Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Студент жастарды ұлттық құндылықтар жүйесіне тарту мәселесі

Аңдатпа:

лттық құндылықтарды сақтау және көбейту – "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстың негізгі мақсаты. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы – қазіргі Қазақстанның тарихи Вестник Инновационного Евразийского университета. 2020. №4 ISSN 1729-536X 35 дамуындағы жаңа кезең. Әрбір тұлғаның қоғамдық санасын жаңғырту – кәсіби қызметте табысқа жету және өзінің бәсекеге қабілеттілігін бекіту мақсатында жастардың өзіне деген көзқарасын қайта қарауды көздейді. Бұл ретте ғасырлар бойы жинақталған барлық оңтайлы тәжірибені,әсіресе, халық пен елдің ерекшеліктерін сақтау маңызды және бұл процесте білім беру жүйе құраушы рөл атқарады. Бүгінгі таңда Қазақстан мен Ресейде құндылықтарды студенттік ортаға жылжыту, жастарда Отанның бүгіні мен өткеніне қатыстылық, оның болашағы үшін жауапкершілік сезімін дамыту мәселесі өзекті, бірақ бұл процесті жүзеге асырудағы білім беру кеңістігінің әлеуеті әлі де толық ашылмаған. Осы мемлекеттердің өзгерген білім беру кеңістігі жағдайында студент жастарды ұлттық құндылықтар жүйесіне тарту, жастар ортасында құндылықтарды ілгерілетудегі және оның бәсекеге қабілеттілігін нығайтудағы білім беру ортасының әлеуетін ашу мәселелерінде отандық және шетелдік тәжірибелерді зерделеу, талдау және қорыту болып табылады. Талдау, жалпылау, салыстыру сияқты әдістер қолданылады, олар білім беру кеңістігінде мәселенің тереңдігі мен өзектілігін ашуға мүмкіндік берді. Нәтижелері және олардың маңыздылығы: студент жастарды ұлттық құндылықтар жүйесіне тарту мәселелеріндегі отандық және шетелдік тәжірибе зерделенді және жинақталды. Білім беру ресурстары жастардың құндылықтарын қалыптастырудың, сананы жаңғырту жағдайында әрбір азаматтың өзін-өзі анықтауының кепілі ретінде қарастырылды.

Мақала ашу
Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі: