Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Павлодар облысының кәсіпкерлік қызметінің дамуы: жағдайы мен мәселесін талдау

Аңдатпа:

Шағын және орта кәсіпкерлік қазіргі заманғы өндірістің маңызды құрамдас бөлігі ретінде экономикадағы бәсекелестік тонусты сақтауға көп ықпал етеді, нарық қағидаттары негізінде ұйымдастырылған әлеуметтік құрылымға табиғи әлеуметтік тірек береді, сонымен қатар кәсіпкерлердің жаңа әлеуметтік қабатын қалыптастырады. Тәуелсіз Қазақстан қалыптасқан сәттен бастап, кәсіпкерлік саласы әрқашан мемлекеттің басты назарында болды, ал «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты – кәсіпкерлікті ұлттық экономиканың жетекші күші ретінде жан-жақты қолдау – оның басым міндеттерінің қатарында айқындалды.Дамудың қазіргі кезеңінде Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес саласын мемлекеттік қолдау жүйесі экономиканың осы секторына жан-жақты қолдау көрсетуге арналған бірқатар институттар мен мемлекеттік бағдарламаларды қамтиды. Шағын және орта кәсіпкерлікті (ШОК) қолдау бойынша мемлекет қабылдайтын шараларға қарамастан, өңірлерде және Қазақстан Республикасында осы саланы дамыту тұтастай алғанда бірқатар елеулі, оның ішінде, жүйелік сипаттағы мәселелерге тап болады, бұл шағын және орта кәсіпкерлік саласының жай-күйін зерттеуді, мәселелерін анықтауды және сәйкестендіруді және даму перспективаларын айқындауды көздейді. Павлодар облысының ШОК дамуының жай-күйін, үрдістерін және болашағын зерделеу, өңір кәсіпкерлерінің қызметін ұйымдастыру мәселелерін анықтау және сипаттау. Жұмыста аймақтың кәсіпкерлік қызметінің жағдайы оның дамуының негізгі әлеуметтік маңызды көрсеткіштері тұрғысынан талданады, ШОК дамуының негізгі тенденциялары мен заңдылықтары анықталады және оларды қалыптастыратын себептер негізделеді. Кәсіпкерлік қызметтің дамуын тежейтін себептерді сәйкестендіру және негіздеу құралдарының бірі ретінде зерттеуде аймақтағы ШОБ субъектілерінің мәселлерін анықтау бойынша кәсіпкерлерге сауалнама жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша өңірдегі ШОК субъектілерінің басым мәселелерінің шеңбері анықталды, олардың Қазақстан Республикасының ШОК саласындағы ұқсас мәселелермен корреляциясына баға берілді және олардың дамуын қолдаудың мемлекеттік шаралары мәнмәтінінде кәсіпкерлердің негізгі күтулерінің ауқымы айқындалды.

Мақала ашу
Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі: