Научный журнал

Вестник Инновационного Евразийского университета

Подать статью на рассмотрение редколлегии и рецензирование

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Назад

Поиск на сайте

Результаты по запросу: шет тілін оқыту

Кол-во результатов: 3


Балабақшадағы мектепке дейінгі 5–6 жастағы балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру
Аннотация:

Бұл мақалада 5–6 жас шамасындағы балаларды балабақша жағдайында коммуникативтік дағдылардың қалыптасу үрдісінің ерекшеліктері қарастырылады. Авторлар коммуникативтік дағдылардың қалыптасуы кезінде жас шамасындағы балаларда құрдастарымен жағдайлық іскерлік қарым-қатынастағы қажеттілік пайда болатынын белгілейді. Бірлескен ойын әрекеті қарым-қатынастың мазмұны ретінде болады, құрдастарынан құрметтеу мен қадірлеуге деген қажеттілік туындайды. Қарым-қатынас шеңберін кеңейтуде баладан негізгісі сөйлеу тілі болып табылатын қатынас құралын толыққанды игеруді талап етеді. Баланың күрделенген іс-әрекетінде сөйлеу тілін дамыту бірнеше бағыттарда жүреді өзге адамдармен қарым-қатыныста қолдану жетілдіріледі, сонымен қатар сөйлеу тілі психикалық үрдістердің қайта құрылуының негізі, ойлау құралы ретінде болады. Сондай-ақ, қарым-қатынысқа түсе білу өмір сүру кезінде қалыптасады және әлеуметтік тәжірибенің негізі болып табылады.

Год выпуска журнала: 2016
Номер журнала: 3(63)

Обучение иностранному языку в начальной школе в условиях обновления содержания образования
Аннотация:

Аннотация. Изменения, происходящие в системе образования, повлияли на содержание образования в начальной школе. Работа с младшими школьниками требуtт от учителя использования современных методов. Определение ведущих принципов преподавания, приоритетных стратегий учения и организации урока английского языка – это то, что способствует эффективности обучения. Статья посвящена анализу особенностей обучения английскому языку в начальной школе в условиях обновленного содержания образования. Авторами рассмотрены элементы урока, методы и приемы организации учебного процесса в начальных классах, описаны факторы, влияющие на эффективность обучения. Также авторы попытались раскрыть ряд проблем и дать рекомендации, которые возникают в связи с тенденцией к обучению английскому языку в начальных классах.

Год выпуска журнала: 2018
Номер журнала: 1(69)

Усуль әл-Фиқһ ғылымындағы «мәфхум әл-мухалафа» қағидасының орны
Аннотация:

Ислам діні адам өмірінің теологиялық, құқықтық және этикалық қабаттарын қамтиды. Адам өмірінің барлық салаларында орын алатын құқықтық мәселелер, пайғамбар заманында уахи арқылы, яғни Құран аяттарымен және пайғамбар үкімімен шешімін тауып отырды. Бұл кезеңде үкім шығару тәсілдері мен қағидаларын қолдануға қажеттілік туындамады. Сахабалар дәуірінде пайғамбардың көзі тірісінде орын алмаған жайттар мен сұрақтар туындап, адамдар арасында пәтуа мен үкім беру міндетінжекелеген сахабалар атқарды. Олар Құран мен сүннет тілі болған – араб тілін, аяттардың түсуі (нузул) мен хадистердің айтылу себептерін (уруд) және шариғаттың асыл мақсаттарын жақсы білді. Өйткені сахабалар ерекше қабілетке ие болумен қатар, олар ұзақ уақыт Аллаһ елшісімен бірге өмір сүріп, аят-сүрелердің түсу барысына, хадистердің айтылу себептеріне куә болды. Сонымен қатар олар үкімі діни мәтіндерде нақты келмеген мәселелерде ыждағатпен шешім шығара білді. Осылайша бұл кезеңдегі құқықтық негіздерді: Құран, сүннет және сахаба ыждағаты құрады. Табиғин және олардан кейінгі буын өкілдерінің кезінде де бұл үрдіс жалғасын тауып, ислам мемлекетінің кең етек жаюы себепті, адамдар арасында түрлі сұрақтар мен мәселелер туындады, пікірталастар артты. Оған Сағид ибн Мусайяб, Уруа ибн Зубәйр, Қазы Шурайх пен Ибраһим ибн ән-Нахаи сынды табиғин дәуірінің мужтаһидтері ғылыми негіздерге сүйене отырып шешімдерін айтып отырды. Алайда барлық ғалымдардың үкім шығару методологиясы бірдей болмады. Үкім шығаруда қолданылатын қағидалардың бірі мәфхум әл-мухалафа қағидасын дәлел ретінде қолдану жайлы да усуль ғалымдары арасында көптеген көзқарастар айтылады. Солардың ішінен алып қарастыратын мәселе Ханафи мазхабы мен мутакаллимдердің мәфхум әл-мухалафа қағидасын алып, алмауын қарастырамыз. Сонымен қатар ол қағиданың үкімге әсері жайлы да бірнеше мысалдар келтіріледі.

Год выпуска журнала: 2022
Номер журнала: 1(85)