Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.edu.kz

Артқа

Əкімшілік полицияның адам жүзін тану жүйелерін пайдалануы: қоғамдық қауіпсіздік пен жеке өмірге қолсұғылмаушылық құқығы арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету

Аңдатпа:

Бет-əлпетті алгоритмдік тану (FRT) технологияларын əкімшілік полиция қызметіне қарқынды енгізу терең институционалдық теңгерімсіздікті тудырады. Жаппай бейнебақылау инфрақұрылымын қалыптастыру азаматтардың жеке өмірге қолсұғылмаушылық жəне жүріп- тұру бостандығына қатысты конституциялық құқықтарына тікелей қауіп төндіреді, бұл нақты бейінді заңнаманың жоқтығымен жəне машиналық біржақтылық (предвзятость) тəуекелдерімен ушыға түседі. Қоғамдық қауіпсіздік пен жеке тұлғаның ақпараттық дербестігі арасындағы теңгерімге қол жеткізу бойынша ғылыми негізделген ұсынымдар əзірлеу үшін полицияның биометриялық технологияларды қолдануының қолданыстағы құқықтық модельдерін кешенді тұжырымдамалық талдау. Зерттеуде жүйелік, формальды-догматикалық жəне салыстырмалы-құқықтық (ЕО, АҚШ, Ұлыбритания, ҚР) əдістерді қамтитын кешенді тəсіл қолданылды. Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың (АҚЕС/ЕСПЧ) прецеденттік практикасын (Glukhin v. Russia ісі) жəне ҚР ІІМ-нің 2024–2025 жылдардағы өзекті эмпирикалық статистикасын талдауға ерекше назар аударылды. FRT-тің жоғары криминалистикалық тиімділігі мойындалды. Алайда, Қазақстанда тану жүйелерін қолдану негізінен заңға тəуелді актілермен реттелетіні анықталды, бұл күштік құрылымдарға шамадан тыс дискреция (еркіндік) береді. Халықты талғамсыз биометриялық сканерлеу іс жүзінде кінəсіздік презумпциясын жоққа шығарады. Халықаралық тəуекелге бағдарланған стандарттарды (EU AI Act) жəне Еуропалық соттың қағидаттарын (extrema ratio) имплементациялау арқылы ұлттық заңнаманы реформалаудың сыни қажеттілігі негізделді. Нақты қадамдар ұсынылды: алгоритмдік іздестіруді міндетті түрде соттың санкциялауы, FRT қолдану үшін қылмыстардың толық тізбесін бекіту жəне ЖИ тəуелсіз аудиті институтын құру

Мақала ашу
Журналдың шыққан жылы: 2026
Журнал нөмірі: 2(102)
Тақырып: Құқық