Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Техникалық ғылымдар және технологиялар


Қызметкерлердің кәсіпорындағы қызметке бейімделуі үшін электрондық курсты әзірлеу технологиялары
Аңдатпа: вторлар электронды курсты пайдалану арқылы кәсіпорында жаңа қызметкерлерді бейімдеу қажеттілігін қарастырады. Мақалада "электрондық курс", "адаптациялық электрондық курс"ұғымдарының анықтамалары келтіріледі. Бейімдеу электрондық курсы жаңа қызметкерлерді кәсіпорынның тарихымен, құрылымымен және корпоративтік құндылықтарымен таныстыру үшін әзірленген, жаңа қызметкерге ол үшін ерекше еңбек және психологиялық факторларға бейімделуге мүмкіндік беретін курс болып табылады. Мақалада бейімдеу курстарына талдау жүргізілді және электрондық курсты әзірлеудің негізгі технологиялары (виртуалды және толықтырылған нақтылық технологиялары, геймификация, онлайн–чат, LMS және корпоративтік оқыту порталдары, Машиналық оқыту және жасанды интеллект, оқыту аналитикасы және BigData, сторителлинг) анықталды. Бейімдеу электрондық курсын әзірлеуде, әсіресе бейімделу кезеңінде психологиялық қолдау көрсетуде сторнеллинг технологиясының артықшылықтары анықталды.
Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 1(77)

Мұнай өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында жөндеу жұмыстарын жүргізу
Аңдатпа: Мұнай өңдеу өндірісін дамытуҚазақстан Республикасы экономикасының барлық салалары қызметінің қолайлы жағдайларымен, нарықтық өзгерістерді жүзеге асырудың барлық нормативтік-құқықтық негіздерін реттеудің тұрақты процестерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің мұнай өңдеу секторында басқарушылық және жаңашыл шешімдер қабылдаудың тиімділігімен елеулі дәрежеде айқындалатын әлеуметтік-экономикалық ортаның ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Қазіргі уақытта барлық өндірістік үдерістерді ауқымды модернизациялауға, сондай-ақ елдің мұнай өңдеу кешенінің жабдықтарын модернизациялауға көп күш жұмсалып отыр.
Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 1(77)

Автомобиль көлігін электрмен жабдықтау жүйесінің тиімділігін арттыру
Аңдатпа: Мақалада электр генераторларының шығыс кернеуі бойынша диагностикасы негізінде электр жабдықтарының жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету әдістерін жетілдіру арқылы автокөлік жұмысының тиімділігін арттыру жолдары қарастырылған. Диагностика ретінде бос тұрған режимде пайда болған кернеуге спектрлік талдау жасау және алынған нәтижелерден генератор элементтерінің күйін анықтау ұсынылады. Ұсынылған шешімдердің тиімділігі мұқият тексеру негізінде генератордың әртүрлі элементтерінің күйін анықтай алатын генератордың бөлінбейтін диагностикасы арқылы анықталады. Бұл әдіс генераторды жұмыстан шығаруды қажет етпейді, оның құрылымына тәуелді емес және генераторды күрделі пайдалану жағдайларында техникалық қызмет көрсетудің бастапқы кезеңінде генератордың жай-күйі туралы алдын-ала ақпарат алу үшін қолдануға болады.
Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 1(77)

Жаңа үлгідегі қалақты араластырғыштың параметрлерін зерттеу және анықтау
Аңдатпа: Жұмыста жаңа типтегі араластырғыш аппараттың техникалық сипаттамасы мен жұмыс істеу принциптері баяндалған. Араластыру кезінде аппарат багында пайда болатын ағындардың геометриясы зерттелген. Араластырғышқа конструкциялық өзгерістер енгізуге ұсыныстар жасалған.
Журналдың шыққан жылы: 2014
Журнал нөмірі: 1(53)

Тұрмыстық қалдықтарды пайдаға асыру әдістері
Аңдатпа: Осы мақалада тұрмыстық қалдықтарды пайдаға асыру және пенопластты бензинде еріту негізінде пластикалық массалар алу әдістері қарастырылған.
Журналдың шыққан жылы: 2014
Журнал нөмірі: 1(53)

Анаэробтық ашыту үдерісін қарқындандыру әдістері
Аңдатпа: Мақалада биогазды қондырғының өндімділгін арттыруға алып келетін анаэробтық ашыту үдерісін қарқындандыру тәсілдері қарастырылады. Анаэробтық ашыту үдерісін қарқындандырудың микробиологиялық және конструктивті-технологиялық әдістері талданған, оның артықшылығы мен кемшіліктері көрсетілген.
Журналдың шыққан жылы: 2014
Журнал нөмірі: 1(53)

Коагулянт ретінде RPAESTOL 650BC флокулянты мен алюминий сульфатының айналымдық суды тазарту дәрежесіне әсерін зерттеу
Аңдатпа: Осы мақалада химиялық реагенттердің айналымдық суды тазарту дәрежесіне ықпалы қарастырылған, коагуляцияның физика-химиялық процесс сипатталады және сол реагенттердің тиімділігін көрсететін анализдердің нәтижелері ұсынылған.
Журналдың шыққан жылы: 2014
Журнал нөмірі: 1(53)

Құрылыстық нормаларды есепке алып, қоршаушы конструкциялардың сенімділік және ұзақ уақытқа жарамдылық мәселелері
Аңдатпа: Мақалада тұрғын үймереттердің сенімділік және ұзақ уақытқа жарамдылығын қамтамасыз етудің негізгі сұрақтары қарастырылған. Салмақ түсетін қоршаушы конструкциялардың техникалық жағдайын бағалау мәселелері көтеріліп, ғимаратты тексерудің кешенді әдістемесі ұсынылған. Салмақ түсетін қоршаушы конструкциялардың табиғи және сапалық тозығы мәселелері қозғалған.
Журналдың шыққан жылы: 2014
Журнал нөмірі: 1(53)

Грид-жүйелер және оларды қолдану потенциалы
Аңдатпа: Бұл мақалада технология туралы түсінік беру мақсатында грид-жүйелерді құрастыру және қолданудың кейбір аспектілеріне қысқаша шолу жасалған. Осы технологияны пайдалану әлеуетін көрнекі көрсету үшін, грид-жүйені пайдаланатын қолданыстағы жобалар тізімі берілген.
Журналдың шыққан жылы: 2014
Журнал нөмірі: 1(53)

ЖЭС су дайындаудың жаңа технологияларын енгізу
Аңдатпа: Бұл мақалада су дайындаудың қолданыстағы технологияларына талдау берілген және ЖЭС-та кері осмосты енгізу тиімділігінің аспектілері қарастырылған.
Журналдың шыққан жылы: 2014
Журнал нөмірі: 1(53)