Негізгі мəселе: мақалада жалпы орта мектептің 10-сынып оқушыларын бейіндік оқыту үшін "электр жəне магнетизм" бөлімі бойынша элективті курсты ұйымдастырудың маңызы көрсетілген. Физика бойынша бөлінген сағаттарда тақырып толығымен игерілмегендіктен, элективті курсты ұйымдастыру өзекті мəселе болып табылады. Бұл элективті курстар белгілі бір дəрежеде болашақ түлекке мамандық таңдауда көмектеседі, білімін тереңдете отырып, университетке түсуге көмектеседі. Мақсаты: тақырып аясында зерттеу жүргізген отандық жəне шетелдік ғалымдардың еңбектерін талдай отырып, бүгінгі таңда физикаға байланысты мамандықтарға сұраныс артып келе жатқандығы жəне физикаға бейіндік оқыту мектептің жоғарғы сыныптарында басталуы керек екендігі белгілі болды. Əдістері: элективті курстың сұраныс дəрежесін жəне курсты ұйымдастырудағы қандай кедергілерді анықтау мақсатында сауалнама жасалды, Шымкент қаласындағы №138 мектептің 10-11 сынып оқушылары мен əртүрлі орта мектептердің физика мұғалімдерінің сауалнамасының нəтижелері көрсетілді. Сауалнама нəтижелері бойынша "электр жəне магнетизм"тарауы бойынша элективті курсты ұйымдастыру қажеттілігі анықталды. 10-сынып үшін "электр жəне магнетизм" бөлімі бойынша элективті курс жасалғаны баяндалды. Нəтижелер жəне олардың маңыздылығы: осы мақсаттар мен міндеттерді орындау арқылы түлек өз бағытын таңдауға əсер етуі мүмкін. Мамандық туралы шешім қабылдап қана қоймай, қазіргі уақыттағы басты мəселе – сағат тапшылығы мəселесін шешу. Орта мектепте физиканы оқуға арналған сағаттардың жетіспеушілігін Электротехника бойынша факультативтерді əзірлеу арқылы өтеуге болады, олардың негізгі мақсаты кəсіби бағдарланған міндеттерді шешу жəне кəсіби бағдарланған зертханалық жұмыстар мен жобаларды орындау болып табылады.
Мақала ашу
Аңдатпа:
Журналдың шыққан жылы:
2024
Журнал нөмірі:
4(96)
Тақырып: Педагогика және психология