Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Болашақ математика мұғалімдерінің әдістемелік біліктіліктерін қалыптастыру үдерісін жетілдірудің негізгі бағыттары

Аңдатпа:

Негізгі мәселе: мақалада «біліктілік» ұғымының әдістемелік аспектісіне сүйене отырып, педагогикалық ЖОО-да болашақ математика мұғалімдерінің әдістемелік біліктілігін қалыптастыру және кәсіби дайындықты жетілдірудің негізгі бағыттарын талдау және осы мәселе бойынша жеке тұлғаның өзіндік ұстанымын қалыптастыру. ЖОО-ғы геометриялық пәндерді сапалы оқытуға және оқу үдерісін ұйымдастырудағы әдіснамалық және мазмұндық әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы қол жеткізуге болады. Білім беру үдерісінің белгілі бір құрылымын жасап, әдістемесі мен оқыту құралдарын анықтай отырып, пән мазмұнын мұқият таңдау педагогиканың нақты принциптермен анықталды. Негізінде бұл принциптер бүгінгі педагогиканың өзекті жетістіктері болып табылады және олар жүйелі түрде өзгеріп тұрады. Дидактикалық принциптердің қолданыстағы жүйесін біртіндеп өзгерту және ауқымын кеңейтуге болады. Мақсаты: педагогикалық ЖОО-да болашақ математика мұғалімдерін геометриялық есептерді шығаруға және оны оқытуға әдістемелік даярлығын жетілдірудің негізгі дидактикалық принциптерін таңдау және ғылыми-әдістемелік негізін ұсыну. Әдістері: ғылыми-әдістемелік тұрғыдан геометрияны оқыту бойынша тәжірибелі мұғалімдер мен әдіскерлерден сұхбат және сауалнама алу, оқу бағдарламасы мен мазмұнын талдау, оқу үдерісіне педагогикалық бақылау мен диагностика жасалды. Өзіміздің ұсынған әдістердің тиімділігін тексеру мақсатында педагогикалық эксперимент жұмыстары жүргізілді. Нәтижелері және олардың маңыздылығы: педагогикалық ЖОО-ның мақсаты практикалық және әдістемелік мәселелерді өздері шеше алуға қажетті білімдермен қаруланған білікті мұғалімдер дайындау. Бұл болашақ математика мұғалімдерін дайындаудың барлық жүйесіне, мектептегі білім берудің әдістемесіне, оның ішінде әрбір болашақ математика мұғалімдеріне қажетті математикалық білім деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін геометриялық білім беруге де жаңа міндеттер қойып отыр. Сондықтан, педагогикалық ЖОО-да геометрияны оқытудың негізгі дидактикалық принциптері құрылып негізделген. Оның құрамына болашақ математика мұғалімнің оқытудың инновациялық әдістерін меңгеру пирнципі мен оқытудың жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды меңгеру принципі енгізілген. Зерттеу жұмысының нәтижелерін ЖОО-да геометрия курсын оқытудың кәсіби бағыттылығының теориялық негіздерін әрі қарай зерттеу үшін әдіснамалық негіз ретінде қолдануға болады.

Мақала ашу
Журналдың шыққан жылы: 2022
Журнал нөмірі: 4(88)