Негізгі мəселе: Посткеңестік кеңістікте еңбек күшінің трансшекаралық мобильділігі артқан қазіргі жағдайда азаматтардың өз мемлекеттерінен тыс жерде еңбек етуіне байланысты зейнетақы құқықтарын реттеу мəселесі барған сайын өзекті болуда. Зерттеу Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің еңбекші азаматтарын зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісімнің күшіне енуімен байланысты зейнетақы жүйесіндегі экономикалық-құқықтық өзгерістерді талдауға бағытталған. Бұл халықаралық-құқықтық акт интеграциялық бірлестікке қатысушы елдерде еңбек ететін азаматтардың зейнетақы құқықтарын қалыптастыру стандарттарын үйлестіруге жəне жақындатуға бағытталған. Мақсаты: Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы халықаралық үйлестіруді тереңдетудің Еуразиялық экономикалық кеңістіктің əлеуметтік интеграциясы мен тұрақты дамуының маңызды факторы ретіндегі қажеттілігі туралы қорытынды жасау. Əдістері: Зерттеуде жалпығылыми жəне арнайы əдістер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының зейнетақы жүйелеріне салыстырмалы- экономикалық жəне жүйелік талдау тəсілдері қолданылды. Нəтижелері жəне олардың маңызы: Жұмыста еңбек (сақтандыру) өтілі мен зейнетақы жарналарының пропорционалды қаржылық есебінің тетіктері қарастырылады. Ерекше назар негізгі зейнетақы модельдерінің – ынтымақты (бөлу/еңбекке негізделген) жəне жинақтаушы жүйелердің сипаттамаларына аударылған, олардың əрқайсысы тиісті елдердің əлеуметтік- экономикалық реформаларының ерекшеліктерін бейнелейді. Автор ғылыми айналымға «Еуразиялық зейнетақы» ұғымын енгізеді, ол ЕАЭО-ға мүше екі немесе одан да көп мемлекеттердің қаражаттары есебінен, əр елде жинақталған еңбек өтілі мен зейнетақы жарналарына байланысты қалыптасатын зейнетақы төлемдерінің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Жүргізілген талдау негізінде ұлттық зейнетақы жүйелерінің өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар тұжырымдалған. Бұл ұсыныстар əлеуметтік əділеттілікті нығайтуға жəне еуразиялық интеграция аясында ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Мақала ашу
Аңдатпа:
Журналдың шыққан жылы:
2026
Журнал нөмірі:
1(101)
Тақырып: Экономикалық ғылымдар
Түйінді сөздер: ЕАЭО, зейнетақымен қамсыздандыру, еңбек көші-қоны, Еуразиялық зейнетақы, заңнаманы үйлестіру, еңбек өтілі, жинақтаушы жүйе
Қазақ
English
Русский