Қазіргі кезде қолжетімділікті бақылау жүйелері тек парольдер мен PIN-кодтарға сүйенген кезде қауіпсіздік талаптарына толық жауап бере алмайды. Мұндай дəстүрлі əдістерді ұрлау, болжап табу немесе басқа адамға беру оңай, сондықтан олар қорғаныс жүйесінің əлсіз буынына айналады. Осы жағдайда пайдаланушының тек деректерін ғана емес, оның өзін қалай ұстайтынын да «түсіне алатын» биометриялық жəне поведенциялық тəсілдер ерекше сұранысқа ие болып отыр. Бұл жұмыста адамның бет-əлпеті бойынша ғана емес, сонымен қатар оның жүйеге кіру кезіндегі мінез-құлқына сүйеніп шешім қабылдайтын бағдарламалық жүйе əзірленеді. Мақсат – күмəнді əрекеттерді дер кезінде байқап, қолжетімділікті автоматты түрде шектеуге қабілетті құрал жасау. Техникалық негіз ретінде бейнеағыннан бет-əлпетті тану үшін компьютерлік көру мен терең оқыту əдістері қолданылады. Сонымен бірге, уақыт, аймақ жəне сəтсіз əрекеттердің жинақталуын ескеретін мінез-құлықты талдау модулі іске асырылған. Жүйе бірнеше өзара байланысты бөліктерден тұрады: бет-əлпетті тану, қолжетімділікті уақыт пен аймақ бойынша тексеру жəне тəуекел деңгейін бағалау. Жасалған прототип биометриялық жəне поведенциялық белгілерді біріктіру қолжетімділікті бақылаудың сапасын айтарлықтай жақсартатынын көрсетті. Егер қате əрекеттер саны немесе əдеттен тыс қадамдар белгіленген шектен асып кетсе, жүйе пайдаланушыны автоматты түрде бұғаттап, дабыл сценарийін іске қосады. Осылайша, рұқсатсыз кіру ықтималдығы азаяды, ал қауіпсіздік əкімшісінің жүктемесі жүйенің дербес əрекеті есебінен төмендейді. Ұсынылған тəсілдің ғылыми жаңалығы – бет-əлпетті тану мен мінез-құлықты талдауды бірегей шешім қабылдау архитектурасында біріктіруінде. Бұл пайдаланушыға қолжетімділік беру туралы шешім қабылдағанда биометриялық сипаттамаларды да, оның əрекет контекстін де (кіру уақыты, орны, сəтсіз талпыныстардың құрылымы) қатар ескеруге мүмкіндік береді. Мұндай интеграцияланған тəсіл дəстүрлі бір факторлы жүйелермен салыстырғанда анағұрлым икемді жəне «зияткерлік» қауіпсіздік контурын қалыптастырады.
Мақала ашу
Аңдатпа:
Журналдың шыққан жылы:
2026
Журнал нөмірі:
2(102)
Түйінді сөздер: бетті тану, қолжетімділікті бақылау, мінез-құлық талдауы, биометрия, компьютерлік көру, терең оқыту
Қазақ
English
Русский