Негізгі мəселе: Қазіргі баскетбол ойыны жоғары қарқындылығымен, ойын жағдайларының жылдам өзгеруімен жəне спортшылардың техникалық-тактикалық шеберлігіне қойылатын талаптардың артуымен ерекшеленеді. Сондықтан баскетболшылардың техникалық жəне тактикалық даярлығын жетілдіру мəселесі спорттық дайындық теориясы мен əдістемесінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Жоғары нəтижеге қол жеткізу үшін ойыншылардың техникалық элементтерді сапалы орындауы ғана емес, сонымен қатар оларды нақты ойын жағдайында тиімді қолдана білуі қажет. Осыған байланысты техникалық жəне тактикалық дайындықтың өзара байланысын зерттеу жəне оларды жетілдірудің тиімді жолдарын анықтау өзекті ғылыми мəселе болып табылады. Мақсаты: Баскетболдағы техникалық жəне тактикалық əдістемелерді жетілдірудің теориялық негіздерін зерттеу жəне оқу-жаттығу процесінде қолданылатын тиімді əдістерді анықтау. Əдістері: Зерттеу барысында ғылыми əдебиеттерге теориялық талдау, салыстыру, жүйелеу жəне жалпылау əдістері қолданылды. Баскетболшылардың техникалық жəне тактикалық даярлығына арналған отандық жəне шетелдік ғылыми еңбектер қарастырылды. Сонымен қатар спорттық дайындық теориясы, дене тəрбиесі педагогикасы жəне спорттық жаттықтыру мəселелеріне арналған ғылыми зерттеулер сараланды. Нəтижелері жəне олардың маңыздылығы: Зерттеу нəтижелері техникалық жəне тактикалық даярлықтың өзара тығыз байланыста жүзеге асырылатынын көрсетті. Баскетболшылардың ойын тиімділігін арттыруда ойын жағдайларын модельдеу, бейнеанализ технологияларын пайдалану, цифрлық бақылау жүйелерін енгізу жəне командалық өзара əрекеттестікті жетілдіру маңызды рөл атқаратыны анықталды. Техникалық жəне тактикалық дайындықты кешенді түрде ұйымдастыру спортшылардың жарыстық əрекеттерінің нəтижелілігін арттырады. Зерттеу нəтижелері дене шынықтыру жəне спорт саласындағы мамандардың, жаттықтырушылардың жəне жоғары оқу орындары студенттерінің тəжірибелік қызметінде қолдануға ұсынылады.
Мақала ашу
Аңдатпа:
Журналдың шыққан жылы:
2026
Журнал нөмірі:
2(102)
Тақырып: Педагогика және психология
Қазақ
English
Русский