Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: language method

Нәтижелер саны: 2


Студенттерге «Саладағы экономика және кәсіпкерлік» пәнін ағылшын тілінде оқыту технологиясының ерекшеліктері
Аңдатпа:

Шет тілдерін оқытудағы түрлі әдістер мен тәсілдер қазіргі жаһандану мен интеграция әлемінде жоғары танымалдыққа ие болады. Білім беру жүйесінің интеграциясы шет тілдерін меңгеру үдерісін жеделдетуді және оның сапасын арттыруды негіздейді,осыған байланысты осы мақалада оларды оқу орындарының білім беру жүйесіне енгізу мақсатында оқытудың ең жаңа әлемдік әдістемелері қарастырылады. Атап айтқанда, қазіргі білім беру ортасында болашақ мамандарды кәсіби даярлау (Content and Language Integrated Learning) үдерісінде пәндік және тілдік оқытуды интеграциялау идеясына негізделген, шет тілінде кәсіби бағытталған құзыреттілікті қалыптастыруға ықпал ететін тәсіл ерекше маңызға ие болады. Осыған байланысты мақалада студенттердің дәрістік, тәжірибелік сабақтарда және студенттердің өзіндік жұмысы барысында «Саладағы экономика және кәсіпкерлік» пәні мысалында студенттерге арналған пән-тілдік кіріктірілген оқыту әдістемесіне (CLIL) сәйкес даярлаудың лингвистикалық емес бағыттарының студенттері үшін білім мен дағдыларды белсендіру әдістемесі ұсынылған, бұл студенттердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мен жетілдіруге және шет тілін меңгеру деңгейіне ықпал етеді. Сонымен қатар, тілдік компонент теориясын («Language input theory»), екінші тілді қабылдау теориясын («Second language acquisition»), өзара әрекеттесу теориясын («Interaction theory») «Саладағы экономика және кәсіпкерлік» пәні бойынша дәрістік, тәжірибелік сабақтарда және студенттердің өзіндік жұмысы барысында қолдану тәсілдері көрсетілді. Пән ерекшелігіне қарай CLIL әдістемесіне сәйкес сабақ барысының тәжірибелік алгоритмі (дәріс сабақтары мысалында) берілген. Кредиттік оқыту технологиясына сәйкес студенттердің білімін бағалау әдістемесі ұсынылған. Мақалада студенттердің пән материалдарын меңгеруіне көмек ретінде оқытушының қосалқы рөліне ерекше назар аударылады, ол студенттің базалық кәсіби білімі мен іскерлігін меңгеруіне қарай қысқарады. Осы арқылы оқытушының оқытудың бірінші кезеңдерінде (таныстыру, енгізу, оқыту, соның ішінде, шет тілін бір уақытта оқу кезінде өзіндік талдау және деректерді бағалау) студенттердің өз бетінше оқытуымен қосалқы рөлі атап өтілді.

Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 2(78)

Бастауыш мектепте шетел тілін оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістері
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: Мақалада бастауыш мектепте шетел тілінде білім беру барысында қолданылатын дәстүрлі және жаңа инновациялық әдістер салыстырылып, әрқайсысының артықшылықтары да, кемшіліктері де сараланады, дәстүрлі әдістердің кемшін жақтарын жаңа әдістер арқылы толықтыру жолдары көрсетіледі. Қазіргі кезде шетел тілін оқытуда қолданылатын негізгі әдістер қарастырылады. Соңғы жылдары шетел тілдерін оқыту саласында пайда болған жаңа инновациялық әдістер қатарында community language learning / counseling learning («қауымдар» әдісі, «кеңесші» әдісі), сугестопедиялық әдіс, total physical response (физикалық әрекеттерге сүйену әдісі), ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың көмегімен тілді оқыту әдісі, consciousness-raising approach (саналы бағытталған әдіс), task based learning (коммуникативтік тапсырмалар әдісі), neuro-linguistic programming (нейролингвистикалық бағдарламалау), guided discovery (басқарылатын ашылым не жаңалық), test-Teach-test әдісі аталады. Олардың бастауыш сынып оқушысының тілдік құзыреттері мен шығармашылық қабілетінің дамуына әсері қарастырылады. Авторлар шетел тілдерін оқыту үдерісіндегі қазіргі әдістеменің басты әрі маңызды шарты жасанды шеттілдік орта құру, яғни табиғи тілдік орта қалыптастыру екенін айтады. Соңғы зерттеулерге сүйеніп, «электронды тілдік орта» ұғымына түсініктеме береді. Қазіргі баланың тілі гаджетпен шығып жатқандықтан, бастауыш сынып оқушыларының электронды тілдік ортада өмір сүруі шет тілін үйретудің міндеттерін шешуге мүмкіндік беретіні көрсетіледі. Мақсаты: Қазіргі заманғы ағылшын тілі сабағында қолданылатын дәстүрлі және заманауи білім беру әдістерін талдау. Оқушынының оқу үдерісінің басты тұлғасы ретінде белсенді болуы, басқа оқушылармен тығыз байланыста жұмыс істей алуы, оқушыға өз физиологиялық, интеллектуалдық, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты өз бетімен жұмыс істеуге мүмкіндік беру жеке, жұппен, топпен, сыныппен және тағы басқа жұмыс түрлерін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Аталған оқыту әдістерінің ішінде бұрыннан қолданылып келген әдістер және осы замандық жаңа әдістер қамтылған. Әрбір әдістің өзіне тән ерекшеліктері болады. Сондықтан ағылшын тілін оқыту әдістерін салыстыра сипаттау аса маңызды. Әрбір ескі де, жаңа да әдістің артықшылығы мен кемшілігі болады. Сондықтан ағылшын тілін оқыту әдістемесі әрдайым толықтыруды, жетілдіруді талап етеді. Ендеше олардың оқушылардың дүниетанымын кеңейтуде, танымдық белсенділігін арттырып, білім, біліктерін жетілдіруде маңызы өте зор. Әдістері: Зерттеу барысында сипаттама әдісі, жүйелеу, талдау, түсіндіру әдістері қолданылды. Нәтижелер мен олардың маңыздылығы: Мақала авторлары бастауыш сынып білім алушыларының жан-жақты дамуына, сапалы білім алуына, өмірде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуінде ағылшын тілін жақсы менгеруінің маңызы үлкен екендігн айта келіп, қазіргі заманға сай ағылшын тілін тиімді үйретуге мүмкіндік беретін көптеген әдістерді әр мұғалім өзінің шығармашылығын дамыта отырып, озық іс-тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс деп қорытындылайды. Жеке тұлғаның, оның тілдік құзыреттерінің қалыптасуын қамтамасыз ететін деңгейлеп, саралап оқыту, жобалап оқыту, коммуникативті оқыту, ақпаратты-коммуникативтік оқытудың, т.б. жаңа әдістер арқылы оқытудың нәтижелері баланың өз бетімен ізденуіне, өзіндік пікірін анық жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға ретінде қалыптасуына, оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамытуына зор ықпал ететіні сөзсіз.

Журналдың шыққан жылы: 2022
Журнал нөмірі: 1(85)