Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.edu.kz

Артқа

Инклюзия қағидаттарын білім беру ортасында іске асырудың өзекті мəселелері мен перспективалары

Аңдатпа:

Зерттеудің негізгі мəселесі: білім беру ортасында инклюзия қағидаттарын жүзеге асыру педагогтардың жеткілікті дайындықсыздығынан, ресурстардың тапшылығынан жəне оқу ортасының ЕБҚ бар балалардың қажеттіліктеріне толық бейімделмеуінен күрделене түседі. Мақаланың мақсаты: инклюзияны енгізудегі негізгі проблемаларды айқындау жəне білім беру ұйымдарында оны одан əрі дамыту перспективаларын анықтау. Зерттеу əдістері: əдебиеттер мен нормативтік құжаттарға теориялық талдау жасау, инклюзивті білім беру тəжірибелеріне салыстырмалы талдау жүргізу, қолданыстағы тəжірибені жинақтау. Алынған нəтижелер: инклюзияны жүзеге асырудың негізгі кедергілері айқындалып, педагогтердің біліктілігін арттыру, оқу жағдайларын жақсарту жəне ЕБҚ бар балаларды қолдауды кеңейту сияқты даму бағыттары белгіленді. Зерттеудің практикалық маңыздылығы: зерттеу нəтижелері білім беру ортасын жетілдіру, педагогтерді даярлау бағдарламаларын əзірлеу жəне мектептерде тиімді инклюзивті практикаларды енгізу үшін қолданылуы мүмкін.

Мақала ашу
Журналдың шыққан жылы: 2026
Журнал нөмірі: 1(101)