Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: алюминий гидрототығы

Нәтижелер саны: 9


Коагулянт ретінде RPAESTOL 650BC флокулянты мен алюминий сульфатының айналымдық суды тазарту дәрежесіне әсерін зерттеу
Аңдатпа:

Осы мақалада химиялық реагенттердің айналымдық суды тазарту дәрежесіне ықпалы қарастырылған, коагуляцияның физика-химиялық процесс сипатталады және сол реагенттердің тиімділігін көрсететін анализдердің нәтижелері ұсынылған.

Журналдың шыққан жылы: 2014
Журнал нөмірі: 1(53)

Қазақстан Республикасының Павлодар облысының алюминийлік кластері ең перспективті полюс ретінде
Аңдатпа:

Нарықтық механизмдердің өнімді қызмет етуі мемлекет пен меншік құқығын, келісім-шарттардың сақталуын, инновация саласында заңнамалық базаның жетілдірілуін, қолайлы қаржылық-экономикалық жағдайлардың қамтамасыз етілуін, инновациялық инфрақұрылымның дамуы үшін инвестициялардың тартылуын қамтамасыз етудегі қажет жағдайларды жасауды талап етеді. Сонымен қатар нарықтық механизмдердің ісімен мемлекеттік реттеудің тепе-теңдігін байланыстыру, сонымен қоса инновациялық қызметті қолдаудың тікелей және жанама әдістері үлкен маңызға ие болады.

Журналдың шыққан жылы: 2012
Журнал нөмірі: 4(48)

Алюминий электролизерлердің отқа төзімді материалдарының термоберіктік сипаттамаларының талдауы
Аңдатпа:

Бұл мақалада пеш түбін шегендеуде туындайтын термиялық кернеу тұрғысынан алюминий электролизерінің оттөзімдерін қыздыру процесін оңтайландыру әдістері қарастырылған. Оттөзімдердің функциональдық міндеттері аталған. Оттөзімдерді қолдану сипаттамалары ұсынылған. Пештің футеровкасына термиялық әсер еткен кезде физикалық құбылыстар орын алады, олар термиялық кеңею деп аталады. Жоғары температураларда өзінің сипаттамаларын сақтап қалатын материалдар - отқа төзімді материалдар деп аталады. Термиялық беріктік нақтырақ сипатталған. Беріктік шегін зерттеу үшін ғылыми стенд қолданылған. Тәжірибелер өткізу барысында температура мен қысымды өлшеу әдісі келтірілген. Электролизерлерді футеровкалау үшін отқа төзімді материалдардың сипаттамаларын және өндірістегі нақты жүктемелерді мүмкіндігінше дәлірек білу қажет

Автор: А.А. Асаинов
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Павлодар облысындағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезінде басқаруды ұйымдастыру
Аңдатпа:

Мақалада АҚ «Алюминий Казахстана» еңбекті қорғау басқару жүйесі талдау көрсетілген. Қызметтер және бөлімдер қамтамасыз ететін өндірістік қызмет көрсетілген. Жұмыс істейтін адамдардың еңбекті қорғау басқару жүйесінің негізгі принциптері қарастырыллған. Еңбекті қорғау жұмысын ұйымдастыру және әзірлеу, түзету және алдын алу іс-әрекеттер ұсынылған.

Журналдың шыққан жылы: 2017
Журнал нөмірі: 4(68)

«Алюминий Қазақстан» АҚ монотонды жұмыс жағдайында адамның кәсіби деформациясы
Аңдатпа:

«Аллюминий Қазақстан» АҚ заводында мотоноды жұмыс жағдайында қызметкерлердің кәсіби деформацияларының ерекшеліктері мақалада қарастырылды. Автор адамдардың деформацияларының әртүрлі құрылымдарын, монотонды жұмыс жағдайында кәсіби деформациясымен байланысты мәселелерді қарастырды.

Журналдың шыққан жылы: 2017
Журнал нөмірі: 4(68)

АҚ «Алюминий Қазақстан» мысалында жұмыс орындарындағы жағдайды жетілдіру бойынша техникалық іс-шараларды ұйымдастыру
Аңдатпа:

Мақалада АҚ «Алюминий Казахстан» өнеркәсібіндегі және алаңындағы жұмыс жағдайларының сраптамасының нәтижелері сипатталды. Еңбекті қорғау жүйесіндегі кемшіліктер анықталды. Жұмыс жағдайларын жақсарту, өндірістік жарақаттың алдын алу шаралары ұсынылды. Бұл шаралар жұмыс орындарында қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етеді және кәсіби ауруладрдың қауібін азайтады

Журналдың шыққан жылы: 2018
Журнал нөмірі: 3(71)

Полигондағы өнеркәсіптік қалдықтардың айналымы және кәдеге жарату жөніндегі қызметті ұйымдастыру
Аңдатпа:

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар, басқалармен қатар, өндіріс қалдықтарын басқару процесін ұйымдастыруды рационализациялауға негізделген. Халықтың өсуі және индустрияландыру жарысы экожүйеге айтарлықтай қауіп төндіреді. Қазіргі уақытта жан басына шаққандағы қалдықтардың орташа Ғаламдық түзілуі жылына 494 кг құрайды. Қазақстан аумағында көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмыс істейді. Өндірілетін өнімнің ауқымы өте кең: тұрмыстық заттар, көлік, құрылыс материалдары, жабдықтар және тағы басқалар. Өндірістің әрбір түрі сөзсіз, өнеркәсіптік қалдықтардың көп мөлшерінің көзі болып табылады, жыл сайын Қазақстан кәсіпорындарында 600 миллион тоннаға дейін қалдық түзіледі, олардың үш пайызы қайта өңделеді. Павлодар облысының аумағында металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі, құрылыс индустриясы, жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындар жұмыс істейді, барлығы жүзге жуық. Осыған байланысты Павлодар облысында өнеркәсіптік қалдықтардың айналысы мен кәдеге жарату проблемасы өте өзекті. Мақалада қалдықтардың қоршаған ортаға әсерін азайту мақсатында олардың айналысын ұйымдастыру, қалдықтарды залалсыздандыру, тасымалдау, орналастыру, сондай-ақ оларды Павлодар қаласындағы өнеркәсіптік қалдықтар полигонында кәдеге жарату жүйесі қарастырылған. Қарастырылып отырған полигон «жасыл» деңгейдегі қауіпті емес өнеркәсіптік қалдықтарды: хром, кадмий, алюминий, мыс, қорғасын, мырыш, марганец қалдықтары мен сынықтарын, пластмасса, полиэтилен, абразив, резеңке қалдықтар, күл және күл-шлак қалдықтарын қабылдауға, уақытша сақтауға және орналастыруға арналған; сондай-ақ «кәріптас»: құрамында сынап, мышьяк, қорғасын бар қалдықтар, пайдаланылған аккумуляторлар, фосфор шлактары, пайдаланылған майлар, мұнай шламдары. Қалдықтарды жинау жұмыстарын ұйымдастыру схемасы қарастырылды. Қабылданған және қайта өңделген, сондай-ақ полигонда орналастырылған және өз қажеттіліктеріне пайдаланылған қалдықтардың көлемі, оның ішінде құрылыс қалдықтары, пайдаланылған шпалдар, күл-қоқыс және абразив сынықтары талданды. Өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жарату проблемасын шешу инновациялар және жаңа технологиялар мен жабдықтарды енгізу қажеттілігімен байланысты.

Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 3(79)

Павлодар облысының мысалында қуатты жүктеме торабын басқарудың зияткерлік ортасын құру
Аңдатпа:

Энергия жүйелерін дамытудың қазіргі кезеңі олардың интеллектуалдылығын арттыру қажеттілігімен сипатталады, яғни энергия жүйесіне кіретін барлық компоненттерді тиімді басқару мәселелерін шешуге қабілетті ортаны қалыптастыру. Қазіргі заманғы энергетикалық жүйелердің ерекшеліктерінің бірі-белсенді тұтынушы, яғни өз қуатын жүктеу кестесін оңтайландыруға, энергия тұтынуды жоспарлауға, энергия тұтынуды парасаттандыруға мүмкіндігі бар тұтынушы. Ақпаратты жинаудың, өңдеудің және ұсынудың, сондай-ақ интернет желісі арқылы осы ақпаратты берудің цифрлық жүйелері болумен қатар, энергия жүйелерін басқарудың күрделі мәселесін шешу үшін қарастырылып отырған энергия жүйесінде болып жатқан үрдістерді сипаттай алатын нақты үрдістерге барабар көптеген модельдерді әзірлеу қажет. Қарастырылып отырған энергия жүйесінің элементтерінде, сондай-ақ байланысты элементтердің жиынтығында жүретін өзара байланысты үрдістерді барабар сипаттай алатын модельдерді әзірлеу. Ұсынылған интеллектуалды модельдер негізінде энергетикалық жүйелердің элементтерін тиімді басқару мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін әдістерді әзірлеу. Энергия жүйесінің интеллектуалдылығын арттыру мәселесін шешу үшін баланстық теңдеулер мен жасанды интеллект әдістері негізінде энергия жүйесіне кіретін энергияны көп қажет ететін кәсіпорынның электр кешендерінің сызықтық емес бейімделу модельдері жасалды. Қарастырылып отырған өндіріс ретінде қасиеттері, инерциясы, сызықтық емес және оқшаулануы бар алюминий тотығын өндіру таңдалды. Өндірістің бұл түрі, мысалы, шикізатты басқа химиялық құраммен өңдеуге түсумен байланысты, оның жұмысының басқа режимдеріне көшу кезінде энергия тұтынудың өзгеруін болжау мүмкін себептеріне байланысты болжау үшін ең қиын болып таңдалды. Ретроспективті деректердің ұзақ уақыт қатарларын пайдалану қажеттілігінен бас тартуға мүмкіндік беретін жасанды интеллект әдістері негізінде үздіксіз инерциялық сызықты емес тұйық өндірісі бар электротехникалық кешендердің энергия тұтынуының статикалық және динамикалық модельдері әзірленді. Үздіксіз энергияны қажет ететін өндірістің қарастырылып отырған түрі үшін апаттық жағдайларды және ішінара техногендік апаттарды болжауға мүмкіндік беретін негізгі басқарылатын параметрлерден энергия тұтыну мен технологиялық үрдістердің динамикалық сипаттамалары алынды. Генетикалық алгоритм негізінде технологиялық параметрлер мен құн факторларын ескере отырып, үздіксіз өндірістің энергия тұтынуын басқарудың көп параметрлік оңтайландыру міндеті шешілді.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Қазақстанда тамақ консервілерін өндіру үшін реторт - қаптаманы қолданудың перспективалық бағыттары
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: мақала реторт қаптамасының негізгі түрлерін, сондай-ақ оны жасау үшін қолданылатын полимерлі және аралас материалдарды зерттеуге арналған. Авторлар заманауи нарықта ұсынылған реторт-қаптаманың жіктемесін құрастырды, орау материалдарының технологиялық қасиеттерін зерттеді, сондай-ақ қазіргі реторт-қаптамаға қойылатын талаптарды анықтады: 120 °С төмен емес температурада зарарсыздандыруға төзімділік, буға төзімділік және ылғалға төзімділік, консервіленген өнімдерге химиялық инерттілік, герметикалығы, газ өткізгіштігі төмен. Реторт-қаптамаға қажетті қасиеттерді беру үшін ол көп қабатты полимерлі немесе аралас материалдардан жасалады, олардың әрқайсысы белгілі бір функцияларды орындайды. Полимерлі және аралас материалдардың оттегіге қатысты төзімділік қасиеттерінің арқасында реторт-қаптама консервіленген өнімнің жарамдылық мерзімін 5 жылға дейін қамтамасыз ететіні анықталды, бұл шыны және металл қаптамаға балама ретінде полимерлі және аралас материалдардан жасалған реторт-қаптаманы қолдануға мүмкіндік береді. Мақсаты: тамақ өнеркәсібінде реторт-қаптаманы қолданудың қазіргі жай – күйі мен перспективалық бағыттарын талдау, реторт-қаптаманың заманауи жіктемесін әзірлеу, реторт-қаптаманы дайындау үшін пайдаланылатын материалдардың технологиялық қасиеттерін зерттеу. Әдістері: мақалада талдау және шегеру әдістері қолданылады. Нәтижелер және олардың маңыздылығы: эксперименттік зерттеулерде заманауи реторт қаптамасының сыртқы қабаттарының құрамы талданды және полипропилен немесе полиэтилентерефталат жиі қолданылады деген қорытындыға келді, өйткені бұл полимерлі материалдар термиялық және химиялық төзімді, бу мен ылғалға төзімді келеді. Газдарға тосқауыл болып табылатын материалдар – алюминий фольга, металдандырылған пленкалар, этилен винил спирті, полиамид ортаңғы қабат ретінде қолданылатыны анықталды. Мұндай материалдар мен қаптамаларды жасау үшін полимерлердің бірлескен экструзиясы, көп қабатты инъекциялық қалыптау немесе ламинаттау қолданылатыны дәлелденді. Нәтижелер аралас қаптама материалдарының жоғары тосқауыл қасиеттерін көрсетеді, сондықтан қолданылатын полимерлі және аралас материалдардың термиялық және химиялық тұрақтылығы консервіленген өнімдердің барлық дерлік топтарын орау үшін реторт қаптамасын пайдалануға мүмкіндік береді. Қаптаманың газ тосқауылы мен жарықтан қорғау қасиеттерін оралатын және зарарсыздандырылатын өнімнің түріне және оны сақтау ұзақтығы мен шарттарына қойылатын талаптарға байланысты реттеуге болатындығы туралы кіріс енгізілді.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі: