Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Мақалалар мұрағаты

Фильтрлар:

1(77)

Тазарту

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің адам саудасына қарсы іс-әрекеттеріндегі халықаралық ынтымақтастығы: жалпы сипаттама және негізгі бағыттар
Аңдатпа: Мақаланың мақсаты - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің құқық қорғау органдарының адам саудасына қарсы іс-әрекеттеріндегі халықаралық ынтымақтастығының негізгі ықтимал бағыттарын қарастыру. Авторлар адам саудасына қарсы күрес саласындағы қолданыстағы халықаралық-құқықтық актілерді талдау негізінде ТМД елдерінің құқық қорғау органдарының халықаралық ынтымақтастығының негізгі бағыттарын егжей-тегжейлі қарастырады, ол мынадай жолмен жүзеге асырылады: құзыреттермен ішінара алмасу, қылмыстық істер бойынша бірлесіп тергеу, сондай-ақ адамды қылмыстық қудалау (экстрадициялау) үшін беру.
Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 1(77)
Тақырып: Құқық

ЖОО-да студенттердің танымдық белсенділігін арттыру жолдары
Аңдатпа: Мақалада «Дене шынықтыру және спорт педагогикасы», «Педагогика» пәндері бойынша әзірленген оқу-әдістемелік кешеннің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы студенттерінің танымдық белсенділігін арттыруға әсерін зерттеу нәтижелері берілген. Ұсынылған оқыту тәсілдері білім алушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға оң әсер ететіндігі көрсетілді, бұл педагогикалық модуль пәндері бойынша білім сапасын арттыруға, оқытудағы дербестікке және студенттердің танымдық белсенділігін дамытуға көмектеседі.
Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 1(77)

Мектепке дейінгі білім беру сапасын бағалаудың заманауи тәсілдері
Аңдатпа: Мақалада авторлар МББМ-дағы "білім сапасы" ұғымының мәні туралы көзқарасқа қысқаша шолу береді, сондай-ақ білім беру сапасын бағалау кезінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану қажеттілігін негіздейді.
Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 1(77)

Студенттерге шет тілін оқытудың мәні туралы Мақала
Аңдатпа: Мақала шет тілін оқыту мәселелерін, оның құрылымын түсінудің негізгі тәсілдерін зерттеуге арналған. Осыған байланысты шет тілдік білім беруді дамыту, шет тілдерін оқыту әдістері туралы ғылыми полемикаға талдау жүргізілген. Авторлар шет тілдерін оқытудың стратегиялық мақсаты - студенттердің «екінші тілдік тұлға» қасиеттерін дамыту екендігін негіздейді. Осыған байланысты «екінші тілдік тұлға» ұғымы мен құзыреттіліктің арасындағы байланыс - шет тілдік жәнемәдениаралық-коммуникативтітұлға айқындалған.
Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 1(77)

Қарағанды облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясының қалыптасу тарихы және қазіргі даму басымдары
Аңдатпа: Бүгінгі күні Қарағанды облысының Қазақстан Халқы Ассамблеясының (ҚХА) - қоғамның түрлі салаларында өз қызметін жүзеге асыратын маңызды саяси институт болып табылады. Қарағанды облысының ҚХА жүзеге асыратын жобалар кез келген этностық топтың тілі, мәдениеті, тарихы сияқты маңызды құрылымдарын сақтауға, зерттеуге және дамытуға бағытталған. Бұл оның бірізділігін, ұлттық сана-сезімін қалыптастыратын нәрсе. Сонымен бірге, әр этностың жеке-жеке бай тарихи және мәдени мұрасын дамытып, сақтай отырып, ҚХА біздің республикамыздың біртұтас қауымдастығын - Қазақстан Республикасының азаматтарын, патриотизм және өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімін дамыта отырып қалыптастыруға бағытталған. Бүгінде бұл сәнге айналған ұран ғана емес, ол мемлекеттілікті, ғаламдық әлемдегі орнын, жеке басын, бірегейлігін, ұлттық кодын сақтаудың маңызды және қажетті шарты.
Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 1(77)

Көркем мәтіндегі автор бейнесін көрсету формалары
Аңдатпа: Мақалада автор бейнесінің рөлі анықталады, сонымен қатар көркем мәтінде авторды көрсетудің түрлі формалары қарастырылып, авторлық мәтіннің ерекшеліктері көрсетіледі. Мәтін автордың әңгіме құру ерекшеліктерін, жеке көзқарасын білдіреді, мәтін арқылы автордың идеостилін анықтауға, автордың тұлғасын сипаттауға болады деген тұжырымдама шығарылады.
Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 1(77)

Инновациялық Еуразияуниверситетінің имиджін қалыптастыру үшін PR-құралдарынталдау
Аңдатпа: Мақалада әртүрлі мақсаттағы аудиториялар үшін имидж және оның компонеттерінің талдауы көрсетілген. Автор Инновациялық Еуразия университеті үлгісінде компанияның жағымды бейнесін жасау үшін PR-құралдарын қарастырады. Аталған жоғары оқу орнының жұмыс жасау ерекшеліктері көрсетіліп, ұйымның имидж саясатын жүзеге асыру мақсатындағы олардың орны анықталған. Автордың пікірі бойынша, PR-құралдарынталдау ақпарат алушы мақсаттағы аудиторияның ерекшеліктері нетікелейқатысты жүргізілуі керек.
Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 1(77)