Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінде əкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстық теріс қылықтар арасындағы материалдық-құқықтық шекараның жойылуынан туындаған терең жүйелік дағдарыс байқалады. Бұл теңгерімсіздік тергеу органдарының процестік салдануын тудырады, қылмыстық статистиканы бұрмалайды жəне əкімшілік санкциялар қылмыстық санкциялардан іс жүзінде бірнеше есе асып түскен кезде əділеттіліктің негізгі қағидаттарын бұзады. Полиция қызметіндегі əкімшілік жəне қылмыстық деликтілердің аражігін ажырату мəселелерін кешенді ғылыми-практикалық талдау, процестік коллапстың детерминанттарын анықтау жəне жария жауаптылық сəулетін оңтайландыру бойынша іргелі ұсынымдар əзірлеу. Зерттеуде диалектикалық, формальды-заңдық, салыстырмалы-құқықтық жəне статистикалық құралдар қолданылды. Санкциялардың «жазалау эквивалентін» математикалық модельдеу жүргізілді жəне 2024 жылғы Павлодар облысы құқық қорғау органдарының өзекті эмпирикалық деректеріне талдау жасалды. «Қоғамдық қауіптілік» санатын түсіндіруде терең теориялық-құқықтық диссонанс анықталды. Жазаның ауырлығы бойынша əкімшілік құрамдардың 27 %-ы қылмыстық теріс қылықтарға тең немесе олардан асып түсетіні дəлелденді. Болмашы іс-əрекеттерді тергеп- тексерудің қылмыстық-процестік нысанының шамадан тыс болуына байланысты қылмыстың жоғары латенттілігі мен полиция статистикасының жасанды трансформациялануы анықталды. Заңнаманы доктриналық қайта қараудың сыни қажеттілігі негізделді: шынайы оңайлатылған іс жүргізуді енгізе отырып, ҚР ƏҚБтК мен ҚК санкцияларын қатаң үндестіру, немесе аралас құқықтық жүйелер үлгісімен əкімшілік преюдиция институтын имплементациялай отырып жəне бинарлық жүйеге орала отырып, «қылмыстық теріс қылық» санатын толығымен жою.
Мақала ашу
Аңдатпа:
Журналдың шыққан жылы:
2026
Журнал нөмірі:
2(102)
Тақырып: Құқық
Қазақ
English
Русский