Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.edu.kz

Артқа

Криптография мен жасанды интеллект интеграциясы: ақпараттық қауіпсіздік жүйелерінің тиімділігін арттыру

Аңдатпа:

Негізгі мəселе: Қазіргі цифрлық қоғам жағдайында ақпараттық жүйелердің дамуы деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселесінің маңыздылығын арттырып отыр. Осыған байланысты криптография мен жасанды интеллект технологияларының өзара əрекеттесуін зерттеу өзекті ғылыми бағыттардың біріне айналды. Мақсаты: Бұл мақалада криптографиялық жүйелерде жасанды интеллект технологияларын қолданудың мүмкіндіктері, қауіптері жəне даму перспективалары қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – дəстүрлі криптографиялық алгоритмдер мен жасанды интеллект негізінде оңтайландырылған алгоритмдердің тиімділігін салыстырмалы түрде талдау. Əдістері: Зерттеу барысында эксперименттік модельдеу əдісі қолданылып, əртүрлі көлемдегі деректерді шифрлау уақыты өлшенді. Нəтижелер жəне олардың маңыздылығы:Алынған нəтижелер жасанды интеллект негізіндегі алгоритмдер дəстүрлі əдістермен салыстырғанда жоғары өнімділік көрсететінін анықтады. Сонымен қатар жасанды интеллект криптографиялық жүйелердегі осалдықтарды анықтау жəне қауіпсіздік жүйелерін бейімдеу мүмкіндігін арттырады. Зерттеу нəтижелері криптография мен жасанды интеллект интеграциясы ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін жетілдірудің маңызды бағыты екенін көрсетеді.

Мақала ашу
Автор: А.Ғ. Керім
Журналдың шыққан жылы: 2026
Журнал нөмірі: 2(102)