Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Электрондық оқу құралдарын әзірлеу технологиясының әдістемелік аспектілері

Аңдатпа:

Бүгінгі таңда ақпараттық технологияларды кеңінен енгізу үрдісі қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі уақытта адам қызметінің әртүрлі салаларына, соның ішінде білім беру саласына айтарлықтай өзгерістер енгізілуде. Осы мақаланың авторы осыған сүйене отырып, қазіргі заманғы оқу процесін ақпараттандырудың өзекті және перспективалы бағыттарының бірі болып табылатын және электрондық оқу құралдарын жасаудан тұратын өзекті мәселені қарастырды. Ғалымдар С.С. Сысоева, В.М. Кухаренко, А.И. Башмакова, Т.И. Коваль, Е.С. Полат, А.Ю. Уваров, П.И. Сердюков, А.А. Андреевтің электронды оқу құралдарын әзірлеу бойынша талаптары бар жұмыстарына талдау жүргізілді.Жүргізілген талдау қорытындылары бойынша ғылыми мақалада электрондық оқу құралдарын әзірлеу кезеңдері, бұл ретте сақталуы тиіс қағидаттар сипатталған, сондай-ақ электрондық оқу құралы жасалуы тиіс модульдердің қажетті тізбесі келтірілген. Қолданыстағы бағдарламалық жасақтама кешендерінің ішінен автор CourseLab, Smart Builder, MOS Solo, Google сайттары, iSpring Suite, TurboSite, Adobe Animate, HTML5-ті бөліп көрсетеді. Автор ұсынған технология бойынша электрондық оқу құралдарын әзірлеу және оларды кейіннен білім беру үрдісіде қолдану білім алушылардың оқу-танымдық қызметін неғұрлым тиімді деңгейде ұйымдастыруға көмектеседі. Мақсаты – қолданыстағы талаптарды ескере отырып, электрондық оқу құралдарын әзірлеу технологиясының сипаттамасы. Мақалада талдау, синтез және дедукция әдістері қолданылды. Электрондық оқу құралдарын әзірлеу талаптары мен принциптерін талдау сипаттамалық-аналитикалық әдіс негізінде жүргізілді. Зерттеу нәтижелері ақпараттың үздіксіз өсіп келе жатқан ағыны мен білім алушыларда оны игеру мүмкіндіктерінің шектелуі арасындағы қайшылықты шешуге ықпал етеді. Оқу үрдісінде электрондық оқу құралдарын саналы түрде пайдалану оқытудың қолданылатын әдістері мен әдістемелерін білім алушыға қарай өзгерту арқылы білім беру сапасын арттырудың негізгі әдістерінің бірі болып табылады.

Мақала ашу
Журналдың шыққан жылы: 2022
Журнал нөмірі: 4(88)