Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Әлеуметтік қызметті көрсетудің шетелдік тәжірибесі

Аңдатпа:

Негізгі мәселе: Әлеуметтік саясатты жүзеге асыру барысында шет елдерде ең көп таралған тәжірибе – әлеуметтік қызмет алушыларға қызмет құнының бір бөлігін төлеу. Бірақ, мұндай шешім кейбір күмәнді тудырады. Өйткені, бұл қызметтер өздеріне қамқорлық жасай алмайтын және әдетте, ақша таба алмайтын қоғам мүшелеріне арналған. Екінші жағынан, шығындарды мемлекет тарапына һтелген жағдайда, шамадан тыс тұтыну қаупі бар. Әлеуметтік күтім қызметін алушының әлеуметтік қызмет көрсету шығындарына қандай дәрежеде қатысуы туралы шешім көптеген жағдайларға байланысты: елдегі әлеуметтік әділеттілік критерийлері мен әлеуметтік әділеттілік туралы идеялар (мысалы, ақы төленбейтін әлеуметтік күтім қызметтерін барлығына немесе тек аз қамтылғандарға беру керек пе деген қоғамдық пікір), әлеуметтік қамқорлыққа мұқтаж адамдар тобынан (әлеуметтік қауіп-қатер тобындағы балаларға, әсіресе мүгедектіктің ауыр түрлерімен ауыратын адамдарға әлеуметтік қамқорлық қызметтері, әдетте, тегін), тегін әлеуметтік қызметтерді және т.б. мемлекеттің экономикалық қабілетіне орай ұсынылады. Мақсаты: Қазіргі жағдайда әлеуметтік қызмет көрсетудің оңтайлы шетелдік тәжірибені зерттеу. Мемлекеттің әлеуметтік саясатты іске асырудағы үстем орган ретіндегі рөлін айқындау. Әдістер: Зерттеу жүйелі тәсіл принциптеріне негізделген. Сондай-ақ, мақала жазу кезінде танымның диалектикалық әдісі, ғылыми жалпылау және жіктелім әдістері, салыстырмалы талдау әдісі қолданылды. Нәтижелері және олардың маңыздылығы: Әлеуметтік қызметтерді ұсыну кезінде шетелдік тәжірибенің негізгі мақсаттары мен міндеттерін айқындауды ескере отырып жүйелеу және қорыту, соңғы екі онжылдықта дамыған елдерде әлеуметтік қорғау саласында болып жатқан өзгерістер нарықтық қатынастардың үстемдігіне негізделген әлеуметтік көмекті ұйымдастыру моделі көптеген елдерде жұмыс істейтінін көрсетеді. Иерархиялық модель шеңберінде әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыру жауапкершілік пен мемлекеттік функцияларды тіке бөлуге негізделген, ал мемлекет әлеуметтік қызмет көрсетуге және мемлекеттік немесе мемлекеттік емес күтім мекемелерін қаржыландыру кезінде монополиялық құқыққа ие. Алайда, соңғы онжылдықта әлеуметтік көмек қызметтері нарық қатысушыларынан сатып алынды және мемлекет емес, әлеуметтік көмекке мұқтаж адам қаржыландырды. Алайда, мұндай нарық таза емес, өйткені мемлекет қызметтерді сатып алуға да, бағаға да қатысады.

Мақала ашу
Журналдың шыққан жылы: 2022
Журнал нөмірі: 1(85)