Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.edu.kz

Артқа

Жамбыл облысының азық-түлік қауіпсіздігіне əсер ететін экологиялық факторларды тағамдық технологияларды дамыту контекстінде кешенді бағалау

Аңдатпа:

Аридтік өңірлерде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жердің тозуы, су ресурстарының тұрақсыздығы жəне жергілікті экологиялық ластанулардың əсерімен күрделене түседі, бұл агроазық-түлік жүйесінің тұрақтылығын төмендетіп, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасына жəне өңдеу мүмкіндіктеріне кері əсер етеді. Бұл жұмыстың мақсаты Жамбыл облысында экологиялық факторлардың азық-түлік қауіпсіздігіне əсерін бағалау жəне тағамдық технологиялардың өнім сапасы мен қауіпсіздігін арттырудағы рөлін негіздеу болып табылады. Зерттеу барысында жүйелік талдау, салыстырмалы-географиялық тəсіл жəне 2023-2024 жылдардағы топырақ, атмосфералық ауа жəне жерүсті сулары бойынша экологиялық мониторинг деректерін кешенді өңдеу жəне нəтижелерін ғылыми тұрғыдан талдау қолданылды. Зерттеу нəтижесінде қарашірік мөлшерінің төмендеуі мен дефляциялық үдерістердің күшеюі жердің тозуы негізгі шектеуші факторы екені анықталды. Ескере кететін жайт, деректерге сүйенсек, топырақтағы ауыр металдардың концентрациясы рұқсат етілген деңгейден аспайтындығы дəлелденді. Атмосфералық ауада жалпы ластану деңгейі төмен болғанымен, жекелеген аумақтарда шекті рұқсат етілген концентрациядан асу жағдайлары тіркелген. Беттік сулар сапасының жақсаруы байқалып, экстремалды ластану анықталмаған. Жоғарыда алынған нəтижелер ресурстарды үнемдейтін технологияларды енгізудің маңыздылығын көрсетеді жəне өңірлік саясатта қолданылуы мүмкін.

Мақала ашу
Автор: Ж.Б. Исаева
Журналдың шыққан жылы: 2026
Журнал нөмірі: 2(102)