Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Педагогтердің ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау жағдайында жұмысқа дайындығы

Аңдатпа:

Арнайы (түзету) педагогикасы саласындағы қазіргі заманғы теориялық бағыттар педагогтердің оқу-білім беру үрдісінсіндегі түзету-педагогикалық қызметке дайындығының мазмұны мен технологияларын зерттеуге мүмкіндік берді. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытудағы басымдық жалпы орта білім берудің бір бөлігі болады және оның қолжетімділігін қамтитын мектеп жүйесіне инклюзивті білім беруді енгізу болып табылады. Кәсіптік білім берумен байланысты зерттеулер кешеніндегі негізгі мәселе инклюзивті білім беру жағдайында педагог кадрлардың балалармен жұмыс істеуге дайындығы болып табылады. Қазақстанда жүргізіліп жатқан инклюзивті білім беру реформалары гуманистік сипатқа ие. Қазақстандағы білім беру реформаларының мониторингі барлық жастағы балалардың дене және психикалық денсаулығындағы тұрақты теріс тенденцияны анықтады. Аталмыш мақаланың мақсаты инклюзивті білім беру үрдісіне қатысушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуде тәжірибені жалпылау болып табылады. Зерттеу барысында авторлар бірқатар әдістер мен технологияларды қолданған: ынтымақтастық әдістері, бірлескен топтық оқыту әдістері, өзара оқыту әдістері, психологиялық жайлылық әдісі, әлеуметтік дағдыларды оқыту әдістері, қосымша байланыс технологиялары, арнайы оқыту мен дамыту технологиялары және басқалар. Жүргізілген зерттеу моторикамен, естумен, сөйлеумен, көрумен қиындық көретін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білім алуына оң көзқарас байқалатынын көрсетті. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар қоршаған ортамен және ақыл-ой кемістігі бар балалармен, мысалы, ақыл-ой дамуы тежелген балалармен тез байланыс орнатады.

Мақала ашу
Журналдың шыққан жылы: 2021
Журнал нөмірі: 4(84)