Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

«Ұлттық дүниетаным» ұғымының концептуалдық негіздері

Аңдатпа:

Негізгі мəселе: Ғылымда «дүниетаным» ұғымын этностың көзқарастық жүйесі деп санау орын алған. Бұл жүйе белгілі қауымдастықтың əлеуметтік-географиялық ортада қалыптасатын, дүниетанымының, құндылығының бағдарларын сараптайды. Мақсаты: «Ұлттық дүниетаным» ұғымының антропоцентристік негізі – адамдардың іс- əрекеті, өмір сүру тəсілі, ойлау жүйесі, адамдардың рухани дүниесі, мінез-құлқы, қайрат-жігері, əдет-ғұрпы, сол адамды қоршаған географиялық орта, олар сондай-ақ адамдардың əлеуметтік- саяси жағдайларымен, нақты ісімен байланысты. Əрбір халықтың менталитетінің ерекшелігі – сол этносқа тəн өзгешеліктері, адамды қоршаған ортада, адамдардың ісі мен мінез-құлқымен, ойлау жүйесімен тығыз байланыста. Осындай факторлардың өзгешелігі əрбір ортаның ерекшелігімен, этностарға тəн ойлау жүйелерімен, мінез-құлықтарымен байланысты, мəселен, қазақтардың менталитетін батыстық үлгіде қалыптасқан еуропалық халықтардың менталитетімен салыстыруға болмайды. Əдістері: ғылыми-əдістемелік тұрғыдан сипаттау, салыстырмалы талдау əдістері пайдаланылды. Нəтижелері жəне олардың маңыздылығы: Қазақ халқының «ұлттық дүниетаным» ерекше түрде қалыптасқан, сондықтан оны батыстық үлгідегі қағидалар мен тұғырнамалар арқылы зерттеуге болмайды.

Мақала ашу
Журналдың шыққан жылы: 2024
Журнал нөмірі: 3(95)