Білім беру жүйесінің цифрлық трансформациясы білім беру ортасына жасанды интеллект технологияларын белсенді енгізумен қатар жүреді. Интеллектуалды цифрлық жүйелер білім беру деректерін талдау, оқытуды дараландыру жəне оқу үдерісін оңтайландыру мақсатында қолданылады. Сонымен қатар, оларды қолдану білім алушылардың психологиялық ерекшеліктерін жəне цифрлық білім беру ортасының педагогикалық қызмет ету шарттарын ескеруді талап етеді. Осыған байланысты білім беру тəжірибесінде жасанды интеллект технологияларын нəтижелі қолдануды қамтамасыз ететін психологиялық-педагогикалық факторларды зерттеу өзекті болып табылады. Зерттеудің мақсаты – цифрлық білім беру ортасында жасанды интеллект технологияларын тиімді қолданудың психологиялық- педагогикалық шарттарын анықтау жəне ғылыми тұрғыдан негіздеу. Зерттеу барысында ғылыми əдебиеттерді талдау, интеллектуалды білім беру жүйелерін енгізудің отандық жəне шетелдік тəжірибесін жалпылау, сондай-ақ университеттің цифрлық білім беру ортасында цифрлық платформалар мен жасанды интеллект элементтерін қолдану тəжірибесін талдау əдістері қолданылды. Нəтижелер. Зерттеу барысында білім беру үдерісінде жасанды интеллект технологияларын нəтижелі қолдануды қамтамасыз ететін психологиялық- педагогикалық шарттар анықталды. Оларға оқытушылар мен білім алушылардың цифрлық құзыреттілігі, интеллектуалды жүйелерді оқу қызметінің құрылымына педагогикалық тұрғыдан кіріктіру, білім беру мазмұнын бейімдеу жəне психологиялық қолдаушы цифрлық білім беру ортасын қалыптастыру жатады. Интеллектуалды жүйелердің білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырудағы, олардың дербестігін дамытудағы жəне цифрлық ортадағы білім беру өзара əрекеттестігін оңтайландырудағы рөлі негізделді. Алынған нəтижелер білім беру саласында жасанды интеллект технологияларын қолдану мүмкіндіктері туралы ғылыми түсініктерді нақтылайды жəне цифрлық білім беру ортасының модельдерін əзірлеуде, сондай-ақ білім беруді цифрландыру жағдайында білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыруда пайдаланылуы мүмкін.
Мақала ашу
Аңдатпа:
Журналдың шыққан жылы:
2026
Журнал нөмірі:
1(101)
Тақырып: Педагогика және психология
Қазақ
English
Русский