Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: Diffusive Precipitation Test (DPT).

Нәтижелер саны: 3


Нахчван автономды республикасы бауырмен жорғалаушыларының (Reptilia) сирек түрлері
Аңдатпа:

Жеке материалдар мен әдеби мәліметтерді талдау негізінде автономды республика аумағындағы бауырмен жорғалаушылардың 9 шағын түрінің мекені анықталды. Табылған түрлердің біреуі тасбақалар (Testudines) тобына, 3-еуі кесірткелер (Sauria) тобына және 5-еуі (Serpentes) тобына жатады. Мақалада бұл түрлердің жіктелімі, экологиялық және кейбір биологиялық ерекшеліктері көрсетілген. Зерттеулер жүргізген жылдарымызда жоғарыда аталған Psammophis lineolatus кездеспеген еді, тіпті оның Нахчыван АР аумағында тіршілік етуінің өзі біз үшін күмәнді.

Автор: А.Ф. Мамедов
Журналдың шыққан жылы: 2014
Журнал нөмірі: 1(53)

Электрондық оқу құралдарын әзірлеуге арналған тиімді заманауи бағдарламалық құралдар
Аңдатпа:

Білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу жағдайында информатика бойынша электронды оқыту құралдарын әзірлеу және енгізу бұрынғыдан да өзекті болып отыр. Заманауи талаптарға толық сәйкес әзірленген электронды оқыту құралдарының жеткіліксіздігі, әзірлеушіден бағдарламалық құралдарды пайдалану бөлігінде әр түрлі деңгейдегі кәсіби дайындықты талап ететін, оларды жасау үшін бағдарламалық құралдар мен қабықтардың әртүрлілігі мұғалімдердің оқу процесіне авторлық электронды оқыту құралдарын әзірлеу және енгізу проблемасын егжей-тегжейлі қарастыру және талдау қажеттілігін тудырды. Мақалада электронды оқу құралдарын әзірлеуге арналған кейбір бағдарламалық құралдардың негізгі артықшылықтары мен кемшіліктері анықталған. Орта мектептерде электронды оқу құралдарын әзірлеу үшін қазіргі заманғы ең тиімді бағдарламалық құралдардың бірі ретінде «ArticulateStoryline» бағдарламасы бөлінді. Бағдарламалық құралдарды салыстырмалы талдау бірқатар критерийлер бойынша жүзеге асырылады: пайдаланудың қарапайымдылығы мен ыңғайлылығы, бағдарламада дайын шаблондардың болуы, қабаттармен жұмыс істеу мүмкіндігі, тест тапсырмаларын құру, дайын графикалық кескіндерді, бейне және дыбыстық файлдарды ендіру мүмкіндігі, бір слайдта көп беттік мәтінді орналастыру мүмкіндігі. «Articulate Storyline» бағдарламасының ерекшеліктері толығырақ ұсынылған. Бұл бағдарламалық құралды қарапайым қолданушы дайын шаблондарды қолдану арқылы да, кіріктірілген «JavaScript» бағдарламалау тілінің мүмкіндіктері арқылы алдыңғы қатарлы маман ретінде де пайдалану мүмкіндігі атап өтілді. Бағдарламаның мүмкіндіктері 4-сыныпқа арналған Информатика пәні бойынша электронды оқулықты әзірлеу мысалында ұсынылған. Бағдарламалық жасақтаманың мүмкіндіктерін іске асырудың нәтижесі «Articulate Storyline-нің» дайын кейіпкерлер жиынтығын пайдалану, масштабтау функциясы, бейне файлдарды енгізу, «Hotspot» және «sequencedrag-and-Drop» слайдтарын пайдалану арқылы ұйымдастырылған түрлі интерактивті тапсырмалар сияқты ерекшеліктерін көрсететін электронды оқулықтың дамуы болды. Электронды оқулық оқушылардың өзіндік танымдық белсенділігін, олардың оқуға деген ынтасының деңгейін арттыруды, өзін-өзі бақылауды қамтамасыз етеді.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Бастауыш мектепте шетел тілін оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістері
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: Мақалада бастауыш мектепте шетел тілінде білім беру барысында қолданылатын дәстүрлі және жаңа инновациялық әдістер салыстырылып, әрқайсысының артықшылықтары да, кемшіліктері де сараланады, дәстүрлі әдістердің кемшін жақтарын жаңа әдістер арқылы толықтыру жолдары көрсетіледі. Қазіргі кезде шетел тілін оқытуда қолданылатын негізгі әдістер қарастырылады. Соңғы жылдары шетел тілдерін оқыту саласында пайда болған жаңа инновациялық әдістер қатарында community language learning / counseling learning («қауымдар» әдісі, «кеңесші» әдісі), сугестопедиялық әдіс, total physical response (физикалық әрекеттерге сүйену әдісі), ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың көмегімен тілді оқыту әдісі, consciousness-raising approach (саналы бағытталған әдіс), task based learning (коммуникативтік тапсырмалар әдісі), neuro-linguistic programming (нейролингвистикалық бағдарламалау), guided discovery (басқарылатын ашылым не жаңалық), test-Teach-test әдісі аталады. Олардың бастауыш сынып оқушысының тілдік құзыреттері мен шығармашылық қабілетінің дамуына әсері қарастырылады. Авторлар шетел тілдерін оқыту үдерісіндегі қазіргі әдістеменің басты әрі маңызды шарты жасанды шеттілдік орта құру, яғни табиғи тілдік орта қалыптастыру екенін айтады. Соңғы зерттеулерге сүйеніп, «электронды тілдік орта» ұғымына түсініктеме береді. Қазіргі баланың тілі гаджетпен шығып жатқандықтан, бастауыш сынып оқушыларының электронды тілдік ортада өмір сүруі шет тілін үйретудің міндеттерін шешуге мүмкіндік беретіні көрсетіледі. Мақсаты: Қазіргі заманғы ағылшын тілі сабағында қолданылатын дәстүрлі және заманауи білім беру әдістерін талдау. Оқушынының оқу үдерісінің басты тұлғасы ретінде белсенді болуы, басқа оқушылармен тығыз байланыста жұмыс істей алуы, оқушыға өз физиологиялық, интеллектуалдық, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты өз бетімен жұмыс істеуге мүмкіндік беру жеке, жұппен, топпен, сыныппен және тағы басқа жұмыс түрлерін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Аталған оқыту әдістерінің ішінде бұрыннан қолданылып келген әдістер және осы замандық жаңа әдістер қамтылған. Әрбір әдістің өзіне тән ерекшеліктері болады. Сондықтан ағылшын тілін оқыту әдістерін салыстыра сипаттау аса маңызды. Әрбір ескі де, жаңа да әдістің артықшылығы мен кемшілігі болады. Сондықтан ағылшын тілін оқыту әдістемесі әрдайым толықтыруды, жетілдіруді талап етеді. Ендеше олардың оқушылардың дүниетанымын кеңейтуде, танымдық белсенділігін арттырып, білім, біліктерін жетілдіруде маңызы өте зор. Әдістері: Зерттеу барысында сипаттама әдісі, жүйелеу, талдау, түсіндіру әдістері қолданылды. Нәтижелер мен олардың маңыздылығы: Мақала авторлары бастауыш сынып білім алушыларының жан-жақты дамуына, сапалы білім алуына, өмірде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуінде ағылшын тілін жақсы менгеруінің маңызы үлкен екендігн айта келіп, қазіргі заманға сай ағылшын тілін тиімді үйретуге мүмкіндік беретін көптеген әдістерді әр мұғалім өзінің шығармашылығын дамыта отырып, озық іс-тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс деп қорытындылайды. Жеке тұлғаның, оның тілдік құзыреттерінің қалыптасуын қамтамасыз ететін деңгейлеп, саралап оқыту, жобалап оқыту, коммуникативті оқыту, ақпаратты-коммуникативтік оқытудың, т.б. жаңа әдістер арқылы оқытудың нәтижелері баланың өз бетімен ізденуіне, өзіндік пікірін анық жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға ретінде қалыптасуына, оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамытуына зор ықпал ететіні сөзсіз.

Журналдың шыққан жылы: 2022
Журнал нөмірі: 1(85)