу» парадигмасынан қайта əлеуметтендіру мен пробацияның халықаралық стандарттарына көшу процесін егжей-тегжейлі зерттейді. 2014 жылғы Қылмыстық-атқару кодексінің құқық қолдану тəжірибесіне, пробация институтының тиімділігіне, «Еңбек» РМК жүйесі арқылы сотталғандарды жұмыспен қамту мəселелеріне, сондай-ақ функцияларды Денсаулық сақтау министрлігіне бергеннен кейінгі медициналық қамтамасыз ету мəселелеріне ерекше назар аударылады. Көлемді эмпирикалық материалдар, статистикалық деректер жəне əлеуметтанулық зерттеулер негізінде заңнамалық мақсаттар мен жазаны өтеудің нақты шарттары арасындағы жүйелік қайшылықтар анықталады. Түрме субмəдениетіне қарсы іс- қимыл, бас бостандығынан айыру орындарындағы діни экстремизмнің алдын алу мəселелері жəне камералық ұстауды енгізу перспективалары қарастырылады. Мақалада қылмыстың қайталануын азайту мақсатында заңнама мен құқық қолдану тəжірибесін жетілдіру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар қамтылған

Мақала ашу
Журналдың шыққан жылы: 2025
Журнал нөмірі: 4(100)
Тақырып: Құқық