Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.edu.kz

Артқа

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оңалтуда ассистивтік технологияларды пайдаланудың психологиялық-педагогикалық шарттары

Аңдатпа:

Инклюзивті білім берудің кеңеюі жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық жəне медициналық оңалтудың тиімді құралдарына деген қажеттілік арта түсуде. Ассистивтік технологиялар сенсорлық, коммуникативтік жəне оқу үдерісіндегі шектеулерді өтеудің құралы ретінде қарастырылып, баланың білім беру үдерісіне толыққанды қатысуына жəне оның бейімделу мүмкіндіктерінің артуына ықпал етеді. Зерттеудің мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оңалтуда ассистивтік технологияларды тиімді пайдаланудың психологиялық-педагогикалық шарттарын анықтау жəне ғылыми тұрғыдан негіздеу. Зерттеу барысында ғылыми əдебиеттерді талдау, тифлотехникалық, сурдотехникалық жəне бағдарламалық оқу құралдарын қолданудың отандық жəне шетелдік тəжірибесін жалпылау, сондай-ақ оларды инклюзивті білім беру жүйесінде пайдалану бойынша педагогикалық тəжірибені талдау əдістері қолданылды. Ассистивтік технологияларды қолданудың тиімділігі бірқатар шарттардың жиынтығына байланысты екені анықталды. Оларға педагогтердің арнайы техникалық құралдарды пайдалануға дайындығы, білім беру мазмұнын бейімдеу, мамандардың пəнаралық өзара əрекеттестігі жəне психологиялық тұрғыдан қолдаушы білім беру ортасын қалыптастыру жатады. Ассистивтік шешімдерді білім беру үдерісіне енгізу балалардың танымдық белсенділігін дамытуға, коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға жəне əлеуметтік бейімделу деңгейін арттыруға ықпал ететіні көрсетілді. Қорытынды. Алынған нəтижелер білім беру жəне оңалту практикасында ассистивтік технологияларды қолдану туралы ғылыми түсініктерді кеңейтеді жəне ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық- педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыруда пайдаланылуы мүмкін

Мақала ашу
Журналдың шыққан жылы: 2026
Журнал нөмірі: 2(102)