Мақалада Халықаралық қаржы ұйымдарының (ХҚҰ) инвестицияларын Қазақстан Республикасының экономикасына тартудың теориялық-əдіснамалық негіздері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – инвестицияларды тартудың теориялық-əдіснамалық негіздерін зерделеу мен ашу, сондай-ақ бұл ұйымдардың қызмет стратегияларын талдау болып табылады. Зерттеу əдістері жүйелі-институционалдық тəсілді, инвестициялық стратегиялардың компаративті (салыстырмалы) талдауын жəне құрылымдық модельдеу əдісін қамтиды. Мақалада халықаралық қаржы ұйымдарының жаһандық инвестициялық өзара іс-қимыл институты ретіндегі мəні ашылып, олардың инвестициялық қызметінің стратегиялары мен макроэкономикалық процестерге тигізетін əсері талданады. Бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезіндегі мемлекет пен халықаралық қаржы ұйымдарының өзара іс- қимыл модельдеріне ерекше назар аударылған. Халықаралық қаржы ұйымдарының қатысуы ұзақ мерзімді қаржы ресурстарын жұмылдыруға ғана емес, сонымен қатар тұрақты дамуға, инвестициялық тəуекелдерді азайтуға жəне елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған институционалдық ортаны қалыптастыруға ықпал ететіні негізделген. Əлемдік қаржылық архитектураның трансформациясы мен өңірлік интеграцияның күшеюі жағдайында Қазақстанның халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығының стратегиялық маңыздылығы туралы қорытынды жасалды.
Мақала ашу
Аңдатпа:
Журналдың шыққан жылы:
2026
Журнал нөмірі:
2(102)
Тақырып: Экономикалық ғылымдар
Қазақ
English
Русский